Баяндама Тақырыбы


Дәлелдеме келесі ретпен жасалуы мүмкін



бет3/4
Дата04.10.2022
өлшемі97,72 Kb.
#151574
1   2   3   4
Байланысты:
эссе

Дәлелдеме келесі ретпен жасалуы мүмкін:

  1. Пайымдау

  2. Түсіндіру

  3. Мысал

  4. Қорытынды пікір

  5. Тұжырым

Қорытындыда негізгі бөлімде ұсынылған және әр тезис бойынша тоқталған барлық тұжырымдар біріктіріледі. Ал оқырман берілген дәлелдер негізінде қисынды қорытындыға келуі керек. Соңында, мәселе қайта қайталанады және қорытынды шешім жасалады.
Егер кіріспе бөлімнің мақсаты оқырман қызығушылығын тудыру болса, онда соңғы сөйлемдердің мақсаты жалпы суретке (ой) тұтастық қосып, жұмысты оқырманның есінде қалдыру және ойлануға итермелеу болады.
Эссенің шығармадан айырмашылығы
Дұрыс жазылатын эссе кәдімгі шығарма жазудан ерекшеленеді. Сондықтан, егер эссе жазу керек болса, онда оны басқалардан ерекшелейтін, жанрлық сипатты ерекшеліктерін ескеруіңіз қажет.
Көркем туындыны талдайтын шығарамаға қарағанда, эссе авторлық көзқарасты және оның осы мәселеге қатысты ұстанымын қамтиды.
Сондай-ақ, эссені шығармадан ерекшелейтін ерекшеліктердің бірі – оның қарама-қайшылықты (парадокстылық) болуы. Яғни, жарқын бейнелер мен афоризмдерді және тосын пікірлерді қолдану арқылы оқырманды таңғалдырып, оған әсер ету.
Эссе жазу бойынша кеңестер
Барлық эссе ережелері ұсынылатын кеңес түрінде болады. Жоғарыда берілген ақпараттарды ескере отырып, эссені қалай жазу туралы кеңестерімізді пайдаланыңыз және оқырманға бей-жай қалдырмайтын эссе жазыңыз. 
Кеңестер:

  1. Эссе жазу кезінде қысқа фразаларды ұзын сөз тіркестерімен кезектестіріп қолдану керек. Бұл жағдайда мәтін оңай оқылуға жеткілікті серпін болады.

  2. Эсседе күрделі және түсініксіз сөздерді қолданбаңыз, әсіресе сөздің мағынасы шала таныс болса.

  3. Мүмкіндігінше жалпы сөйлемдерді (фраза) аз қолданыңыз. Эссе автордың жеке басын көрсететін бірегей, жекеленген жұмыс болуы керек.

  4. Әзілді өте мұқият қолданған жөн. Өйткені, сарказм және дөрекілік оқырманның ашуын келтіруі мүмкін.

  5. Жеке тәжірибе, естеліктер мен әсерлерді көрсету – өз көзқарасыңды және оқырманның сенімін растаудың тамаша тәсілі.

  6. Тақырыпты және негізгі идеяны ұстаныңыз, және одан ауытқымай, қажетсіз мәліметтерді сипаттаудан аулақ болу қажет.

  7. Эссені толығымен аяқтағаннан кейін, баяндаманың барлық жерінде ойдың дұрыс жеткізілгеніне көз жеткізу үшін, оны қайтадан оқып шығыңыз.

  8. Эссені деректер мен зерттеу нәтижелерін пайдалана отырып жазу – сенімділік танытудың керемет мүмкіндігі.

Эссе жазуда жиі жіберілетін қателіктер
Ең жиі кездесетін қателерді біле жүрген дұрыс. Себебі, олар эссені өзің жазған кезде сол қателерді жібермеуге көмектеседі.
1-қателік: Түсініксіз болып қалу немесе керекті әсер бере алмау секілді жеке қорқыныштардың кесірінен автор эсседегі барлық көрнекті ойларды алып тастап жатады. Осыған байланысты эссе өз даралығын және ерекшелігін жоғалтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет