Баяндама Тақырыбы: «Отбасыда ажырасу себептері неліктен орын алады?» Орындаған



бет1/2
Дата24.11.2022
өлшемі138,5 Kb.
#159707
  1   2
Байланысты:
Отбасы неке Баяндама




Баяндама

Тақырыбы: «Отбасыда ажырасу себептері неліктен орын алады?»
Орындаған:Тагир Инабат,Сапарғалиева Элвира
Тексерген: Әбен Б. Е
Алматы, 2022

Отбасы – адамзат баласының өміріндегі ең маңызды дүние. Отбасы қиналғанда қайғыңмен қуанғанда қуанышыңа ортақ болатын, аяулы жандар. Отбасының тірегі - сүйіспеншілік, бірлік және сенім. Отбасы жоқ адам, қанатсыз құспен тең десек артық айтпаспыз. Ал бірін - бірі сыйлап, бірін - бірі сүйіспеншілікке бөлеп,әр нәрсеге түсіністікпен қарап отырған отбасысы бар адам өте бақытты жан.Бүгінгі таңда, отбасының маңызы кетіп, өмірде орны жоқтай түсінік қалыптасып келуде. Адамдар отбасының маңызы мен жауапкершілігі жете түсіне алмайды. Жанұя құруды күнделікті үйреншікті жағдай ретінде қабылдайды. Сол себептіде, отбасын енді ғана құрған жас жұбайлар, ай болмай жатып ажырасып, отбасының берекесі қашады. Тіпті жыл бірге тұрып, бір-бірін жақсы танитын жұбайларда, осыншама уақыттан кейін ажырасып жатады. Ажырасудың негізгі себептері, я болмаса ажырасуға не итермелейтінін біздің ойымызша айтып көрелік.


Көптеген отбасыларда үйді басқаратын ер адам болғандықтан және әйелдердің отбасындағы рөлін төмен санағандықтан, әйел адамдар өз құқықтарын қорғай алмай жатады. Әйелдердің күйеулеріне қарсы сөйлеуі ер адамдардың әйелдеріне әр түрлі физикалық, психикалық күш көрсетуіне алып келіп жатады. Алайда, осындай қорлықты көріп отырса да әйелдер күйеулерімен ажыраса алмай отыр. Ер адамдар тек қана әйелдерін ғана ұрмай, онымен қоса балаларын да ұрып оларға да психикалық травмалар қалдыруда. Ал кейбір әйелдер ешнәрсеге қарамай, отбасынан бас тартып ажырасуға өтінім береді. [1]
Отбасындағы басты проблемалардың бірі – отбасындағы зорлық зомбылық деп көптеген әлеуметтанушылар қалдырған болатын. Практикалық тұрғыдан алғанда, зорлық-зомбылықты қарастырған кезде айқын түрде еркектер жағынан зорлық ерекшелігі туралы айтуға болады. Ер адамдар физикалық және жыныстық зорлық-зомбылыққа көбірек бейім. Бұл гендерлік айырмашылықтар мен ерекшеліктерге байланысты психика. Ерлердің зорлық-зомбылықты жүзеге асыруының қосымша факторы алкогольдік және есірткілік мас күйі болып табылады.Сонымен қатар мақалада зерттеуші Р.Г. Петрова тұрмыстық зорлық-зомбылықты отбасының басқа мүшелеріне қарсы агрессивті және дұшпандық әрекеттер нәтижесінде зорлық-зомбылық объектісі зардап шегуі, жарақат алуы, қорлануы немесе өлуі мүмкіндігі бар екені туралы пікірі қарастырылған. Әлеуметтану ғылымы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың физикалық зорлық-зомбылық , сексуалдық зорлық-зомбылық, психологиялық зорлық-зомбылық, экономикалық зорлық түрлері бар екенін көрсеткен. [2]
Жалпы отбасыдағы кикілжін тек қана ішіп-шегу немесе ойнастық не болмаса жүріс-тұрыстан ғана емес, отбасында қаржылай жетіспеушілік кезіндеде көп болады. Көбіне адамдар бір-біріне түсіністікпен қарамайды және қаржы маңызды деп санап, отбасы құндылықтарын екінші орынға қояды. Дәл осы сәтте «қаржылай сауаттылық» мәселесі орын алады. Бұл туралы Сильви Буссотро «Гендерное равенство: почему оно имеет важное значение, особенно во время кризиса», мақаласында толығырақ айтылған. 20 ғасырдың басындағы әйгілі армян жазушысы және қайраткері Забель Есаянның сөзін келтіре отырып, «Әйел бұл әлемге бәріне ұнау үшін тумайды. Әйел өзінің ақыл-ой, адамгершілік және физикалық қабілеттерін дамыту үшін дүниеге келеді»,- деп айтқандай бұл шығармада Сильви Буссотро қазіргі заманда әйел адамдардың отбасылық өмірде де және қоғамда да рөлі өскенін жазады. Соған қарамастан жердің түкпір-түкпір жерлерінде әлі күнге дейін әйелдерді төмен санау менталитет болып қалыптасқанын айта кетеді Шынымен де әйелдер ерлерге қарағанда қаржы институттарына немесе банктік шоттарға қол жеткізе алмайды. Дүние жүзіндегі тіркелген бизнестің 30 пайыздан астамын әйелдердің иелігіндегі бизнес құраса да, кәсіпкер әйелдердің тек 10 пайызында өз бизнесін дамыту үшін қажетті капитал бар. Сонымен қатар бұл мақалада автор әр жердегі әйгілі жаңалық ашқан, елдің экономикасымен саясаты көмек беретін ашулар жасаған әйел адамдарға қысқаша тоқтала кеткенін көре аламыз. [3]
Тағы бірден-бір себебі ретінде, нашақорлықты айта аламыз. Нашақорлық жалпы сөзбен айтқанда- ауру, бірақ психологтардың көзқарасы бойынша, бұл аурудан басқа, белгілі бір дүниетаным және өмір салты. Көбінесе нашақор балалар толық емес отбасыларда айқын демонстрациялық сипатқа ие болады. Жасөспірімдер препаратты үлкен тәуелсіздік құралы ретінде қолдануы мүмкіндігі жазылады. Нашақорлықтың дамуын болдырмау факторы ретінде отбасы да әрекет ете алады. Ата-ана баланың бойында оның есейген шағында бейімделуіне көмектесетін қасиеттерді қалыптастыруға тұрақты мүмкіндігі бар. Жасөспірімдердің нашақорлықтың алғашқы профилактикасы аясында ата-аналармен жұмыстың негізгі мақсаты ата-аналардың психологиялық-педагогикалық сауаттылығын, баламен қарым-қатынас мәдениетін арттыру болып табылады. Отбасы баланы нашақорлықтан қорғай алады және қорғауы керек, - бұл тұжырыммен нашақорлықтың алдын алумен айналысатын шетелдік және отандық мамандар - социологтар, психологтар, педагогтар, психиатр-наркологтар келіседі. Дегенмен, жастар арасында жүргізілген социологиялық зерттеулер ата-аналардың балаларымен есірткіні қолдану мәселесін сирек талқылайтынын көрсетеді. Сонымен қатар, мұндай әңгімелерді ата-аналар жүргізсе де, олар жасөспірімнің есірткіні қолданып көру немесе қолданбау туралы шешіміне әсер етпейді. Ерекше заттарға тәуелді болу отбасындағы махаббат пен қолдаудын жоғынан болатынын айқындайды. [4]
Барлығымыз байқап жатқандай соңғы кезеңдерде қазақстандық пабликтерде отбасы, отбасы құндылығы тақырыбы көбірек қозғалуда. Ал Жулдызай Искакованың мақаласында қозғалған тақырып соңғы кездерде актуалды болып жүрген ЛГБТ тақырыбы мен әрқашан актуалды болатын ОТБАСЫ тақырыбы. Мақалада ЛГБТ ұйымы жайлы “Отбасылық құндылықтың өзгеріске ұшырауы – объективті және сан қырлы процесс”- деп айтылуда. Қазақстанда бұл жағдай мүлдем менталитетке келмегеннен кейін рұқсат жоқ екені белгілі. Сонда да ел арасында жыл өткен сайын құбылыстардың байқалып, ашылуы елге мәлім жағдай. Мақалада бұндай өзгерістерге Қазақстан халқының дайын емес екендігі артық көрсетілген. Алайда мақалада айтылған зерттеу жұмысы нәтижесі қазақ елінің 70% қарсы екендігін көрсеткен. [5]
Қазіргі кезде ажырасулардың көбеюі мен ерте жастан жүкті болу статистика өскеннен толық емес отбасылар белең алуда. Жалғызбасты ана немесе жалғызбасты әкелердің отбасында өскен баланың психологиясы дұрыс қалыптаспауы әбден мүмкін. «Толық емес» немесе «ажырасқан отбасы» бұл сөзді естіген құлаққа үйреншікті дүние деп қабылданатын болды. Алайда, осындай отбасында тәрбие көрген баланың психологиялық денсаулығы, өмірді қабылдауы ерекшеленетіні сөзсіз ерекше. Бала үшін отбасы — ол жылулық пен мейірімділіктің, махаббаттың көрінісі, баланы ол жерде әрдайым күтеді, кез-келген жағдайда балаға қамқорлық көрсетеді. Бұл — идеалды көріністегі отбасы. Толық отбасынан толық емес отбасына айналу — ата-анаға да, балаға да ауыр соққы болып қалыптасады. Толық емес отбасындағы балалар толық отбасындағы балаға қарағанда, өзін кем санай бастайды. Сондықтан баланы ақыл-оймен, төзімділікпен, психологиялық тәрбиемен бағыттау қажет. Негізінде отбасында писхологиялық жұмыс аса маңызды, ал толық емес отбасында өскен жеткіншекпен ерекше жұмыс қажет. Назарымызды керемет мысалға бөлсек: «егер баланың санасын таза кітапқа теңесек, оның авторы — ата-ана, редакторы — мұғалімдер мен психологтар, көркемдеуші редакторы — айналасындағы достары мен қатарластары»-деп мысал келтірген автор толық емес отбасындағы балалардың санының азаюы мен сапасының жақсыруы үшін, тек психологтар емес қоғам болып бірге ат салысуымыз, біздің қазақ бабаларымыздың асыл мұрасын жалғастырушы ұрпақ ретіндегі парызымыз деп білеміз. [6]

Қорытындылай келе, Отан отбасынан басталады демекші, еліміздің өркениеті мен экономикасының дамуы үшін әрқайсымыз белсенді атсалысып, яғни отбасымыздың құлдырауына жол бермейтін болсақ, дамыған мемлекеттер қатарына қосылуымызға өз үлесімізді қосқаниен тең деп білеміз. Отбасы адамның жанының тыныштығы, көнілінің тоқтығы болуы тиіс. Кез-келген кездескен проблемалардан қашып, шешімін тек ажырасудан көретін болсақ, ақаудың өзгеде емес, өзімізде екенін ұғынғанымыз жөн.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет