27
жұрнағы жалғанғанда, ол тұлға қазақ тілінің жалпы құрылым-
дық нормасы (заңдылығы)
бойынша алдымен, затты, құбыл-
ысты емес, қимылды білдіреді, яғни етістік болып қалуы ке-
рек және ол әлі орындалмаған, бірақ жүзеге асуға таяп тұрған,
енді-енді орындалатын іс-әрекетті білдіруі тиіс. Мысалы,
ол жыларман болды
дегенде, «ол адам әлі жыламаған,
бірақ
жылауға тақау» деген ұғымды береді. «Көшерменде жұрт
жаман, тастарманда қатын жаман» деген мәтелде
көшермен
тұлғасы ауылдың әлі орнынан қозғалмаған, бірақ көшпелі
шаруашылық қамымен тозған орынды ауыстырып, отты-сулы
жаңа өңірге көшу қажеттігі таянған
қам-қарекетті білдіреді,
ауыл әлі көшкен жоқ, бірақ енді-енді көтерілетін кезі туғанда,
тозған жұрт «жаман» деген баға алады, тұздары жараспаған
жұбайлар да – сондай, қазақтың бұрынғы (мәтел дүниеге
келген кездегі) саясатында мұндай жұбайлар қазіргідей тепе-
тең тұрып соттасып айырылыспайды, ері әйелін «тастайды»:
төркініне қайтарады, үстіне әйел
алады немесе басына отау
тігіп, алдына мал салып, бөлек шығарады. Қазақтың әдет-
ғұрып заңы («Обычное право казахов» деген заң) бойынша
да, мұсылман дінінің шариғаты бойынша да бір күнде әйелін
«тастай салу»,
ажырап кету оңай болмаған, тастай алмай,
бірақ қарым-қатыстары соған әбден жақындаған сәтті қазақ
«тастарманда» деп бір тұлғамен білдірген. Қысқасы,
-ар+-ман
жұрнақтарымен жасалған тұлға қимыл, іс-әрекет семантикасын
сақтаған. Ал бұдан 30-40 жылдай бұрын, яғни 60-жылдардың
ішінде әдеби тілімізде
оқырман, көрермен, тыңдарман
деген,
біздің күндерімізде, 90-жылдардың соң кезінде
оралман
деген
атаулар пайда болды. Бұлар енді етістік емес, есім (зат есім)
сөздер, әлі орындалмаған, бірақ
орындалуға таяу тұрған іс-
әрекетті емес, сөз түбірі білдіретін қимылдың, іс-әрекеттің
(оқу,
көру, тыңдау, оралу
сияқты) иесін, орындаушысын атайтын
атау сөз, тіпті термин сөз болып тұр. Соңғы
оралман
тұлғасы
морфологиялық норманың шырқын мүлдем бұзып тұр, өйткені
адамдардың қимылына, іс-әрекетіне, кәсібіне т.т.
қарап
кел-
мен, күлмен, жүрмен, ойнаман, жазман, сызман
деп атамай-
мыз ғой. Бұл – нормада жоқ, қазақ тілінің құрылымдық заңды-
лықтары мұндай норманы білмейді, оған жібермейді. Соған
28
қарамастан, шет жұрттардан өз отанына қайтып келіп жатқан-
дарды «оралман» деп атап, оны ресми терминге айналдырып
та алдық. Бұл сөздер тілдік нормаға сай емес, қайшы келетін-
дігіне қарамастан, қазіргі әдеби тілімізге енді, оларды әсіресе
публицистикалық стиль, яғни бұқаралық ақпарат құралдары:
газет, журнал, радио, теледидар,
сондай-ақ ресми құжаттар
(кеңсе-іс қағаздар стилі) жиі қолданып, тез тұрақтандырып ке-
леді.
Тілдік табиғи нормаға кереғар мұндай қолданыстардың
пайда болу себептері неде? Тұлға тілдің құрылымдық ішкі нор-
масына қайшы келетіндіктен, оның пайда болу уәжі лингвис-
тикалық сұраныстан шықпаған, ол – жүйелі құбылыс емес. Де-
мек, бұл жерде уәжді, яғни себебін,
мотивін тілдің өз зандары-
нан тыс «экстралингвистикалық» деп аталатын сұраныстардан
іздеу керек.
Бұл күнде
оқырман
деп атап отырған іс-қарекет иесін көпке
дейін
оқушы
деп келдік. Соңғы
оқушы
деген тұлға мектепте
оқитындарды атайтын терминді де білдіреді, ал ертеректе: өткен
ХІХ ғасырда, тіпті ХХ ғасырдың басында мектеп оқушыларын
бірде
Достарыңызбен бөлісу: