Баяндама «Балабақшада мемлекеттік тілді меңгеруде қолданатын әдіс-тәсілдер мен технологиялар»



бет3/4
Дата06.02.2022
өлшемі53 Kb.
#63944
1   2   3   4
Күтілетін нәтиже:
Естияр топтарының балалары тірек сызбалардың көмегімен 7-8 сөзден құралатын сөйлемдерді, ал мектепке дейінгі топтар диалог, монологтарды еркін құрай алады:
Жаңа сөздер тез меңгере алады;
Мемлекеттік тілге деген қызығушылықтары арта түседі:
Әрбір сабақ қызықты өтеді;
Әрбір баланы жан-жақты тани аламын;
Бала өзіне тән тапсырмаларды орындай алады;
Осы мақсат пен міндеттерді негізге ала отырып, өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретуде тек қана жаңа сөздерді қайталау арқылы үйретпей, оларды ойындар мен көрнекіліктер арқылы үйреткен тиімді. Ойын мен көрнекілік- балалардың тілді үйренуге деген сенімін оятады. Солардың арқасында балалар белсенді жұмыс істер, бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тыңдап, өздерін және бір- бірін бағалайды, ал мұғалім тек бағыттаушы болады. Ойын мен көрнекіліктердің түрлері әр қилы. Ойын түрлері: дидактикалық ойындар, сюжеттік- рөлдік ойындар, қимылды ойындар, драматизациялық ойындар. Көрнекіліктер де әр түрлі : тірек сызбалар, қима қағаздар, сюжеттік суреттер, пәндік суреттер, логикалық тапсырмалар, ойыншықтар. Өзге ұлт балаларына мемлекеттік тілді тірек сызбалар мен ойын арқылы байланыстыра отырып үйреткен жөн. Естияр тобында сөз тіркесі немесе екі-үш сөйлемнен құралатын тірек сызбалар болса, ересек тобында төрт, бес және алты сөзден құралатын сөйлемдер, ал даярлық тобында алты немесе одан да көп сөздерден құралатын сөйлемдер және әңгімелер, диалогтар .
Мысалы: « Қазақстан Республикасы» атты тақырыпты алатын болсақ, естияр тобына зат есім мен қоса сын есімдерді, яғни сөз тіркестерін, шағын сөйлемдерді үйренеді.Қазақстан Республикасы- әдемі, кең, үлкен, жарық, таза. Ересек тобына сөз тіркесімен қоса зат есім, сын есім, етістік сөйлемдерді меңгереді. Қазақстан Республикасында рәміздер бар. Олар Ту, Елтаңба, Гимн. Қазақстан Республикасы бай мемлекет. Қазақстанда биік таулар, ну ормандар, үлкен қалалар, таза өзендер, әдемі ауылдар бар.
Даярлық тобына сөйлемдермен зат есім, сын есім, етістік қоса шағын әңгіме, диалогтар құрады. Мен кең Қазақстан Республикасында тұрамын. Мен әдемі, таза Қазақстан Республикасын жақсы көрем-деген сөйлемдерді бүлдіршіндер тірек сызбалар арқылы құрастырады. Балаларға тірек сызбалар арқылы сөйлемдер құрастырту тіл байлықтарын дамыту орасан зор септігін тигізеді. Тірек сызба жаңа тақырыпты жеңіл түсінуге, есте сақтап қалуға көмектеседі.Баланың ойы жылдам дамиды, сөздер жеңіл есте сақталады, зеректігі тәрбиеленеді, зейіні мен жұмыс жасау қабілеті жоғары деңгейде болады. Тірек сызбалар арқылы балалар жаңа тақырыпты тез және тиянақты түсініп алады. Қазақ тілі сабағы балалар үшін өте қызықты өтеді.
Мысалы: Мектепке даярлық тобында ТРИЗ элементтерін қолдана отырып « ағаштар» тақырыбына сабақ өткіздім. ( практикалық түрінде сабақ)
Мақсаты: Ағаштардың белгілерін ажырата білу білімдерін жүйелеу;
Салыстыру мен жалпылауды дамыту; айырықша белгілерін анықтай білу дағдыларын қалыптастыру; логикалық ойлау қабілеті мен зейінін жетілдіру.
Қазақ тілі сабағында балалардың сөздік қорын дамыту үшін мынандай әдіс-тәсілдер қолданамын. Олар: Драматизация әдісі, байқау әдісі, түсіндіру әдісі, тест әдісі, әңгіме әдісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет