Базальды қабат


Микроспория (этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емдеуі)



бет63/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413

71.Микроспория (этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емдеуі)
Микроспория. Дерматофитиялар арасында микроспория жайылған ауру болып саналады, оның қоздырғышы вируленттілігімен және өсімдіктерде, жануарларда, топырақта кең тараған болып келеді.
Этиологиясы. Микроспорияны шақыратын саңырауқұлақтар антропофильді және зооантропофильді түрлеріне жатады. Осыған байланысты екі клиникалық түрге – беткей және инфильтративті- іріңді микроспория болып бөлінеді.
Антропофильді саңырауқұлақтарға адамның терісі және оның қосалқыларын паразиттейтін, беткей микроспорияны түзетін Microsporum ferrugineum (тоттанған микроспорум) және Microsporum Audonii (Одуэн микроспорумы) жатады. Біздің елімізде өте кең тараған инфильтративті іріңді түрін шақыратын зоофильді саңырауқұлақтар (99%) – M. canis (ит микроспорумы) және M. folineum (мысық микроспорумы).
Антропофильді микроспорумдармен зақымдалу аурулармен қатынаста болған кезде немесе саңырауқұлақтармен инфицияланған заттар мен құралдар арқылы жұғады. Тоттанған микроспорум барлық белгілі патогенді саңырауқұлақтардың ішінде ең контагиоздысы болып саналады. Балалар ұжымында ауру бала болған жағдайда, көптеген балалар инфициялануы және аурудың лап ете түсуі болады, қарқынды организациялық және эпидемияға қарсы шараларды қажет етеді.
Зооантропофильді микроспорум 80-85% жағдайда ауру мысық пен иттерден жұғады. Саңырауқұлақпен инфицияланған заттар, құралдар (ойыншықтар, жастық қапшықтарынан, бас киімдерден және т.б.) арқылы жұғады. Соңғы кездері мысықтардан микотасымалдаушылық мүмкіндігі анықталды. Микроспория қоздырғышы сыртқы орта факторларына тұрақты: жануарлардан
тыс қоздырғыш қабыршақтарда 7 жылға дейін, ал жануарлар жүнінде 10 жылға дейін сақталады.
Микроспориямен негізі балалар ауырады. Жыныстық жетілу жасында аурудан өздігінен жазылу мүмкін. Ересектер ауырғанда тегіс терінің зақымдалуы байқалады. Микроспорумдер тырнақ пластинкаларын зақымдамайды. Соңғы жылдары балалардың саңырауқұлақты флорамен зақымдалуы жағдайлары анықталды. Жасырын кезең 2-3 аптадан 2-3 айға дейін созылады.
Балалардың микроспориямен ауруы иммунитеттің гуморальды-клеткалық факторларының дисбалансымен, қан сарысуында бактерицидті компоненттердің концентрациясының жетіспеушілігімен және 14-15 жасқа дейінгі шаш фолликулаларының фунгистазының деңгейінің төмендеуімен түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет