Халық саны:
Қазақстан
5
Мазмұны
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз
6
Кіріспе
7
Қазақстан: тарих, саясат, қоғам
9
Елдегі діни қауымдастық
12
Халықаралық құқықтық шектеулер
17
Діни сенім бостандығы
19
Конституциялық негіздер
19
Діни сенім бостандығының бұзылуы
20
• Қазақстан Республикасының 2011 жылғы «Діни қызмет
және діни бірлестіктер туралы» жаңа заңы
20
• Сот процестері
22
• Мемлекет араласуының басқа мысалдары
23
• Партияларға тыйым салу
24
• Діни білім алу
24
• Мешіт пен шіркеудің құрылысы
25
• Діни радикалдану
27
• Қоғамдық діни нышандарды қабылдауы
29
Диалог жүргізу үшін қажетті әлеует
30
Қорытынды
33
Қосымша
35
6
Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы
АЛҒЫ СӨЗ
2019 жылдың соңы мен 2020 жылдың басында missio халықаралық като-
ликтік миссионерлік коғамы, Германия католиктерінің Орталық және
Шығыс Европа халықтарымен ынтымақтастық акциясымен (Renovabis
e.V) бірлесіп, Германияда Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы
баяндамамды жариялады.
Бұл баяндамамда Қазақстандағы діни бірлестіктердің даму тарихы, елдегі
мемлекет пен діни бірлестіктердің қазіргі кездегі қарым- қатынасы, сон-
дай-ақ мемлекет тарапынан қолданылатын шектеулердің діни сенім
бостандығын шектеудің деңгейіне ықпалы туралы мәселе талданды.
Баяндаманы неміс оқырмандары әр түрлі қабылдады: мысалы, кейбір
неміс діни қауымдары Қазақстан мемлекетінің іс-әрекетін сынға алды,
ал саясатшылар қауіпсіздік мәселелері жөніндегі шектеулердің, көбінесе
мұсылмандық ұстанымдағы діни бірлестіктерге қатысты шектеулердің
қажеттілігімен келісетінін көрсетті. Яғни, көзқарастардың әртүрлілігіне
байланысты, Қазақстан мемлекетінің саясаты не өте дұрыс, немесе тым
қатаң деп қабылданды.
Осыған байланысты, баяндаманы және түрлі пікірталастардың өзегі болып
отырған негізгі гысан, яғни Қазақстан халқымен талқылауға жеткілікті
себеп бар деп есептейміз.
Сол себепті де, баяндаманы орыс және қазақ тілдеріне аудару туралы
шешім қабылдадым. Негізгі зерттеуден бөлек, қосымшада сұхбаттар да
берілді, олар осы зерттеудің маңызды бөлігі болды.
Баяндаманы Қазақстандағы діни сенім бостандығының жайын талқылау-
дың бастамасы деп қабылдауларыңызға болады. оң көзқарастармен
қатар, қарсы пікірлерге де жол ашық. Қызығушылықпен оқуларыңызға
тілектеспін.
Томас Хельм,
Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы Қордың директоры
7
Кіріспе
КІРІСПЕ
Құрметті оқырман!
Қазақстан – контрастіге толы ел. Көлемі жағынан әлемде 9-орын алатын
ол көне замандарда Ұлы Жібек жолының ажырамас бөлшегі болса, қазіргі
уақытта Европа мен Азияны байланыстырып тұрған берік көпір іспетті.
Пайдалы қазбалардың арқасында арта түскен экономикалық өсімнің
деңгейін Астананы
1
мысалға алып айтуға болады. 1997 жылы Қазақстан-
ның астанасы болып жарияланған, қазірде үлкен мегаполиске айналған
бұл қаланың зәулім ғимараттарына, әсем саябақтары мен көптеген сауда
орталықтарына маңайындағы әлі бірде-бір үй бой көтеріп үлгермеген
кең жазира ерекше контрастіге түскен.
Орталық Азияда орналасқан бұл республика аумағында 100-ден аса
этникалық топ айтарлықтай дау-дамайсыз, бейбіт өмір сүріп жатыр,
сондай-ақ, мұнда түрлі діни қауымдар бар, халықтың көпшілігі – мұсыл-
ман дінін ұстанушылар. 2006 жылы Астанада ашылған «Бейбітшілік пен
келісім сарайы» осы этникалық және діни алуантүрліліктің символы болып
саналады. 2003 жылдан бастап Қазақстан үш жылда бір рет дүние жүзі
діндерінің конгресін өткізіп келеді. Бұл конгрестің мақсаты – діни топтар
арасында жаһандық мәселелерді талқылау үшін өзара диалог орнату.
Сонымен қатар, Қазақстан Конституциясы да әлеуметтік үйлесімдік пен
саяси тұрақтылықты жария етті.
Діни рәсімдерді еркін атқару үшін белгілі бір талаптар қойылған болса да,
кейбір келіспеушіліктер орын алып тұрады. Діни себептермен түсіндірілетін
кейбір террористік актілерге байланысты діни сенім жөніндегі сұрақтар
мен пікірталастар жиі туындап тұрады. Әсіресе осындай фактілер елдің
үлкен қалаларында кездеседі. Мысалы, 2011 жылы болған терактілер-
ден кейін қауіпсіздікті күшейту үшін және халықты діни экстремизмнен
қорғау мақсатында заңдар қабылданды. Бірақ, әдетте, бұл мәселелер тек
саяси тұрғыдан қаралып, талқыланады, мұның соңы діни сенім бостан-
дығын шектеуге әкеліп соғады. Атап айтқанда, бұл заңдар адам саны
аз діни топтарға қатысты болады, олар, жеткілікті ұйымдастыру құры-
лымдары болмағандықтан, өздерінің тіркеу құжаттарынан айырылып
1
Қазақстан Республикасы астанасының атауы 20.03.2019 жылы Нұр- Сұлтан болып
өзгерді. Мәтінде Астана болып айтылады.
8
Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы
қалудан қорқады. Мемлекетте дін ретінде ресми тіркелмегендіктен,
белгілі бір діни рәсімдерін өткізуге шектеу қойылады, тыйым салынады,
тіпті жазаға тартылуы да мүмкін.
Зайырлы үкімет пен халықтың арасында пайда болған алшақтық ұлғая
бастады. Олардың көпшілігінің діни көзқарасы мен сенім деңгейі алуан
түрлі. Сондықтан, мемлекет қауіпсіздігін қорғау мәселесі мен жылдан
жылға саны өсіп келе жатқан халықтың дінге деген сұранысын байла-
ныстыратын үйлесімді теңгерім тапқан жөн.
Missio мен Renovabis e.V. бірлесіп неміс басылымында жариялаған бұл
баяндамада Қазақстанның тарихы және ағымдағы дамуы қарастыры-
лады және осы Орталық Азия еліндегі діни бостандық жағдайына тал-
дау жасалады.
Құрметпен,
Пастор Дирк Бингенер, «mission» қоғамының президенті
Пастор Кристиан Хартл,
«Renovabis» ассоциацияның бас директоры
9
Қазақстан: тарих, саясат, қоғам
Достарыңызбен бөлісу: |