Баяндаманың тақырыбы: Оқушылар білімін тиянақтаудағы тест әдісінінің тиімділігі



Дата01.04.2017
өлшемі271,74 Kb.
#13467

Өтініш қағаз

Баяндаманың тақырыбы: Оқушылар білімін тиянақтаудағы тест әдісінінің тиімділігі.

Баяндама авторы: Дариева Гүлдана Жүсіпбекқызы

Жұмыс орны: Атырау облысы, Индер ауданы Б.Нысанбаев атындағы орта мектеп, физика пәнінің мұғалімі.

Мекен жайы: Атырау облысы, Индер ауданы, Көктоғай селосы, С.Сейфуллин көшесі.

Телефоны: 28-4-76

Аңдаухат


Баяндама тақырыпқа сай мазмұны ашылып, ғылыми негіздерге сүйеніп жазылған. Оқушылар білімін тиянақтауда тест әдісінің тиімділігін кеңінен көрсете білген. Оқушылар жұмысының нәтижесі көрсетіліп, олардың біліктілігін дамытуда өзекті мәселелер қамтылған. Баяндама қойылатын талапқа сай жазылған.

Annotation

The report is written opened contents and upon scientific basis according to theme. The used developing tests method. The comprised main problem of developing pupil’s knowledge.

Жоспар


І.Кіріспе бөлім

1.Оқушыға жан-жақты білім, тәлімді тәрбие берудегі мұғалімнің міндеті.

ІІ.Негізгі бөлім

1.Тестінің берілуінің түрі, тиімділігі

2.Тест түрлерін пайдалану арқылы оқушы білімін бағалау.

ІІІ.Қорытынды

1.Оқушы білімін тестінің түрлері арқылы бағалаудың маңызы мен жетістігі.

Пікір.


«Физика сабағында оқушылар білімін тиянақтаудағы тест әдісінің тиімділігі» тақырыбындағы баяндама тақырыпқа сай жазылған. Ғылыми негізге сүйеніп, оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруда тест әдісінің тиімділігін пайдалану жолдарын әрбір сабақтың ерекшелігіне сай көрсете білген.

Осы баяндамада көкейкесті мәселелер қамтылып, тест әдісін арттыру мақсатында сабақ жоспарлары, көрнекіліктер айқын көрсетілген.

Бүгінгі педагогикалық-психологиялық теорияға сәйкес терең білімімен шыңдалған тәжірибеге сүйеніп, әрбір оқушының қабілеті мен дайындығына қарай қызығушылығын ұйымдастыру қамтылған.

Баяндама мұғалімнің өз тәжірибесінен алынып, жан-жақты рәсімделген.

Пән бірлестік жетекшісі: С.Кульчикова

Бүгінгі таңда білім саласының алдына жүйеленіп дайындалып берген білімді, дағдыларын меңгеретін, қайталайтын емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.

Оқытудың негізгі мақсаты өз бетінше дами алатын жеке адамды қалыптыстыру болғандықтан оқушы өз бетінше танымдық әрекет етудің әдістерімен дағдыларын меңгеру керек.Қазіргі ғылыми педагогикада оқу әрекетін қалыптастыру негізінде оқытудың дамытушы және тәрбиелеуші ықпалының пәрменділігін арттыру көзделуде.

Физика пәнін оқытуда алға қойған мақсатым:



  • Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру

  • Оқытудың қарқынын арттыру

  • Оқушының шығармашылық белсенділігін арттыру

  • Оқыту сапасын арттыру

  • Деңгейін саралау

Физика пәнін оқытуда алға қойған мақсаттырымды орындауды, біріншіден, әртүрлі сабақтарды өткізуден бастаймын. Атап айтсақ, оның түрлері: жарыс, қайталау сабақтар.Мұндай сабақтар арқылы физиканы оқыту әдістемесі жаңарып, физиканың тар кәсіптік бағыттылық, жалаң заң мен формулалар шеңберінен шығып, әлемдегі өркениет процестеріне жақыпдап, оқушыларымыздың рухани белсенділігін арттырудағы үлесі мол.

Физика пәнін жаңа мазмұнға сәйкес оқытуда алдымызға мынадай міндеттерді қояды.

-білім беру стандартын оның құндылықтарын меңгерту. -қазіргі талапқа сай оқытудың тиімділігін, ғылыми негіздерін меңгерту. -өз бетімен білім алуға бейім тұлға қалыптастыру.

Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне және білімін тиянақтауда тестілерінің маңызы болып отыр.

Қазіргі таңда өткен материалдары жинақтап қорытуда немесе жаңа сабақты бекіту кезінде тест түрлерін пайдаланып, өз іс-тәжірибемді дамытудамын. Тест ағылшынның «бақылау» деген сөзінен шыққан. Тест арқылы оқушылардың жауабы жалпылама емес, нақты берілетін болады. Тест сұрақтары педагогикалық басылымдарға және кітапшалар түрінде беріліп жүр. Дегенмен, әр мұғалім өзі әзірлегені тиімді. Тест оқушылардың білім деңгейін тереңдетуге және тиянақты білім жүйесін қалыптастыру үшін қажет. Қазіргі педагогикалық практикада тесттер өте жиі пайдаланып келеді. Оларды қолдану аясы да күннен-күнге ұлғайып барады. Оқушылардың бір пәнінің бір тақырыбынан ғана алған білімін тексеруден бастап, жоғары оқу орындары мен мектеп пәндерінің барлығынан да жаппай осы тест әдісіне көшуге бет бұрып келеміз. Тесттер мен олардың айналасындағы материалдар тек ғылымдар зерттеуіне ғана өзекті материал болып қалмай, оқу процесіне жаңа педагогикалық және ақпараттық тәсілдер мен технологияларды енгізу мақсатында білім жүйесін басқару органдары да қызықтыра бастады. Осы факторлар қолданылатын тесттердің сапасын көтерумен қатар, олардың бүгінгі пайдалану аймағын да анықтау жүйелерін даярлауға әкеліп отыр. Мұндағы бір айта кететін мәселе – кез-келген бір тесттің қолданылу аясы оның мазмұндық, технологиялық және де басқа ерекшеліктеріне тәуелді болатыны, осыған орай педагогтар пайдалануындағы тест материалдарын топтарға бөліп жіктеу қажеттілігі туындап отыр. Бұл мақсаттағы тест материалы немесе тест деген түсінік әрбір сұраққа сәйкес оның мүмкін болатын бірнеше жауаптарымен бірге берілген тапсырмалар жиынын білдіреді. Тест материалдары көбінесе бланк түрлері немесе компьютерге арналған бейнелеу формасында беріледі, онда оның дұрыс жауаптарымен бірге келтірілген сұрақтар, оның бағалау критериі немесе формасы, нәтижелерді есепке алу процедурасы, яғни шкаласы, оқушылардың тест жауаптарын қалай толтыруы керектігі жайлы нұсқаулар және т.б. болады. Егер тест алу компьютер арқылы жүргізілсе, онда тест материалдары тест тапсырмаларының арнайы банктерінде жинақталып тұрады да, олардан сұрақтар вариантын қандай тәсілмен алуға болатыны жайлы нұсқау беріледі. Тесттердің осындай параметрлері оларды жіктеудің белгілі-бір критериіне сәйкес оны тесттің қай түріне жатқызуға болатындығының айғағы болып табылады. Екінші жағынан, тест материалын бір топқа кіргізу оны жасаушылардың алдына қойған мақсатына байланысты тесттердің қандай да болмасын қасиеттерге, технологияларға және т.б қарай реттеуге тура келеді. Соңында қойылған мақсаттарға байланысты тест материалдарын топтарға жіктеу оларды құруды жетілдіру арқылы және тест тобын пайдалану аясының иалапқа сәйкестігін есепке алып отырған жағдайда ол оқытудың сапасын арттырады. Мұндай тесттерді жіктеу процедурасы екі бірдей мәселені шешуге көмектеседі – алғашқысы, нақты тесттік материалдарының ерекшелігін айқындау және екіншісі жіктелген тесттерді жетілдіру технологиясы айқындау жолында ұсыныстар беру.

Тест материалдарын жіктеу негізіне жалпы топтарға бөлінгендегі тәрізді критерий алынуы тиіс. Алайда, жіктеу тәсілі сол критерийден тәуелсіз қазіргі ғылыми аппараттарға сүйенген өзекті принципке сәйкес құрылуы тиіс. Тест материалдарының және оларды қолданылу аймағының әртүрлі критерийлері арқылы тестіні топтарға жіктеуге байланыстылығына көз жеткізу үшін бір – екі мысалды қарастыралық.Кейде жіктеу негізінде тест материалдарына кіретін пәндер саны алынуы мүмкін. Мұндайда тесттерді гомогенді (біркелкі) және гетогенді (әркелкі) деп екі топқа бөледі. Егер әркелкі тесттер бірнеше біркелкі тест топтарынан тұрса, онда олар көпсалалы тест болып табылады. Ал салааралық тесттер көптеген пәнаралық тапсырмаларды бір тест тобына біріктіруден шығады. Біркелкі тесттер мен әркелкі тесттер мазмұндарына қойылатын талаптар да әртүрлі болып келеді. Аттестациялауға арналған біркелкі тесттерде ең аз дегенде көрсетілген пәнге мемлекеттік стандарт бойынша қойылатын талаптар көлеміндегі сұрақтар толық қамтылуы тиіс. Оның үстіне мұндай тест материалдары берілген пән саласының белгілі-бір аймағының оқу программаларына сай немесе оның құрылымын анықтайтын құжаттарға сәйкес ара қатынастарын есепке алатын барлық маңызды аспектілерін қамтуы тиіс. Біркелкі тесттің әрбір тапсырманың мазмұны қойылған талаптарды қанағаттандыруы керек. Басқаша айтқанда, сол мазмұнның тек бекітілген оқу курсының өтемаңызды әр түйінді элементтері болып табылатындарын есепке алып отыру қажет. Әркелкі тест материалдары үшін мазмұнға қойылатын талап біршама өзгертіледі мысалы, жалпы пән тестісіне кіретін әрбір ішкі біркелкі тесттің мазмұны біркелкі тест материалдарына қойылатын талаптарға сай болуы тиіс. Әрбір ішкі тест басқа тесттердің ішкі бөліктерінің мазмұнынан тәуелсіз күйде болып, әрбір біркелкі ішкі тест нәтижесі мазмұн жағынан тәуелсіз түрде талдана отырып, олар басқа нәтижелермен қатарласа жалпы тест жасау мақсатына сай келуі керек. Әркелкі тест нәтижелерін өңдеу технологиясы да өзгеше болады. Кейде тапсырмалар жиынының кейбіреулеріне арнайы коэффициенттер қойылады да, олар оқушының білім деңгейін бағалайтын нәтижелік балл санын санау үшін керек болады. Қарастырылған мысалда жіктеу критериі ретінде тест материалдарын пайдалану мақсатында тікелей байланысты.

Тест – оқушылардың білімін, іскерлігі мен дағдысын тексерудің немесе оқушы білімінің белгілі-бір сапалық қасиеті бар-жоғын тексерудің ерекше формасы болып табылады. ХІХ ғасырдың бас шенінде шет елдерде тексерудің тестілік әдісі өзінің қолдану мақсатына орай бірнеше бағытта дами бастады. Тарихи тұрғыдан тесттердің ең көне түрі оқушылардың дарындылығы немесе олардың ақыл-ойының жалпылама даму барысын тексеруге қолданылған. Бұл тесттер оқушының белгілі–бір мәліметті жадында сақтау қабілетін, ынтасын, зеріктігін, нақтылы көріністі көз алдына елестету қабілетін т.б маңызды сипаттарды анықтауға көмектеседі деп есептеледі. АҚШ-та тестілеу әдісінің іс-тәжірибеде қолданыла бастауы және одан әрі дамуы Э.Тродайк есімімен байланыстырылады, себебі оқушы білімін тез әрі обьективті түрде анықтаудың бірден-бір құралы ретіндегі тестілеу әдісін ХХ ғасырдың басында алғаш рет ұсынған болатын. Э.Трондайк алғашында тесттерді арифметика пәні мен жекелеген пәндер бойынша қолдансқа енгізген болатын. 40 жылдары оқушылардың жалпылама үлгерімін анықтау мақсатында брнеше пәндер тобы бойынша құрастырылған тесттер жиынтығы баспадан шыға бастады.

Бақылау тапсырмалары субьективті және обьективті тапсырмалар болып екіге бөлінеді. Субьективті бақылау тапсырмаларының қатарына әр түрлі шығармалар мен трактаттар жатады. Олардың субьективті тапсырма ретінде қаралу себебі бұл шығармалар бойынша мұғалім жеке-дара тұжырым жасауға мәжбүр және де бұл тұжырым оқушының іскерлігі мен дағдысын көптеген критерилер бойынша кешенді түрде саралау нәтижесінде қалыптасады. Ал тесттер бақылаудың обьективті формасына жатады, себебі олардың жауабы сандық тұрғыдан кескінделеді де және тесттер негізінен бағдарлы түрде жасақталады, яғни олардың әрбір түрі білімнің, іскерліктің және дағдының нақтылы түрін баықлау мақсатында құрастырылады. Тестілерді құрастыру барысында мейлінше қасқа да нұсқа жауаптарды қажет ететін тапсырмалар қолданылады, немесе тесттер бірнеше жауаптар ішінен дұрыс жауапты таңдап алуға негізделген тапсырмаларға құрылады. Жауаптарды іріктеу ыңғайлы болу үшін олар белгілі-бір ретпен нақтылы орынға жазылып отырады. Қысқа да нұсқа жауаптарды қажет ететін тест тапсырмаларынан мысалдар келтіріп көрейік.



Тесттер оқушының білім дәрежесін анықтау ісіне субьективтік элементтің болмауын қамтамасыз етеді, себебі бұл орайда бүкіл іс дүрыс және дұрыс емес жауаптарды есепке алуға және осы мәліметтерді статистикалық тұрғыдан саралауға ғана негізделген. Тесттерді қолдану оқушылардың нақтылы мәселелер бойынша білім деңгейін, сол сияқты оларда іскерлік пен дағдының жекелеген түрлері қалыптасуы дәрежесін сипаттайтын ауқымды материалды тез арада есептеу және саралау шараларын жүзеге асыруға мұмкіндік береді. Солай бола тұрса да, тестілеу дегеніміз – оқушылардың үлгерімін тексерудің негізінен алғанда механикалық әдісі екендігін ұғынбау мүмкін емес. Тесттер әсіресе олардың дұрыс жауапты таңдап алуды қажет ететін түрлері көмегімен оқушының белгілі-бір пәннен бағдарлама көлеміндегі білімін жүйелі, толық бағдарлауға мүмкіндік туады, негізгі ұғымдар мен тұжырымдар туралы қандай біліктілігінің бар екендігін аңғаруға болады. Оқушы тесттегі әрбір жауапты бір-бірімен салыстыра отырып талдау жасайды, яғни белсенді ойлау процесі жүреді де, оқушының логикалық ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады.


Белгісіз шаманы табу үшін немесе сұраққа жауап беру үшін, оқушы физика курсының әртүрлі білімдерінен алған өзінің білімдерін қолдана білуі тиіс
Тестілеу әдісінің кеңінен таралуына, тестілеу нәтижелерін мейлінше тез және сапалы түрде өңдепшығаруға компьютерлердің үлкен септігі тиері сөзсіз. Тестілеуді компьютерді қолдану оқушылардың білім деңгейін сырттан бақылауды және олардың өзін-өзі бақылауын қамтамасыз ету мақсатында қолданылады және бұл технология оқушы жауабын таңдау принципіне немесе өте қысқа да нұсқа жауаптар алу принципіне негізделген.


Оқушы анықтамаларды, теоремаларды айта алады, теорияның негізгі мәселелерін тұжырымдай алады.



Білімді меңгерудің түрлері



Оқушыны қандай мазмұндағы есеп қарастырып отырғандығын анықтай алады және белгісіз шаманы табу үшін заңдарды қолдана алады.



Оқушы өзінің білімін бұрын өзіне таныс емес жағдайда пайдалана білуге тиіс.


Тест арқылы сынау мұғалімге әрбір оқушының бағдарламаға сәйкес білімдер мен біліктерді меңгерудегі жетістіктерінің жеткілікті түрде толық бейнесін береді. Олар оқушылардың білімдерінің қандай тақырып бойынша қанағаттанғысыз екенін анықтап, оқушылардың әрқайсысына жекелей көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Тесттерді қолдану сондай-ақ қабілеттерді дамытуға көмектесуге мүмкіндік береді.



Тестінің берілуінің жеті түрі бар.

1.Толықтыруды қажет ететін тест. Тесттегі формуладағы, сызбадағы бос орынға сөзді, белгіні қою аталымын жазу.

2.Еске салу тестісі. Қандайда бір фактіге, заңның мағынасын, ережеге байланысты тест сұрағына жауап беру. Мұнда тура сұраққа берілетін бірден-бір жауапты іздеу жүзінде білуі тиіс.

3.Альтернативті жауабы бар тест. Шешу кезінде тұжырымдамаларға сәйкес дұрыс немесе дұрыс емес мүмкіндіктерін көрсету. Жауап «ия», «жоқ» немесе «+», «-» белгісі «дұрыс», «дұрыс емес» түрінде беріледі.

4.Таңдау тестісі. Бірнеше жауаптан бірден-бір дұрысы таңдап алынады. Жауап саны үштен кем болмауы керек.

5.Сәйкестік тестісі. Тапсырма екі баған түрінде беріледі, мағынасы мазмұны жағынан сәйкестендіру.

6.Рет бірлігін анықтау тестісі.

7.Қосынды тест.

Әр сұрағына әр түрлі тест әдісі қолданылады. Мұнда таблицалар жиынтығы, график, сызба (чертеж) схема, диаграмма, т.б түрінде беріледі. Бұл бойынша құрылған тестке өте жоғары дәрежедегі білімділік, дарындылық қажет. Білімдерді шығармашылықпен қолдануға арналған тапсырмадан құрастырылған негізгі тесттің табысты орындалуының «3» деген бағаға сәйкес келетін төменгі шегі ретінде, балдық жауаптың 70 % болатын 12 деңгейді алуға болады. Тесттің тапсырмаларын табысты орындаудың маңызды белгісі уақыт болып табылатындықтан, қиындық келтіретін тапсырмаларға көп тоқталып уақыт жібермей әуелі жеңіл тапсырмаларға қайта оралу ұсынылады.


Тесттік бақылауды сабақта пайдаланудағы мақсатым:


Оқушылардың теориялық білімдерін арттыру

Программалау тілдерін меңгеріп, білімдерін арттыру

Компьютерде жұмыс істеу үшін тәжірибелерін дағдыландыру



Қайталау кезінде оқу материалын жан-жақты игеруді қамтамасыз ету үшін белгілі физикалық ұғымдарды еске түсіреді.



Тесттік жүйенің артықшылығы



Программалау тілін меңгеріп, дұрыс жазуға, өлшем бірліктерді дұрыс жазуға бейімделеді.



Формулалар мен анықтамаларды, теоремаларды қатесіз жазуға үйренеді.

Оқушылардың білімін тест әдісі нақты ұғым бергенімен, ой-өрісінің кеңеюіне, ойлау қабілетінің, сөйлеу қабілеттерінің дамуын тежеуі де мүмкін. Сол себепті үндемейтін бұйылылығы басым, көп сөйлемейтін оқушылармен тестпен шектелмей басқа сынақ – бақылаудың түрлерін де пайдаланамын.




Оқу процесіне барлық оқушылар түгел қамтылады.



Тест материалдарының тиімділігі



Тексеруге оқу материалын толық қамтуды қамтамасыз етеді.



Аз уақыттың ішінде барлық оқушылардың білімін анықтауға мүмкіндік береді.


Сабақтың тақырыбы: Механикалық энергияға есептер шығару. (7сынып)
Сабақтың мақсаттары: 
Білімділік:Оқушылардың белсенділігін арттырып, өзіне-өзі баға беруге, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға үйрету, өткен тарауда алған білімдерін жетілдіру, тиянақтау, еске түсіре отырып, білімдерін қорытындылау. 
Дамытушылық: Танымдық ойлау қабілетін дамытып, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру. Білім сапасын арттырып, пәнге деген қызығушылығын туғызу. 
Тәрбиелік: Тапқырлыққа, ізденіп шешім қабылдауға, ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 
Көрнекіліктер: Диагностикалық карталар,кестелер,венн диаграммасы,электронды оқулық.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы 
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап,талдау,баяндау 
Құрал-жабдықтар: камера, компьютер, тақта, проектор
Сабақтың жоспары: 
1.Ұйымдастыру.
2. Қайталау сұрақтарын қою .
3. Ойлан тап. Миға шабуыл.
4. Есептер шығару (оқулықпен жұмыс)
5. Сабақты бекіту. Тест тапсырмалары.
6. Физикалық эстафета. 8.Үйге тапсырма.Бағалау.

І.Ұйымдастыру.

ІІ.Қайталау сұрақтарын қою./Толықтыруды қажет ететін тест/

1.Дененің механикалық жұмыс жасай алу қабілетін ..... деп атаймыз.(механикалық энергия) 
2. Қозғалып келе жатқан дене энергиясын ........ деп атайды.(кинетикалық энергия) 
3. Денелердің өзара әрекеттесу энергиясын ....... деп атаймыз.(потенциялдық энергия) 
4. Энергияның өлшем бірлігі.....(джоуль) 
5. Потенциалдық және кинетикалық энергия өзгерістері ...... береді.(жұмысты береді) 
6. Серпімді деформацияланған дененің потенциалдық энергиясының теңдеуі .....(Е=кх2/2) 
7. Жұмыс пен энергияның арасындағы байланыс теңдеуі...(A=ΔEк , A=ΔEп) 
III. Миға шабуыл: /Еске салу тестісі/1.Төменде келтірілген мысалдардың қайсысында дене механикалық жұмыс істейді:А) трактор жер жыртып жүр;

Ә)бала шанамен таудан сырғанап келеді;Б)адам қоржын көтеріп тұр;В)оқушы мазмұндама жазып отыр.Жауабы А-Ә2.Төменде келтірілген жағдайлардың қайсысында жұмыс істелінбейді:А)жүкті жұмысшы көлбеу жазықтықта ұстап тұр;Ә)автомобиль жолмен қозғалып келедіБ)ғарыш кемесі инерциясымен қозғалып бара жатыр;В)жүк жіпте ілулі тұр.



Жауабы ( а-в күш әрекет етеді орынауыстырмайды.

ә-жағдайында күш әрекет етпейді орын ауыстырады.)

IV. Есептер шығару  (оқулықпен жұмыс)

1.Қуаты 30Вт желдеткіш 10 минутта қанша жұмыс істейді?

2.Массасы 9,0 г оқ виновка ұңғысынан 800м/с жылдамдықпен шығады.Оның кинетикалық энергиясы қандай?

3.Массасы 100кг дене 10 м биіктіктен биіктігі 3 м үйдің төбесіне құлап түсті.Ауырлық күшінің істеген жұмысы қандай?.

4.Салмағы 40Н денені 120 см биіктікке көтеру кезіндегі істелген жұмысты анықта.

5.Серіппені 5 см сығу үшін 150 Дж потенциалдық энергия жұмсалса.Серіппенің қатаңдығы қандай болғаны?



6.Массасы 3 т ғарыш кемесі жер бетінен 100 км биіктікке көтерілсе.Оның потенциалдық энергиясы қандай шамаға өзгереді.

V. Тест /Таңдау тестісі/

Тест № 1

Сыныбы: 7 «б»

Оқушының аты-жөні: Жұмашева Гүлайна

Сұрақ №

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

А С В Д С А А В С А

Қатесі

1

Бағасы

4

Дұрыс жауап


А С В Д С С А В С А







Бағалау критерийі


Дұрыс жауап

10

8-9

6-7

Ұпай

«5»

«4»

«3»




VI. Физикалық эстафета

  =mg N= /t

A= = *S

=V* =KX

=S/v = /X


VII.Бағалау. Үйге тапсырма.
§56. жаттығу

Күтілетін нәтиже – оқушы өз бетінше тұжырым жасайды, қорытындығы келеді. Бақылау тест жұмыстарын бірнеше нұсқада орындай отырып, нәтижесін көріп, өз білімін бағалайды, өзінше қорытынды жасайды.

Сабақтың тақырыбы:«Жылу машиналары» тарауын қайталау.(8сынып)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: «Жылу машиналары» тарауын қорытындылау арқылы оқушылардың білімі мен дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты: ойлау қабілеттері мен танымын дамыту арқылы оқушылардың физика пәніне деген ынталарын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 4 тактілі қозғалтқыш макеті, документ камерасы.

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, практикалық.

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасы

Жылу машиналарының дамуына үлес қосқан ғалымдар

Леонардо до Винчи

Томас Севери

Дени Папен

Томас Ньюкомен

Иван Ползунов

Сергей Королев



ІІІ.Білімді жан-жақты тексеру кезеңі

Топтастыру стратегиясы бойынша жылу машиналары тарауындағы негізгі ұғымдарды оқушылар орындап, тақтаға жазады.



Іштен жану қозғалтқышы туралы не білеміз?


1-10 МПа

Шатун



Отын ішінде жанады

4 такті





Іштен жану қозғалтқышы

Маховик



16000, 18000

2 клапан





Цилиндр

Ішкі энергия механикалық энергияға айналады



Бензин, керосин, мұнай



Поршень

Бу турбинасы жайында не білеміз?




ықшам



Қатты қызған бу

сопло





Бу турбинасы



дискі



қуаты





қалақша

білік

Будың ішкі энергияның механикалық энергияға айналуы

Венн диаграммасы. Осы екі жылу қозғалтқыштарының айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтайық.




Іштен жану қозғалтқышы

1.Цилиндр, поршень, клапан, білік, шатун

2.Сұйық отын

3.Ауаға зиянды қалдықтар шығарады



Бу турбинасы

1.Білік, қалақша, диско, сопло

2.қатты қызған бу

3.Зиянды қалдықтар шығармау

4.Жылдам айналғыш, ықшам



Ішкі энергияны механикалық энергияға айналдыру


IV.Бекіту кезеңі /Рет бірлігін анықтау тестісі/

«Термодинамика аралын» формуламен толтыр



Сұрақ


Жауап

Реттік сан

а) Термодинамиканың І заңы

ә) Изобаралық процесс үшін термодинамиканың І заңы

б) Изотермалық процесс үшін термодинамиканың І заңы

в) Изохоралық процесс үшін термодинамиканың І заңы

г) Адиабаталық процесс үшін термодинамиканың І заңы

ғ) Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әсер коэффициенті






  1. Q=ΔU

  2. Q=ΔU+A

  3. Q=A

  4. η=Q1-Q2/Q1·100%

  5. Q=-ΔU

  6. Q=ΔU+PΔV



2

6



3

1

5



4

V.Тест тапсырмалары. /Альтернативті жауабы бар тест/


1-ден аз

1887ж

Королев

Қыздырғыштың температурасын арттырса

сору

Газ немесе бу

Жылулық энергияны механикалық энергияға айналдыратын

Қандай құрылғылар жылу қозғалтқыштарына жатады?




















+

Алғашқы бу турбинасы қай жылы жасалды?





+
















Жылу қозғалтқышының ПӘК-і әрқашан


+



















Жылу қозғалтқышының қай элементі жұмыс жасайды?

















+




Реактивті қозғалтқыштардың дамуына үлес қосқан ғалымды ата








+













Жылу қозғалтқышының ПӘК-ін арттыруға болады, егер...











+










Қозғалтқыш цилиндрінің жанғыш қоспаға толып, қақпақша жабылған кездегі такт қалай аталады?















+







VІ. Есептер шығарту

1.Белгілі процесс кезінде газ 5 МДж жұмыс атқарды. Осы кезде ішкі энергия 2 МДж-ға кемісе, газға қандай жылу мөлшері берілген?

2.Егер турбинаға температурасы 4800С бу еніп, сыртқа шыққанда 3000С-қа дейін суыйтын болса, онда бу турбинасының ПӘК-і неге тең?

Мұғалімнің сөзі:

Бу машинасын ойлап тапқалы 240 жылдай өтті. Бұл уақыт аралығында жылу машиналары адам өмірін танымастай етіп өзгертті. Соның арқасында адамзат ғарышқа да жол тартып, су әлемінің тұңғиығын да шарлады.



VIІ. Оқушылар білімін бағалау. VIІІ.Үй тапсырма.

«Менің туған өлкемнің экологиялық мәселелері» атты тақырыпқа шығарма жазу.



Күтілетін нәтиже – машиналардың айырмашылығын, ұқсастығын саралайды. Сызбалар оқу танымды кеңейтуге мүмкіндік береді. Машиналар арасынан ұтымдысын таңдай алады. Шығармашылықпен ойлау қабілетін дамытуға қол жеткізеді.

Тест тапсырмаларына жауап бере отырып, оқушы жұмыс істеуге, тапсырмалардың қиындық деңгейін байқауға және өз білімін тексеруге мүмкіндік алады.Сондықтан тест түрлерін пайдалана отырып, сабақта оқушылардың белсенді болуына күш саламын. Осындай сабақтар нәтижесінде сабақ беретін сыныптарымда сапа көрсеткішім мынадай болды.



57% Ғ

60,8 %

Қорытынды.

Жаңа сабақ кезінде оқушылардың белсенділігіне қозғау салуды мақсат еттім. Тақырып тарау сайын тест өткізіп, оқушылардың білім сапасын арттыруда қызмет етудемін. Оқушының мүмкіндігі, есте сақтау қабілеті ұшан теңіз. Осы мүмкіндікті тиімді жолдармен пайдалана алуымыз қажет-ақ. Әрине тек тест арқылы білім сапасы жоғарылайды деп айтуға болмайды. Әйтсе де Республика аумағында тестілік жүйенің қалыптасып келе жатырғаны даусыз. Осы ретте күнделікті сабақта оқушылардың алған білімін тестілік сұрақтар арқылы бағалау нәтижеге жеткізері анық.

Оқушыларым Мәдіғалиева Гаухар (7 сынып) Республикалық олимпиаданың І кезеңінде І орын /2011-2012 оқу жылы/, Әллазиева Гаухар (8 сынып) Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінде ынталандыру /2012-2013 оқу жылы/,Әллазиева Гаухар (9 сынып) Республикалық олимпиаданың І кезеңінде І орын /2013-2014 оқу жылы/

Болашақ ұрпақ ұлтжанды, білімді ғана болса, тәуелсіз мемлекетіміздің тірегіне айналары сөзсіз. Сондықтан ұлттық сананы оянған мәдениетті ойлау дәрежесі биік, елін сүйетін және заңдарды орындайтын азаматтарды оқыту мен тәрбиелеу әрбір ұстаздың міндеті.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.«Математика және физика» ғылыми әдістемелік журналы. № 2,3 2010ж.

№ 1,2 2012ж.

2. «Жаңа технологияларды тиімді тәсілмен оқыту» Д.Стамғали

3. «Қызықты физика» Перельман

4. Физика пәнін халықтық педагогика тағылымдарымен оқыту. Г.Әлімбекова

5.Физика оқулығы 7,8 сынып.



.



Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет