Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


§26. Ер адамның фамилиясы  -ов, -ев, -ин



Pdf көрінісі
бет150/159
Дата20.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#181811
түріБағдарламасы
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   159
Байланысты:
file-6694
9 апта талдау тапсырмасы
§26.
Ер адамның фамилиясы 
-ов, -ев, -ин
жұрнақтары арқы-
лы жасалған болса,
-ов, -ев
жұрнақты фамилияларға қазақ 
тілінің қосымшалары түбірдің соңғы буынының жуан-жіңіш-
келігіне қарай жуан не жіңішке түрде жалғанып айтылады 
(және солай жазылады). Мысалы: 
Омаровтың, Омаровқа
(сөз 
түбірі – 
О-мар,
соңғы 
мар
буыны – жуан), 
Әуезовтің, Әуезовке
(сөз түбірі – 
Ә-уез,
соңғы 
уез
буыны – жіңішке), 
Мұсаевқа, 
Мұсаевтан
(сөз түбірі – 
Мұ-са,
соңғы буыны – жуан), 
Құдай- 
бердиевке, Құдайбердиевтен
(сөздің соңғы буыны 
ді – 
жіңіш-
ке). Ал 
-ин
жұрнағымен жасалған фамилияларға қазақ тілі 
қосымшалары әрдайым жіңішке жалғанып, жіңішке айтылады: 
Оразалинге, Дербісалинге, Сембинге.
§27.
Кейбір өлшем атаулары жазылуда шартты түрде 
қысқартылып беріледі. Ал қысқартулар не әріптерден, не ар-
найы алынған өзгеше белгілерден тұрады. Мысалы: 10 см, 5 
га, 3 мм, 10°, 40м, 100%, 220v, 70w. Бұларды ауызша айтқанда 
қысқартылып берілген әріптерді емес, сол әріптер білдіріп 
тұрған сөзді толық айту керек: 
он сантиметр, бес гектар, 
үш миллиметр, он градус жылы, қырық метр, жүз пайыз, 
екі жүз жиырма вольт, жетпіс ватт. 
Бұларға жалғанып 


280
тұрған қосымшаларды (олар дефис арқылы жазылып беріледі) 
оқығанда, белгілерге тіркеп емес, тұтас сөзге тіркеп айту ке-
рек. Мысалы:
көйлегімнің етегін 5 эсэмге немесе сымыға 
ұзарттым 
деп емес,
 бес сантиметрге ұзарттым 
деп айту ке-
рек. Сол сияқты:
 мәшине сағатына 60 км-ден жүріп отырды 
деп жазылғанды
алпыс километрден (алпыс ка-эмнен немесе 
алпыс км-нен емес) жүріп отырды, комбайыншы 400 гектар-
дай (га-дай емес) жердің егінін орды 
деп айту керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет