Орфография емлесі
-er және -est жұрнақтары жалғанған кезде келесі ережені еске сақтаған жөн:
1. Егер сын есім –е-ге аяқталса, -er және -est жалғанған кезде бұл дыбыс түсіп қалады: larg + er, the larg+est.
2. Егер сын есім қысқа оқылатын дауыссыз дыбысқа аяқталса және алдында дауысты дыбыс тұрса, онда соңғы дауыссыз дыбыс екі еселенеді: big+g+er, the big+g+est.
3. Егер сын есім -у-ға аяқталса және алдында дауыссыз дыбыс тұрса, у – і –ға айналады: busy – busier – the busiest.
Бірақ егер дауысты дыбыс тұрса, у өзгеріссіз қалады: gay – gayer – the gayest.
Adverb
Үстеу
Сөйлемде қимыл, іс-әрекеттің сын-сапаның әр түрлі белгілерін, сипатын, жай-күйін білдіретін сөздерді үстеу деп атайды. Сөйлемде үстеу пысықтауыш қызметін атқарады.
Ағылшын тілінде үстеу жай, туынды және күрделі болып үшке бөлінеді.
Жай үстеулерге бір буынды үстеулер жатады: how қалай, there онда, here осында, мұнда, then сол кезде, сонан соң, soon тез.
Туынды үстеулер -ly суффиксі арқылы жасалады: quick- quickly, slow-slowly, bad-badly.
Күрделі үстеулер екі сөзден құралады: sometimes, anywhere.
Кейбір үстеулердің сын есімдерден айырмашылықтары жоқ: fast,long, far, little, much, early, late, straight, daily, weekly, monthly, friendly. Бұндай үстеулерді сын есімнен тек сөйлемдегі қызметтеріне қарай айыруға болады. Үстеу сөйлемдерде етістіктерді, сын есімдерді және басқа үстеулерді анықтай алады, ал сын есімдер тек зат есімдерді ғана анықтайды. Мысалы:
Үстеу: She did not stay long.
Сын есім: She was wearing a long dress.
Үстеулердің шырайлары сын есім шырайларына ұқсас жасалады, тек күшейтпелі шырайда белгілілік артиклі қолданылмайды:
Soon-sooner-soonest
Well-better-best.
Бекіту жаттығулары
Жаттығу №1.
Төмендегі сөздерден сын есімнің шырайларын жасаңыз:
Easy, beautiful, deep, small, young, old, comfortable, big, pretty, quick, high, tall.
Good, bad, little, much, many, far, simple, narrow, active, interesting, busy, gay.
Достарыңызбен бөлісу: |