Ббк 1. Англ я у 57 рецензенттер



бет1/79
Дата20.10.2022
өлшемі0,88 Mb.
#154201
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Байланысты:
А.А.Унгарбаева АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ ГРАММАТИКАСЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ


А.А. Унгарбаева, А.Б. Нупилова


АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ ГРАММАТИКАСЫ


оқу құралы

Қарағанды 2011
УДК 802/809 (02)
ББК 81.2 Англ я 7
У 57


РЕЦЕНЗЕНТТЕР:
Ж.А. Есказинова - Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың шетел тілдері факультетінің ағылшын тілін оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы
Р.А. Айкенова - ҚММУ-дың орыс және латын тілдері кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент
С.К. Медиева - ҚММУ-дың шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы


У 57 Унгарбаева А.А., Нупилова А.Б. Ағылшын тілінің грамматикасы. Оқу құралы. Қарағанды, 2011 ж. –88 б.

У 57
ББК 81.2 Англ я 7


Оқу құралы медициналық колледждің мемлекеттік тілде оқитын күндізгі және кешкі бөлімдерінің 1-4 курс оқушыларына арнап құрастырылған. Оқу құралының басты мақсаты — оқушыларға жетік тілде ағылшын тілінің грамматикасын жеткізу, ағылшын тіліндегі грамматикалық құбылыстарды қазақ тіліне аударғанда пайда болатын ерекшеліктерге баса назар аударту.
Оқу құралы ҚММУ жанындағы медициналық колледжінің Әдістемелік Кеңесінің отырысында қарастырылды және бекітілді.
«_20_» __04__ 2011ж. Хаттама №_5_
ҚММУ ғылыми кеңесінде бекітіліп баспаға ұсынылды.
«_21_» _ 04_ 2011ж. Хаттама № 9_

© А.А. Унгарбаева, А.Б. Нупилова, 2011 ж.


Алғы сөз

Ағылшын тілін шетел тілі ретінде жете меңгеру үшін «Ағылшын тілінің грамматикасы» атты қосымша оқу құралын назарларыңызға ұсынып отырмыз.


Аталмыш оқу құралы медициналық колледждің мемлекеттік тілде оқитын күндізгі және кешкі бөлімдерінің 1-4 курс оқушыларына арнап құрастырылған.
Оқу құралының басты мақсаты мен міндеті — оқушыларға жетік тілде ағылшын тілінің грамматикасын жеткізу. Сонымен қатар оқушыларға ағылшын тіліндегі грамматикалық құбылыстарды қазақ тіліне аударғанда пайда болатын ерекшеліктерге баса назар аударту.
Берілген оқу құралында ағылшын тілінің негізгі грамматикалық тақырыптары бір ізділікпен берілген: зат есім, зат есімнің көпше түрі, артикль, есімдіктер, сын есім және үстеу, олардың шырайлары, сан есім, демеуліктер, there + to be (is/are) тіркесі, сөзжасам, етістік, көмекші етістіктер, бұйрық рай, жай сөйлемнің құрылымы, етістіктің шақ формалары, модальдық етістіктер, сұраулы сөйлемдер, сабақтас құрмалас сөйлем, ырықсыз етіс, шақтардың қиысуы, төл және төлеу сөз, инфинитив, есімше І, ІІ, герундий, шартты сөйлемдер. Әр грамматикалық тақырып оқушылардың жетік меңгеруі үшін ой шиеленісін туғызатын және күрделілігі әр түрлі деңгейдегі жаттығулармен бекітіледі.
Ағылшын тілін шетел тілі ретінде жете меңгеру үшін «Ағылшын тілінің грамматикасы» атты қосымша оқу құралында грамматикалық құрылымдарды сауатты қолдана отырып, оқушыларға ана тілінің негізінде шетел тілін үйрету, олардың өз ойын ауызша және жазбаша дұрыс, еркін баяндай білуге дағдыландыру, оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынасты іске асыру, шетел тілінде жазылған шығармаларды өздігінен пайдалана білу сияқты іскерлік дағдыларын қалыптастыруға және коммуникативтік құзырын дамытуға ықпалын тигізеді деп ойлаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет