А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті
Баяндама
Тақырыбы: Ажырасудың әлеуметтік
себептері
Орындаған: Нурпеисова Асем
Тексерген: Қабул О.Қ.
Қостанай 2023
Кіріспе
Отбасы-адам өмірінің ең басты құндылығы. Қос ғашық бір-бірімен үйлесім
тауып, шаңырақ атты киелі ұғыммен отбасын құрады. Ары қарай,
жұптасып, үбірлі-шүбірлі болып ғұмыр кешеді. Бұрындары қазақ халқы
отбасын ең бірінші орынға қойған, ажырасу деген мүлде болмаған,
керісінше, жесір әйелдерді жалғыз қалмасын, балалары жетімсіремесін деп
әйелдікке алып отырған. Ер адам азығын түзден іздеп, әйел кісілер босағаны
күзетіп қалған.
Заман дамып, өзгерген сайын адамдардың, жалпы қоғамның көзқарасы
мен құндылықтарға деген қарым-қатынасы өзгерді. Қазір ажырасу-
әлеуметтік проблемаға айналып, енді қоғамда қалыпты жағдай ретінде
қабылдана бастады. Кез-келген проблеманың ушығуы, шиеленісуі-қоғамда
оған деген қалыпты көзқарастың тууына әкелетіні сияқты ажырасу да
осындай деңгейге жетті. Қазақстанда ажырасу ең көп тіркелетін аймақтарға
Павлодар облысы (53%), Қостанай облысы (51%), Солтүстік Қазақстан
облысы (50%) жатады.
Жалпы ажырасу көрсеткішінің осыншалықты өсуі бірнеше факторларға
тікелей байланысты. Ең бірінші, ол елдің экономикалық даму жағдайы мен
қоғамның әл-ауқаты мәселелері. Қоғам арасында ажырасудың басты себебі
ретінде есептелетін кең таралған пікір: "Жастардың үлкен өмірге
дайындықсыз келетіндігі". Қазіргі заманауи қоғамда әйелдер құқықтары,
бостандықтары,
бұрынғымен
салыстырғанда
әлдеқайда жоғарылаған. Жылдар бойы біршама түнекте өмір сүрген
әйелдерге, білім алуға, мансап жасауға, ары қарай сол жолда тұрмыс құрмай
кете беруге- барлығына толық мүмкіндік бар. Бұрын отбасы үшін, бала-
шағасы үшін шыдап, қиналып күйеуімен айырыласпайтын әйел бұл заманда
өзі үшін де өмір сүруге болатынын түсінді. Әйелдер ғана емес, ер адамдар
да, жалпы қоғамда менмендік көзқарас басым болып бара жатқанын
байқауға болады. Бұл-дұрыс емес деп кесіп айта алмаймыз. Себебі, басқаша
жағынан алып қарасақ, ажырасу- бір-бірімен сыйыспайтын, ұрыс-керісі
таусылмайтын, біріне-бірі сәйкес келмейтін, көзқарастары мен өмірлік
құндылықтары бір арнаға тоғыспайтын екі адамға бостандық пен еркіндік
беру, жандарына тыныштық сыйлау.
Ажырасудың басты себептері мыналар:
1. Тұрмыстық зомбылық;
2. Ер не әйелдің ішімдікке салынуы;
3. Ер не әйелдің есірткіге салынуы;
4. Күйеуі не әйелі жұмыссыз;
5. Жұбайлардың өмірге деген көзқарастары сәйкес келмеуі;
6. Күйеуі не әйелі некеге дейін бірін-бірі ұнатпаған, некеден кейін де ұната
алмаған;
7. Көзге шөп салу;
8. Материалдық қиындықтар;
9. Бедеулік.
Сонымен қатар, біздің елімізде ажырасудың себептерін ата-енемен тұру
мен күйеу жақтың туған-туысқандары арасындағы қарым-қатынастар
шиеленісімен т.б толықтыруға болады. Бүгінде қазақ отбасыларында
келіннің ата-енесімен бірге тұруы қалыпты жағдайға айналғанын көреміз.
Осы орайда баласын аялап өсірген ана яғни қыздың енесі ұлын қызғанады
немесе басқа да себептермен келініне күн көрсетпейтіні сияқты шиеленісті
жағдайлар орын алады. Жігіттің ата-анасымен тұрған соң міндетті түрде
арада түсініспеушілік, ұрыс-керіс болады. Кейбір ата-енелер екі жастың
арасына түсіп те жатады. Немесе керісінше әйел күйеуіне таңдау жаса деп
тікесінен ултьиматум қояды. Бұл- Қазақстандағы ажырасудың бірден-бір
кеңінен таралған себебі. Одан кейін – алып қашу мәселесі бір бөлек. Өздері
жақын таныс емес немесе қыздың ырқынсыз алып қашып ақырында
ажырасып жататын мысалдар аз емес. Бұл да еліміздегі ажырасу дертінің
себептерінің бірі. Ажырасу кезінде қатты зардап шегетін жақ- балалар. Ата-
аналары ажырасқан балалар өмірдегі қиындықтарды екі есе ауыр өткереді.
Психологиялық, жүйке ауруларына жиі ұшырайды. Отбасының дәстүрлі
құндылықтары сақталмаған соң, ерлі-зайыптылар ажырасып олардың
артында «махаббатты, жылулықты сезінбеген», толыққанды отбасы деген
ұғымның не екенін түсінбейтін балалар қалады. Ал бұл балалар үлкен
өмірге қадам басқанда өз өмірлеріне де осы науқанды әдетке
айналдыратыны дәлелденген. Мұндай отбасылардан өскен балалар
толыққанды жеке тұлға болып қалыптасу кезінде түрлі қиындықтарға бой
алдырып, шын мәнінде есеймеген бала күйінде қалады.
Ажырасудың алдын-алу. Көп жағдайда дұрыс құрылмаған қарым-
қатынас
пен
отбасының
ойрандалуы-
тікелей
өзімізге,
серігімізге/жұбайымызға, тағдырымызға байланысты деп кінәлаймыз.
Негізінен ажырасудың алдын-алу - қарым-қатынасты дұрыс құрудан
басталады. Отбасын құру оңай шаруа емес, сондықтан оған үлкен
дайындықпен келу қажет. Психологтардың айтуынша, ажырасудың шектен
тыс көбеюі- адамдардың өмірлік серік таңдағанда оның жан-дүниесіне
үңілмей, сыртқы факторларға қарап қана бағалап таңдауынан болады.
Сонымен бірге, жастардың материалдық қиындық көріп, оған шыдамай
жататындықтары да – басты себептердің бірі. Демек, дайындық болуы
керек.
Осы орайда психологтар ерлі-зайыптыларға мынадай ұсыныстарды
ұсынады:
-Бір-біріңізге ауыр сөздерді айтудан аулақ болыңыз. Себебі ондай сөздер,
қылықтар кешіріледі, бірақ ұмытылмайды.
-Проблемаларыңыз бен қиындықтарыңызды үнемі бір-біріңізге жүктеуден
қашыңыз. Адам- шағымнан, жылап-сықтаудан, күн сайынғы сіздің
құрбандықтарға барып жатырмын деген міндетсінулеріңзден тез жалығады,
шаршайды.
-Компромиске келу. Отбасы-бұл бір шаңырақ. Түсіністік танытатын кезде,
жаңдайға кіруге, барлығы ой елегінен өткізіп екеуіңізге де пайдалы
болатындай шешім жасауға болады. Егер біріңіз құрбандыққа бару керек
болсаңыз, барыңыз. Ол сіздің отбасыңыз үшін жасалатын қадам.
-Ренішіңіз болса, өкпеңіз қара қазандай болғанша үндемей жүре бермей,
жұбайыңызға білдіртіңіз, айтыңыз. Сөйлесу мен әңгімелесу жоқ жерде-
дұрыс отбасын құру деген бос иллюзия. Себебі неке- ұзақ әңгімелесу.
«Отбасы шағын мемлекет» десек, демек ол «үлкен» мемлекеттің тұғыры,
діңі, фундаменті. Оның ұйытқысы отағасы немесе отанасы болып қандай
жағдай болса да, отбасы мүшелері өмірдің романтикаға толы немесе
кинодағыдай болмайтынын, оның өзіндік бейнеті мен жетілікті
проблемалары барын оған төзіп, сабыр ете білу керектігін естен шығармау
керек. Отбасы мәселелдерін көп жылдардан бері зерттеп келе жатқан
психолог Дан Уайл «ғұмыр бойы бірге өмір сүретін жұбыңызды тапқанда
сонымен бірге ұзақ жылдар бойы шешімі табылмайтын қиындықтарға да
тап боласыз» деуі негізсіз емес. Бұл жерде адам тағдыры мен қоғам
тағдыры тығыз байланыста. Тұғыры мықты болса мемлекетіміз де мықты.
Ажырасудың проблемалық жоғары деңгейге жетуі, некенің институт
ретіндегі ыдырауы да жалпы отбасының дағдарысы емес.
Қорытынды:
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі
дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің
сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен
танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы – баланың азамат
болып өсуінің негізі.
Отбасы - түсіністік пен құлақ салу деп те айтуға болады. Сондықтан ашуға
салмай, ақылға салынып шешім қабылдау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |