Баяндама Тақырыбы: «Дыбыс айту бұзылысын түзету әдістемесі»



Дата08.06.2018
өлшемі58,5 Kb.
#42108
Облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған

мектеп-интернат-кешені



Баяндама


Тақырыбы: «Дыбыс айту бұзылысын

түзету әдістемесі»

Дайындаған: А.Х. Куспанова,

мұғалім-логопед

Орал
Облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған



мектеп-интернат-кешені
Баяндама

Тақырыбы: «Дыбыс айту бұзылысын түзету әдістемесі»

Дайындаған: А.Х. Куспанова, мұғалім-логопед

Дыбыс айту бұзылысын түзету ұзақ әрі күрделі үрдіс болып табылады. Дыбысты дұрыс айтуға бағытталған жұмыс барысында жаңа шартты байланыстарды меңгерудегі қиыншылықтар, барлық ойлау процестерінің әлсіздігі сияқты психикалық дамуы тежелген балаларға тән қиыншылықтар орын алады. Психикалық дамуы тежелген балаларда дыбысты сөйлеу тіліне енгізу, яғни дыбысты машықтандыру үрдісі өте ұзаққа созылады. Осыған байланысты логопедиялық жұмыс барысында қойылған дыбысты түрлі жағдайларда сөйлеу тіл қарым-қатынасы барысында өндеуге аса назар аударылуы тиіс.

Дыбыс айту бұзылысын түзету барысында танымдық қызмет, анализ, синтез, салыстыру сияқты дағдылардың дамуы жүзеге асырылады. Дыбыс айту бұзылысын түзету жұмыстарының барлық кезеңдерінде салыстыру тәсілі кеңінен қолданылады. Мысалы, дыбысты қою кезеңінде дыбыстың дұрыс және дұрыс емес айтылу қалпы салыстырылады. Дыбысты машықтандыру кезеңінде фонетикалық жағынан алыс дыбыстармен салыстырылады. Кейін дыбыстарды ажырату кезеңінде өңделген дыбыстарды фонетикалық жақын дыбыстармен сәйкестендіру жұмыстары жүргізіледі. Дыбыс айту бүзылысын түзету процесінде дыбыстар санына байланысты түрлі сөздер, өңделген дыбыстың сөздегі орны бойынша талданады.

Жалпы және сөйлеу моторикасын дамытуға, естіп қабылдауын, назарын, есте сақтауын және дыбыс айту бұзылысының негізінде жатқан барлық процестерді қалыптастыруға аса назар аударылады.


Дайындық кезеңі
Дыбыс айту бұзылысын жоюда дайындық жұмысы көбінесе 1 сыныпта жүргізіледі. Бұл кезеңде жалпы, қол, сөйлеу тіл моторикасын, естіп қабылдау, назар, гнозис пен мнезисін дамыту жұмыстары жүргізіледі. Психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілінің просодикалық компоненттерінің ерекшеліктерін ескере отырып осы кезеңде сөйлеу тіл кезінде дұрыс демалу, ұзақ бірқалыпты дем шығаруды қалыптастыру бойынша да жұмыс жүргізіледі.
Дыбысты қою кезеңі
Мақсаты: баланың артикуляциясын қалыптастыру, дыбысты жеке дұрыс айтуға үйрету. Артикуляцияны көру арқылы қабылдап, дыбыстың кинестетикалық бейнесін қалыптастыру. Сөйлеу тілін дамыту, фонематикалық анализін қалыптастыру, артикуляциялық моторикасын дамыту.
Дыбысты қою кезеңінде лоопедиялық жұмыс келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  1. Сөйлеу тілін қабылдауын дамыту.

  2. Фонематикалық анализін қалыптастыру.

  3. Артикуляциялық моторикасын дамыту.

  4. Дыбысты қою бойынша жұмыс.




  1. Сөйлеу тілін қабылдауын дамыту:

Буындарды айтуға еліктеу тапсырмаларын қолдану арқылы жүреді. Дауыссыздар қатар келген буындар ұсынылады (тек дыбыстарды дұрыс айтқан жағдайда ғана). Мысалы, «с» дыбысын қоярда мына буындарды қайталау ұсынылады: трит, ртух, трен, кром. Алайда бала р-р дыбыстарын дұрыс айтуы тиіс.


  1. Фонематикалық қабылдау, анализ бен синтезін дамыту:

Өңделіп жатырған дыбысты сөзден бөліп алу білігін қалыптастыру, оның орның анықтау, басқа дыбыстардан ажырату бойынша жұмыс жүргізіледі. Мысалы, «ш» дыбысын қоярда келесі тапсырманы беруге болады: сөзден «ш» дыбысын естісең жалаушаны көтер; «ш» дыбысы атауында бар суреттерді бөліп алу, «ш» дыбысының сөздегі орның анықтау (басында, ортасында, аяғында): шал, моншақ, қарындаш, шаш). Сөйлеу тілінің фонематикалық жағын меңгеру деңгейіне байланысты фонематикалық анализдің күрделі түрлерімен де жұмыс жасауға болады. Мысалы, балаларға «ш» дыбысы сөзде нешінші тұрғаның анықтау ұсынылады (шана, ағаш, шанышқы, шаш). Сөздің графикалық сызбасын салып, «ш» дыбысын белгілеу ұсынылады.


  1. Сөйлеу тіл моторикасын дамыту. (артикуляторлық қимыл-қозғалыстың кинестетикалық және кинетикалық негізі)

Бірінші сыныпта бұл кезеңде сөйлеу тілдік демалу дағдыларын бекіту,дауысын дамыту, артикуляторлық қимыл-қозғалысын дамыту бойынша жұмыс жалғасады.

Артикуляциялық моторикасын дамыту артикуляциялық гимнастика түрінде жүргізіледі. Артикуляциялық гимнастика дыбыстарды дұрыс айтуға дайындайтын тіл, ерінге арналған белгілі жаттығулар кешенінен құралады. Артикуляциялық гимнастииканың мақсаты артикуляторлық қалыптың әрбір элементін өңдеу болып табылады. Мысалы, «ш» дыбысы үшін-еріндер түтікше жасайды, жалпақ тіл, бүйір жақтары көтеріңкі, тілдің ортаңғы жағы түсіңкі, тілдің ұшы көтерілген, тілдің пішіні кесеге ұқсайды.

Артикуляциялық жаттығулардың кешені дыбыстың қалыпты артикуляциясымен немесе дефекттің сипатына қарай анықталады. әрбір дыбыс үшін артикуляциялық жаттығулардың белгілі жүйесі ұсынылады. Мысалы, «р» дыбысын қою үшін тілдің ұшын жоғары көтеруге, оны қозғалтып дірілдеуіне бағытталған артикуляциялық жаттығулар қажет, ал бұл «с» дыбысын қоюға мүлдем қажет емес.

Дыбыстарды дұрыс айтуға дайындайтын артикуляциялық жаттығулар кешенімен жұмыс.

Артикуляциялық жаттығулар еліктеу арқылы айнаның алдында санақ бойынша жүргізіледі. Егер жаттығуларды орындай алмаса, онда механикалық көмек қолданылады. Кейін қимыл-қозғалысты пассивті (баяу) орындаудан белсенді (активті) іс-әрекетке көшеді.

Қимыл-қозғалыстың жеткілікті көлеміне, артикуляциялық мүшелердің қалпын белгілі уақытқа дейін ұстап тұру біліктілігіне, бір қимылдан екінші қимылға ауысуыңа көңіл бөлінеді.

Қимыл-қозғалыстың бөлек элементтерін өңдегеннен кейін ол бірігіп, біртұтас артикуляциялық қалыпты құрайды.


  1. Дыбысты қою бойынша дұмыс.

Дыбысты қоюдың негізгі тәсілдері келесілер:

  • Еліктеу бойынша-есту бейне, артикуляцияны көріп қабылдауға сүйену бойынша. Бұл балаларда еліктеу жеткілікті дамығандығымен байланысты. Алайда еліктеу арқылы дыбыс жоқ болған кезде қою сирек кездеседі.

  • Қосымша құралдарды пайдалану арқылы қоюдың механикалық тәсілі. (шпатель, зонд). Механикалық көмек арқылы артикуляциялық мүшелерге белгілі қалып сақталады. Мысалы, «с» дыбысын ерін-тістік айту кезінде төменгші ерінді саусақтың көмегімен төмен қарай итереді.

  • Механикалық көмексіз дұрыс айтылатын басқа дыбыстардан қою. Мысалы, «с» дыбысын «и» дыбысынан қоюға болады. «И» дыбысын айтып, тілдің арқасына үру ұсынылады.

  • Артикуляциялық қалып арқылы дыбысты қою. Мысалы, «ш» дыбысын «кесе» жаттығуынан қоюға болады. Балаға ауыздан тілін шығарып, «кесе» жаттығуын жасап, кейін оны ауыздың ішіне кіргізіп тілін үруді ұсынады.

  • Түрлі тәсілдер қолданылатын дыбысты қоюдың аралас тәсілі.



Дыбысты машықтандыру кезеңі.
Мақсаты: _ дыбысын буынға, сөзге, сөйлемге, байланыстырып сөйлеу тіліне енгізу. Дұрыс және дұрыс емес артикуляциялық қалыпты ажырату біліктілігін дамыту. Дыбысты сөзден бөлу, оның орның анықтау қабілеттілігін арттыру. Сөздің дыбыстық құрамын тез және нақты анықтау біліктілігін жетілдіру. Сөз қорын молайту, оны жүйелендіру, сөйлеу тілдің грамматикалық қатарын қалыптастыру. Сөйлеу тілінің просодикалық жағымен жұмыс.
Физиологиялық тұрғыдан дыбысты машықтандыру кезеңі шартты-рефлекторлық сөйлеу қимыл-қозғалыстың байланыстарды түрлі сөйлеу тілдік материал негізінде бекітуді анықтайды. Қойылған дыбыс әлі әлсіз, шартты-рефлекторлық байланысты бекітусіз тез бұзылуы мүмкін. Дыбысты машықтандыру дегеніміз оны буынға, сөзге, сөйлемге, байланыстырып сөйлеу тіліне енгізу болып табылады. Дыбысты айтуында кемшіліктері бар балаларда сөздерді, сөйлемдерді қате айту стереотиптері бекітілген. Дыбысты машықтандыру дұрыс және дұрыс емес артикуляциялық қалыпты ажырату біліктілігін қажет етеді. Ол жеңілден күрделіге, қарапайымнан күрделіге принціпі бойынша жүзеге асырылады.

Алдымен, дыбысты буынға қосу бойынша жұмыс жүргізіледі. Буын-ең қарапайым сөйлеу тіл бірлігі. Сонымен қатар буындардың мағынасы жоқ.



Сөздерде дыбысты машықтандыру буындарға сүйеніп жүргізіледі. (ба-ла). Сол дыбыс сөздің басында, кейін ортасында, аяғында келетін сөздермен жұмыс жасалады. Алдымен, дыбыс буындық құрамы қарапайым, кейін дауыссыздармен қатар келген сөздерде машықтандырылады.

Кейін дыбыс сөз тіркестерінде, өлеңдерде, сөйлемдерде, байланыстырып сөйлеу тілінде машықтандырылады. Алдымен, дыбыс аз көлемдегі сөйлемде беріледі, кейін сол дыбыс көп көлемдегі сөйлеу тіл материалында машықтандыру жүргізіледі.

Осы кезеңде дыбыстық анализ бен синтездің күрделі формасымен, дыбысты сөзден бөлу қабілетін қалыптастыру, оның орның анықтау (қай дыбыстан кейін, қай дыбыстың алдында екенін) бойынша жұмыс жүргізіледі. Бұл жұмыс машықтандыру процесіне әсерін тигізеді. Сөздің дыбыстық құрамын нақты және тез анықтау біліктілігі машықтандыру кезеңінің дұрыс және жылдам өтуіне қажет болып табылады. Психикалық дамуы тжелген балалар үшін дыбыстарды машықтандыру өте қиын, өйткені олар сөздегі дыбыстың орның анықтай алмайды. Ал, егер бала дыбыстың сөздегі орның нақты білмесе, онда артикуляциялық мүшелерін дыбысты дұрыс айтуға уақытында дайындай алмайды, әсіресе дыбыс сөздің ортасында немесе соңында болған жағдайда.

Дыбыстарды машықтандыру барысында сөйлеу тілінің просодикалық жағымен жұмыс жүргізіледі: буында және сөзде дыбысты машықтандыу кезінде екпінмен, дыбысты сөйлемде машықтандыру барысында логикалық екпінмен, дыбыстың айтылуын сөйлемде, байланыстырып сөйлеу тілінде бекіту барсында интонациямен жұмыс.

Сөйлеу тілінің фонетико-фонематикалық жағының дамуына байланысты дыбыстарды машықтандыру кезеңінде сөз қорын молайту, оны жүйелендіру, сөйлеу тілінің грамматикалық қатарын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіледі.
Дыбысты ажырату кезеңі
Сөйлеу тіліндегі дыбыстарды ажырату кезеңі дыбыс айту бұзылысын түзетуде міндетті кезең болып табылады.

Дыбыстарды ажырату жұмысы келесі бағыттарда жүзеге асырылады: естіп ажыратуын дамыту, айтып ажыратуын бекіту, фонематикалық анализ бен синтезін қалыптастыру.

Әсіресе, фонетикалық жақын дыбыстарды (жуан және жіңішке, үнді және үнсіз, ызың және ысқырық) ажырату жұмысын жүргізу маңызды. Дыбыстарды ажыратудың келесі кезектілігі анықталды: б-п, д-т, г-к, з-с, ж-ш, с-ш, з-ж, ц-с, ч-т, ч-щ.

Шатастыратын дыбыстарды ажырату бойынша лоопедиялық жұмыс екі кезеңнен тұрады: 1. Шатастыратын дыбыстардың әрқайсысымен жүргізілетін дайындық кезеңі. 2. Шатастыратын дыбыстарды естіп және айтып ажырату.



Бірінші кезеңде шатастыратын дыбыстардың әрқайсысының есту және айту бейнесі нақтыланады. Жұмыс келесі жоспар бойынша жүргізіледі: а) кинестетикалық сезім, көру, есту, тактильдік қабылдауға сүйене отырып дыбыстың артикуляциясын нақтылау; ә) буыннан, сөзден дыбысты бөлу, өңделген дыбыстың орнын анықтау.

Екінші кезеңде нақты шатастырылатын дыбыстарайту және есту кезінде салыстырылады. Фонематикалық анализ бен синтезін дамытуға аса анзар аударылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет