Ббк 1. Англ я у 57 рецензенттер



бет32/79
Дата20.10.2022
өлшемі0,88 Mb.
#154201
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   79
Байланысты:
А.А.Унгарбаева АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ ГРАММАТИКАСЫ

Аяқталған осы шақ
The Present Perfect Tense
The Present Perfect Tense қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып, осы шақпен байланысты екенін көрсетеді. Бұл байланыс өткен іс-әрекеттің осы шақта қандай да бір нәтижесі болады. Аяқталған осы шақ қолданылған сөйлемдерде істің аяқталғаны баяндалып, бірақ уақыт көрсетілмеуі мүмкін.
Present Perfect-те, Past Indefinite-те өткен іс-әрекетті білдіріп, қазақ тіліне бірдей аударылады. Мысалы: I’ve read many books by Dickens. – Мен Диккенстің көп кітаптарын оқып шықтым.
Last year I read many books by Dickens. – Өткен жылы мен Диккенстің көп кітаптарын оқыдым.
Present Perfect пен Past Indefinite арасындағы айырмашылық мынада: Past Indefinite қимылдың, іс-әрекеттің белгілі бір уақытта өткен шақта болып өткен және осы шақпен еш байланысы жоқ екенін білдіреді. Ал Present Perfect осы шақта нәтижесі бар және өткен шақта белгілі бір уақытқа тәуелді емес өткен шақта болған іс-әрекетті білдіреді.
The Present Perfect осы шақта тұрған to have көмекші етістігі және Participle II–де тұрған негізгі етістік арқылы жасалады.


Формасы

Хабарлы

Сұраулы

Болымсыз

I have worked
You have worked
He has worked
She has worked
It has worked
We have worked
You have worked
They have worked

Have I worked?
Have you worked?
Has he worked?
Has she worked?
Has it worked?
Have we worked?
Have you worked?
Have they worked?

I have not worked
You have not worked
He has not worked
She has not worked
It has not worked
We have not worked
You have not worked
They have not worked





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет