Оқу –танымдылық құзыреттілігі- оқушының өз бетінше таным әрекетінің жиынтық құзыреттілігі, құрамына логикалық, әдістемелік, жалпы білім алу әрекеттерінің элементтері кіреді.
Сабақ басында қойлыған гипотезаны тапсырмалар орындау арқылы тексерді.
Мысалы:
·барлық заттар бөлшектерден тұрады;
·сұйықтар мен газдарда кері итеруші күштер бар;
·қатты дене тұрақты балқу температурасына ие.
Бұл жағдайда оқушылар берілген тапсырмалар арқылы физикалық тәжірибе, бақылау, сараптау және жасалған жұмысы туралы көпшілік алдында хабарлама жасау білігі қалыптасады.
Ақпараттық құзыреттілік – қоршаған ортадағы қазіргі ақпарат құралдарын жетік меңгеру іскерлігі. Физика оқу пәні ретінде оқушылардың ақрараттық құзыреттілігін қалыптасуына үлкен септік тигізеді.
Қажетті ақпаратты табу, сараптау, өңдеу және қажеттісін алу.
Мысалы : Мобильді телефонның адам денсаулығына зиян екенін біз жиі естиміз.
Физика заңдарының негізіне сүйене отырып, зиян немесе зиянды емес туралы баяндама жаз.
Бұл тапсырмаларды орындай келе, оқушылар қосымша ақпарат көздерінен (Интернет желісі, ғылыми мақалардан, анықтама) өз бетінше қажетті мәліметті іріктеп алады.
Коммуникативті құзыреттілік- бұл тілдерді жетік білу, айналадағы және қашықтағы оқиға немесе адамдармен қарым-қатынас құру, топпен ұжымда жұмыс жасап, әртүрлі әлеуметтік рөлдерге ену дағдылары.
Оқушының өзін ұсына білуі, сұрақтар қоя білуі, пікірталас жүргізуі, сұрақтарға жауап қайтара білуі – осы құзіреттіліктен күтілетін нәтиже.
Ақпараттық құзыреттілік.Мысалы: келесі сөйлемде бірнеше сөз айрықша белгіленген: «Астрономдар болжауынша, келесі жүз жылда Нептун планетасынан Күн дискісі арқылы Сатурн планетасы өтетінін бақылауға болады». Осы үш айрықша белгіленген сөздер ішінен қайсы сөз арқылы кітапханадан және интернет желісінен іздеуге қолайлы?
Орта мектептің физика сабақтарында жетекші құзыреттіліктерді қалыптастыру ерекше орын алады. Құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды қолдану физика пәнінен білімді сапалы меңгерумен қатар тәжірибеде қолдана алу қабілеттілігін дамыту проблемасын шешеді.
Сөзімді қортындылай келе төмендегідей ұсыныстарға тоқталамын: -кәсіптік білім беретін оқу орындарын қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал – жабдықтармен жабдықтау, интерактивті тақталар мен мультимедиялық кабинеттермен және арнаулы пәндер бойынша электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету; - кәсіптік білім саласында оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану бойынша білім жетілдіру курстарын жиі ұйымдастыру.
«Қазіргі заманда болашақ мамандарды ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды құруға қойылған талаптар анықталып, физика пәні мұғалімдерінің тәжірибесі зерттелгеннен кейін құзыреттерге негізделген тапсырмаларды құру әдістемесі жасалды.
Құзыреттілікке бағыттап оқыту арқылы жан-жақты дамыған оқушы тұлғасы қалыптасатыны сөзсіз.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.«ҚР білім беру жүйесінің 2015 жылға дейінгі
«ҚР жалпыға міндетті білім беру стандарты».
2. Әбілқасымова А.Е. «Студенттердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру»
3. Акитай Б.Е. «Физиканы оқыту теориясы және әдістемелік негіздері»,