Бизнес-жоспардың мақсаты, міндеттері және мазмұны.
Кез келген бизнес жоспардың мақсаты уақыттың біраз интервал шегінде осы берілген кеңістікте жеткен, яғни "осы жерде және қазір" қызметтің қалаған нәтижесі болып табылады.
Бизнес-жоспардың міндеті бұл- мақсатпен анықталған нәтиженің параметрлерін немесе сандық деректердің жиынтығымен сипатталатын бизнестің экономикалық орындылығын, техникалық мүмкіндігін, кәсіпкерлік (коммерциялық) ұсыныстың концепциясын дәлелдеу.
Сонымен бірге инвестициондық бағдарламаны дәлелдеу, жобалық ұсынысты іске асыру барысында қаржылық, ұйымдастырушылық саясатты қалыптастыру, маркетингтің стратегия жұмыстарын, нарық конъюнктураларын болжау негізінде ең үлкен экономикалық әсер алу шарттары ескеріледі.
Бизнес-жоспарда келесі нақты міндеттер шешіледі:
муниципалдық органдардың талаптары, шектеулері, нормативтері, құықтық аспектілері анықталады;
алғашқы материалдың талдауы беріледі: ахуалдық жоспардың, бизнестің техникалық жағдайының көрсеткіштері (егер жүріп тұрған бизнес сатып алынса), әлеуметтік шарттар мен халықтың демографиялық құрамы және т.б.;
осы бизнестің дамуы мен ұйымдастыруына, компенсациялық төлемдерге, және айырылып қалу пайдасына байланысты мүмкін болатын шығындардың мөлшерлері қарастырылады;
мүмкін болатын нұсқалардың талдауымен бірге жаңа бизнестің жобалық ұсынысының инвестициондық бағдарламасы қалыптасады;
жобалық ұсынысты іске асыру формалары мен шарттары анықталады;
осы территорияда қалыптасқан кәсіпорындармен тауарды шығару шарттарын, олардың пайда алуын, және де бюджетке қаржылық түсімдер (салықтар, жиындар, төлемдер және басқалар) болжамдалынады;
жобалық ұсыныстың экономикалық, коммерциялық және бюджеттік әсердің көрсеткіштері, және де оның әлеуметтік және экологиялық нәтижелілігі анықталады;
маркетинг стратегиясы жасалады;
объектінің қызмет етуін ұйымдастыру мен қаржыландыру жоспары қалыптастырылады;
бизнестің даму шарттары, формалары, мерзімдері анықталады;
сақтандыру шарттары және коммерциялық тәуекелдердің типтері анықталады;
резюме, жобалық ұсыныстың параметрлері, көрсеткіштері, негізгі сипаттамалар жиналған түрде мазмұндаланады, оның артық жері, алынатын кірістер, инвестициондық және пайдаланымдық шығындар, олардың қаржыландыру көзі бойынша құрылымы, бюджеттік емес қорлар мен қалалық бюджетке қаржылық түсімдердің мөлшерлері мен мерзімдері дайындалады.
Әр түрлі ағымдағы,тіпті дәл мезгілімен қабылданатын шешімдер жоспарлауды алмастырмайды, шешім қабылдаумен салыстырғанда ол өз алдында ең биік тәртіптегі басқару қызметін көрсетеді, нарықтық экономиканың қарқынды өзеніне кәсіпорынның қозғалысын бағыттайтын компас ретінде қызмет етеді.
Формалды жоспарлау, әрине белгілі әрекеттерді талап етеді. Бірақ ол аз емес пайда әкеледі: біріншіден, ол бастықтарды оқиғадан оқиғаға дейін, бір күнмен өмір сүруге емес, болашақты ойлауға мәжбүрлейді; екіншіден, әрекеттердің айқын үйлесімділігіне әкеледі; үшіншіден, бақылауға берілетін қызметтің негізгі көрсеткіштерін құрады; төртіншіден, кәсіпорынға өз міндеттерін айқын анықтауға мәжбүрлейді; бесіншіден, жағдайдың кенеттен өзгеруіне дайындалуға, болатын өзгерістерді алдын-ала көруге мүмкіндік береді; алтыншыдан, барлық қызмет адамдарының міндеттемелерінің өзара байланысын көрнекі көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |