Баянова Алмагуль Ерболатовна Жаксылыкова Айгуль Алиаскаровна



Дата01.06.2017
өлшемі214,96 Kb.
#17460
Баянова Алмагуль Ерболатовна

Жаксылыкова Айгуль Алиаскаровна

Балабақшадағы үштұғырлы

тілдің бірі–орыс тілі




Таушық-2015
Түпқараған аудандық білім бөлімі

Түпқараған аудандық білім үйлестіру орталығы

Балабақшадағы үштұғырлы

тілдің бірі–орыс тілі

(Ортаңғы және ересек топтары,

балабақша педагогтеріне арналған әдістемелік ұсыныс)



2015 жыл

Түпқараған аудандық білім үйлестіру орталығы кеңесінде мақұлданды

Хаттама №_____

«____»__________ 2015 ж

Дайындаған:

Баянова А.Е – МКҚК «Айгүл» балабақшасының әдіскері

Жаксылыкова А.А-МКҚК «Айгүл» балабақшасының тәрбиешісі

«Ұсынылды»

Сараптау комиссия

Хаттама №_____

«____»__________ 2015 ж

ПІКІР
Қазіргі заман талабына сай жаскелең жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу тәрбиеші мен педагог мамандардың алдына қойған басты мақсатының бірі. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру сапасын арттыру өзекті мәселелердің бірі. Еліміздің болашағы саналатын ұрпақ тәрбиесінде оқу тәрбие үрдісі алғашқы сатылардың бірінде тұр. Жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы оның білімі мен білігінде.

Мектепке дейінгі ұйымдарда орыс тілін үйрену қажеттілігі заман талабынан қалысар емес. Үштұғырлы тіл өмірлік қажеттіліктен туындаған идея. Бүгінгі таңда Қазақстан үшін үштұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудағы бірінші баспалдағының айқын дәлелі. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін Қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады.

Балалар бағдарламада берілген тақырыптар мен тілдік материалдар көлемінде орыс тілінде оз ойын жеткізе білуді үйренеді. Орыс тілінде оқыту балалар тұлғасының барлық жағынан: олардың дүние танымының, ой-өрісінің, сезімі мен эмоциясының, адамгершілік және эстетикалық көз қарастарының, мінез бітістерінің өздігінен ары қарай білімін жетілдіруге деген қажеттіліктің дамуына себептесуі тиіс.

Мектепке дейінгі мекемелер, яғни балабақшалар үшін жарық көрген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі ережелерін негізге ала отырып, МКҚК «Айгүл» балабақшасының әдіскері Баянова Алмагүл мен тәрбиеші Жақсылықова Айгүлдің бірлескен «Балабақшадағы үштұғырлы тілдің бірі–орыс тілі» (ортаңғы және ересек топтары) атты балабақша педагогтеріне арналған әдістемелік ұсыныс құралын ұсынып отыр.

Балабақша тәрбиешілері мен педагогтеріне арналған орыс тілі пәнінің жылдық перспективалық жоспары (ортаңғы және ересектер тобы) білім сапасын арттыруға зор ықпал етері сөзсіз. Жас мамандар мен педагогтерге көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр.
Балабақша меңгерушісі: Изтурганова А.А
АЛҒЫ СӨЗ
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII-құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті. Ал, 2007 Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңімен іске асыруды ұсынды.

Бұл идеяның негізі: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі–мемлекеттік тіл, орыс тілі–ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі–жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Яғни, мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.

«Тіл-ақылдың өлшемі, ұлттың жаны»-деген ұлы адамдар. Бүгінгі күні, ХХІ-ғасыр табалдырығын аттаған шақта Тәуелсіз Қазақстан Республикасының ендігі болашағы, шығар биігі саяси- экономикалық жағдайларымен қатар, оның мемлекеттік тілі-қазақ тілінің тағдыры талайына тікелей байланысты екенін бәріміз де жан-жүрегімізбен сезініп, терең түсінеміз. «Еліңді, жеріңді, тіліңді құрметте! Еліңді жамандасаң көмусіз қаласың, жеріңді қорғамасаң кебінсіз қаласың, тіліңді қорғамасаң қадірсіз боласың»-деген дана бабаларымыздан қалған өсиет бар. Дегенмен, мынадай дамыған заманда қазақ тілінің мәртебесі қаншалықты биік болса, орыс тілі мен ағылшын тілінің мәртебесі соншалықты биік екені баршаға аян. Өзге тілді меңгере отырып өз тілінің мәртебесін тұғырлы етіп, биіктен көрсету әрбір Қазақстандық азаматтың міндеті десек артық айтпаған болармыз.

Танымал педагог Ш.Амонашвилидің «Өмір мектебі» кітабында көрсетілгендей «Баланың жүрегі мен жанында жарқын бейнелердің орын алуы, арман мен қиял, тамаша сезім, өзін-өзі тануға және өзіндік дамуға деген құштарлық, батылдық пен қайсарлық, қамқорлық пен мейірім, қуаныш пен тамсану» бұл баланың жарқын және қолжетімді түрде дамуының айқын көрсеткіші делінген. Біздерге, яғни үлкендерге баланың бар жауапкершілігі артылған. Бала көбіне бізден ертегі айтып беруді, қызықты кітаптар оқуды сұрайды. Ал, өздері сан алуан сурет салу мен кітап беттеріндегі суреттерді ақтарып қарағанды ұнатады. Балаларыңызды оған қызықты жаңа әлемінде қолдаңыздар. Оның ойлау аумағы мен қабілетін толықтырыңыздар. Баланың білімге деген қызығушылығын арттыратындай көптеген әдемі безендірілген кітаптар бар. Олар баланың танымын арттырып қана қоймай ойлау қабілетін, қызығушылығын, қиялын, тілін, сөздік қорын, байланыстыра сөйлеуіне жол ашады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда баланы ауызекі сөйлеуге үйретеді. Балалар өз ойын орыс тілінде жеткізуіне жол ашады. Орыс тілі оқу іс-әрекеттерінде баланың білімі, тәрбиесі, тілдік-сөздік қоры, ойлау қабілеті, есте сақтауы, зейіні дами түседі. Өз бетінше жұмыс жасауы, белгілі тапсырманы аяқтауға, қиялына жол беруге, түстер мен гүлдер туралы түсінік алуға, көлем мен пішін, сан мен санау, түрі мен сипатына, өз әлеміне саяхат жасауға, табиғат сыйымен танысуға, жемістер мен көкөністер, дәнді дақылдар, жидектер туралы түсінік алуға, сан алуан суреттерді өз бетінше әңгімелеуге және салуға, дене мүшелерімен танысуға, киімдер, отбасы, балабақша, Отан туралы түсінік алуға, жануарлар мен құстар туралы, ертегілер әлеміне қонаққа баруға, сан түрлі мамандықтармен танысуға, табиғатқа саяхатқа шығуға, түрлі мерекелерді тойлауға жол ашады.

Орыс тілінің басты мақсаты қолжетімді және қызықты етіп үйретуге жол ашу.

Әдістемелік ұсыныс Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі ережелеріне сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардың ортаңғы тобына аптасына 1 рет (20-25 минут) және ересек тобына аптасына 1 рет (25-30 минут), жылына 36 сағат өткізуге арналған «Орыс тілі» пәні бойынша балабақша педагогтеріне арналған әдістемелік ұсыныс негізінде әзірленді.

Әрбір оқу іс-әрекетіне түрлі ойындар (дидактикалық, логикалық, қимылды, үстел үсті ойындар т.б.), жұмбақтар, сергіту сәттері мен түрлі тапсырмалар қолдануға болады.

Күтілетін нәтиже:

  • Танымын және ойлау қабілетін дамыту;

  • Тілдік және сөздік қорын байыту;

  • Балалардың суретке қарап қысқаша әңгіме құрастыруы;

  • Сұрақтарды дұрыс түсініп, жауап беруге үйрету;

  • Жыл мезгілдері мен жыл ерекшеліктерін білуге үйрету;

  • Орыс тілінде мақал-мәтелдер мен жыр шумақтарын білу;

  • Ауа-райы, уақыт, түстер, гүлдер, өлшемдерді және басқаларын да білу;

  • 0-ден 10-ға дейін тура және кері санау;

  • 10-ға дейін және одан да жоғары санауға үйрету;

  • Геометриялық пішіндерді білу,

  • Сан мен санауды, мөлшерді, көлемді білу;

  • Жануарлар әлемімен танысу;

  • Үй жануарлары мен жабайы жануарлар туралы түсінік алу;

  • Құстармен танысу;

  • Құстарға қамқорлық жасауға үйрету;

  • Бау-бақша туралы түсінік алу;

  • Әр түрлі мамандықтар туралы түсінік алу;

  • Ойыншықтар әлеміне саяхат жасау;

  • Ертегілер еліне саяхатқа шығу;

  • Түрлі мерекелерді атап өтуге үйрету және т.б


Орыс тілі пәнінің жылдық перспективалық жоспары

Ортаңғы топ

Айлар

I - апта

II - апта

III - апта

IV - апта

Қыркүйек

Знакомство.

Наш дом детский сад

Моя семья.

Мой мир. Мой друг

Время и погода

Қазан

Наши игрушки

Дары осени.

Витамины и продукты

В Огороде и в саду.

Овощи и фрукты.

Қараша

Работа по картине

«На прогулке»

Одежда и обувь

Части тела

Последние дни осени

Желтоқсан

Пришла зима

Зимние забавы

Моя родина

Новогодний праздник

Қаңтар

Кто где живет?

Дикие животные

В цирке

Дикие птицы

Ақпан

В гостях у сказки

Когда это бывает?

В уголке живой природы

Профессии

Наурыз

Пришла весна

Мамин праздник

Праздник весны. Наурыз-начало года!

Домашние и дикие животные

Сәуір

На жайляу.

Космос.

Перелетные птицы

Рассказ. Когда я выросту …..

Мамыр

Праздник 1 мая

Поиграем

Летом на ферме

Когда это бывает?

Жалпы көлемі: Жылына 36 сағат.

Орыс тілі пәнінің жылдық перспективалық жоспары

Ересектер тобы

Айы

Апта

Оқу іс-әрекет тақырыбы

сағат

Қыркүйек

1-апта

Знакомство. Наш дом детский сад

1

2-апта

Моя семья.

1

3-апта

Мой мир. Мой друг

1

4-апта

Время и погода

1

Қазан

1-апта

Наши игрушки

1

2-апта

Дары осени.

1

3-апта

Витамины и продукты

1

4-апта

В Огороде и в саду.

Овощи и фрукты.

1

Қараша

1-апта

Дорога в саду

1

2-апта

Мы рисуем

1

3-апта

Когда я выросту

1

4-апта

На прогулке

1

Желтоқсан

1-апта

Пришла зима

1

2-апта

Зимние забавы

1

3-апта

В уголке живой природы

1

4-апта

Новогодний праздник

1

Қаңтар

1-апта

Время играть

1

2-апта

Мир животных

1

3-апта

День рождения

1

4-апта

Части тела

1

Ақпан

1-апта

Одежда и обувь

1

2-апта

Счёт. Фигуры. Сравнение

1

3-апта

Посуда и пища

1

4-апта

В гостях у сказки

1

Наурыз

1-апта

Пришла весна

1

2-апта

В лесу

1

3-апта

Праздник весны

1

4-апта

На жайляу

1

Сәуір

1-апта

В гостях

1

2-апта

Космос.

1

3-апта

Мой город

1

4-апта

Рассказ. Когда я выросту …..

1

Мамыр

1-апта

Праздник 1 мая!

1

2-апта

День победы!

1

3-апта

Поиграем

1

4-апта

До свидания детский сад

1


Жалпы көлемі: Жылына 36 сағат.

Пайдаланған әдебиеттер:



  • Амонашвили Ш.А «Школа жизни». М: Издательский дом Ш.А.Амонашвили, 1998

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі ережелері. 1.001-2013

  • Қадыр Мырза Әли. «Санап үйренеміз». Алматы, ТОО «Алматыкітап», 2005

  • Э.Н.Баталова. «Менің алғашқы сөздігім». Алматы, ОАО «Алматыкітап», 2003, - 40 стр.

  • Э.Н.Баталова. «Алғашқы 100 сөз». Алматы, ОАО «Алматыкітап»,2003,-40 стр.

  • Э.Н.Баталова. «Түстер». Алматы, ОАО «Алматыкітап», 2004.

  • Э.Н.Баталова. «Ауа-райы». Алматы, ОАО «Алматыкітап», 2004.

  • Э.Н.Баталова. «Уақыт». Алматы, ОАО «Алматыкітап», 2004.

  • Э.Н.Баталова. «Өлшеу». Алматы, ОАО «Алматыкітап», 2004.


МАЗМҰНЫ



  • Пікір ................................................................................................

  • Алғы сөз .........................................................................................

  • Күтілетін нәтиже ......................................................................

  • Ортаңғы топқа арналған орыс тілі пәнінің жылдық перспективалық жоспары ........................................................

  • Ересектер тобына арналған орыс тілі пәнінің жылдық перспективалық жоспары.........................................................

  • Пайдаланған әдебиеттер............................................................


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет