Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет16/159
Дата20.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#181811
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   159
Байланысты:
file-6694
9 апта талдау тапсырмасы
о, 
е
дыбыстарын айтуда орыс тілінің әсері байқалатындығы да тіл 
мәдениетіне назар аударушыларды алаңдатады.
Үшінші.
Радио, теледидар және баспасөз сияқты бұқаралық 
ақпарат құралдарының тіліне арнайы көңіл аудару да тіл 
мәдениеті шаруаларының бірінен саналады. Бұқаралық ақпарат 
құралдарының тілі дегенде, олардың сөз таңдап жұмсау 
әрекеттерінен бастап, орфографиялық, орфоэпиялық нормалар-
ды дұрыс қолдануларына назар аударылады. Бұлар өзгелерден 
екі есе көп жүк арқалайды: бірі – күнделікті газет-журналдар, 
сахна өнерпаздары, радио мен теледидар қызметкерлері тіл 
мәдениеті проблемаларын көтеру, тілдік нормаларды берік 
сақтау сияқты мәселелерді өздерінің тікелей насихаттауы, 
түсіндіруі, пікірталастар ұйымдастыруы болса, екіншісі – сах-
на мен радио, теледидар қызметкерлері орфоэпиялық норма-
ларды қалың көпшілікке үйретуші ұстаз болуға міндетті, ал 
баспасөз қалың оқырман қауымының тілін ұстартып, жазу 
сауаттылығын көтеруге мейлінше зор қызмет етуге міндетті.
Төртінші.
Шаршы топ алдында сөйлеу мәдениеті деген про-
блема да – жалпы тіл мәдениетінің бір пұшпағы, өйткені соңғы 
5-10 жылға дейін (тіпті 4-5 жылға десек те болар) шаршы топ 
алдында қазақ тілінде сөйлеудің аясы тар болып келді. Съез-
дерден бастап, мәслихат, мәжілістерде, жиын-жиналыстарда, 


38
тіпті торқалы тойлардың салтанаты мен топырақты өлімнің 
азаларында айтылатын сөздеріміз, көбінесе, орыс тілінде бо-
лып келгені аян. Демек, соңғы 50-60 жыл барысында (ең кейін-
гі 4-5 жылды қоспағанда) қазақ әдеби тілінде ауызша дұрыс, 
әсерлі, әдемі сөйлеу дәстүрін дамытатын «шаршы топ базасы» 
шағын болды, барларының өрісі тарыла берді.
Шаршы топ дегеніміз – көпке қарата сөз айтылатын жер 
және ол сөз әлеуметтік мәні бар, қоғам мүддесіне арналған 
әңгіме (тақырып) болуы керек. Бұл сөзді шешеннің сөзі неме-
се «шешендік сөз» деп те атап жүр, бірақ бұлайша атағаннан 
гөрі оны «шаршы топ алдындағы сөз» (орысша «публич-
ная речь») немесе «көпшілікке арналып айтылар сөз» деген 
дұрысырақ болар, өйткені қазақ ұғымында «шешендік сөздер» 
деп бұрынғы дәуірлерде өткен билер мен ел, ру басыларының, 
қысқасы, от ауызды, орақ тілділердің сөйлеу үрдісі танылады. 
Бүгінгі жиналыстарда (онда қатысатындар – «шаршы топ») 
шығып сөйлейтін қатардағы ұжым мүшесі мен, мейлі тіпті 
бастықтар мен кешегі билердің сөздері, әрине, бірдей емес. 
Бұл жерде әңгіме сөйлеуші қозғаған тақырыпта да емес, шар-
шы топтың үлкен-кішілігінде де емес, тыңдаушы топтың кім-
дер екендігі мен сөйлеуші шешеннің өз сөзін ұсыну (жеткізу) 
мәнерінде, дағдысында, қабілетінде, сонымен қатар екі дәуір 
шешендері сөздерінің мақсаты мен әлеуметтік жүгінің әртүрлі 
екендігінде.
Қысқасы, бұл жердегі айырмашылық бұрынғы бабалары-
мыздың шешендік өресі биік болып, қазіргі замандастарымыз-
дың ауызша сөйлеу қабілеті төмен екендігінде деп кесіп айтпа-
сақ та, бұл күнде топ алдында дұрыс, түсінікті, тіпті шешен 
сөйлеуге әлі дағдыланып болғанымыз жоқ, замандастарымыздың 
ішінде бірен-саранымыз болмаса, көпшілігіміз топ алдында 
жазылып сөйлей алмаймыз. Бұл жерде айтпақ ойымызды дәл 
жеткізетін сөздерді тауып алудан бастап, ойды жинақы, әсерлі 
етіп ұсыну, орфоэпиялық нормаларды сақтап, сөздерді бір-
бірімен үндестіріп айту, ойымыздың логикалық желісін үзіп 
алмай, дұрыс құру сияқты толып жатқан шарттарды орындау-
ға әлі машықтанбай жатырмыз. Міне, бұл орайда да тіл мәде-
ниеті діттейтін ғылыми да, практикалық та іс-қарекеттер 
баршылық.


39
Тек өзіміздің ғана емес, жалпы тіл білімінде, оның ішінде 
Еуропа, орыс тілдерін зерттеушілердің танымы мен пікірлері 
бойынша да, жоғарыда айтылғандарды былайша түюге бола-
ды:
«Тіл мәдениеті» – екі салада қолданылатын термин: бірі – 
осы тіркес білдіріп тұрған жалпы мағынада, атап айтсақ, әдеби 
тілді жазбаша және ауызша қолданғанда оның лексикалық
грамматикалық, орфоэпиялық, стильдік нормаларын сақтау; 
екіншісі – бұл терминмен тіл білімінің бір тармағы аталады, ол 
– тілді қатынас құралы мен ұлттық мәдениеттін қаруы ретінде 
дамыта түсу үшін, оның нормалануын ғылыми негізде зерт-
тейтін саласы. Тіл мәдениетін жалпы мағынада әңгімелегенде, 
алдымен, оның қолданыстағы нормаларын (орысша «рече-
вые нормы») сөз дұрыстығы, яғни тіл бірліктерін (сөздерді, 
тұлғаларды) дұрыс жұмсау және әсерлі, әсем етіп жұмсау деп 
бөліп қарастырылады. Тілдік нормаларды тек дұрыс қолданып 
қана қоймай, тіл құралдарын эстетикалық тұрғыдан да әсерлі 
етіп жұмсай білу адамның жалпы кісілік мәдениетін, ой-
парасатының дәрежесін, тілге деген ықылас-құрметін таныта-
ды.
«Тіл мәдениеті» дегенді ғылым тармағы ретінде сөз ет-
кенде, әңгіме тіл мәдениеті проблемаларын теориялық негіз-
дерге сүйеніп зерттеу болып табылады. Демек, тіл мәдениеті 
– ғылыми және практикалық іс-қарекеттерді қажет ететін сала, 
яғни ғылымның тәжірибемен тығыз ұштасып жататын тарма-
ғы. Тілдің қолданылу барысындағы көріністер мен құбылыс-
тар оларды ғылыми тұрғыдан талдап-танытуды талап етсе, 
ғылыми түйіндер мен тұжырымдар қолданыс заңдылықтарын 
дәлелдеуге, дұрыс-бұрыстығын негіздеуге мүмкіндік береді. 
Тегі, тіл мәдениеті саласындағы практикалық іс- әрекеттер 
ғылыми негіздемелерден біраз бұрын жүріп жатады да жеке 
бір құбылыс ретінде әлеумет назарына ілінуі оны ғылыми не-
гізде зерттей бастаған кезбен тұстас келеді.
Ғылым объектісі болғаннан кейін «Тіл мәдениетінің» тео-
риялары, теориялық арқаулары болады. Тіл мәдениеті тео-
риясының ең бастысы – тілдік норманы тану, талдау, зертте-
уге қатысты. Тіл білімінің тіл мәдениеті тармағы нормативтік 


40
грамматикамен, нормативтік фонетикамен және нормативтік 
стилистикамен ұштасып жатады, яғни қазіргі күнде норма 
деп танылған грамматикалық, фонетикалық заңдылықтар мен 
олардың қолданыстағы көрінісінің ұштастығы және сәйкестігі 
тілдік норма болып табылады.
Тіл мәдениеті теорияларының ішіне ұлттық әдеби тілге, 
көркем әдебиет тіліне қатысты ізденістер мен тұжырымдар 
да кіреді. Тіл мәдениетінің үлкен мәнге ие болып, қоғамның 
мәдени өмірінен орын алуы тіл дамуының барлық кезеңінде 
бірдей, біркелкі болмайды. Зерттеушілер дұрыс танығандай, 
тіл мәдениеті ұлттық жазба тілдің едәуір қалыптаса бастаған 
кезінде күн тәртібіне қойылады. Ұлттық тіл біршама дамыған 
кезеңдерінде де тіл мәдениеті проблемалары көтеріліп, көпшілік 
назарын өзіне аударатын тұстары да болады, ол – қоғамның 
әлеуметтік, саяси, мәдени тіршілігінде ірі өзгерістер, толқулар 
пайда болған тұсқа тура келеді. Мұндай өзгерістерді әртүрлі 
революциялық дүмпулер, демократилық қозғалыстың бел 
алуы, соғыстар, техниканың күрт дамуы сияқтылар туғызады.
Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің қалыптаса бастауы 
XIX ғасырдың соңғы ширегіне тұстас келгенмен, бұл кезеңде 
тіл мәдениетін сөз ететін қазақ қоғамының әлеуметтік, ағар-
тушылық, ғылыми базасы болмады. XX ғасырдың алғашқы 
онжылдықтарында оқу-ағарту едәуір жанданып, баспа ісі жолға 
түскенімен, күнделікті баспасөздің ауқымы арта түскенімен, 
білім-ғылым салалары өмірге келгенімен, 60-70-жылдарға 
дейін «тіл мәдениеті» проблемасы таным-ғылым объектісі 
бола алмай келді.
Қазақтың жазба әдеби тілі біршама бекіген, қоғамның ұлттық 
мүддесіне қызмет ету аясы едәуір кеңіген, функционалдық 
стиль тармақтары саралана түскен, білім-ғылымы едәуір 
дамыған кезі XX ғасырдың 50-60-жылдары болды, осы кез-
де «тіл мәдениеті» мәселелері көтеріліп, жұртшылық наза-
рына ұсынылды: Академияның Тіл білімі институтында ар-
найы бөлім ашылды, мұнда ғылыми зерттеулер басталды
пединституттар мен университеттердің филология факуль-
теттерінде тіл мәдениеті пәні оқытыла бастады, сөздің дұрыс 
қолданылуы диссертациялық жұмыс тақырыбына айналды, 


41
орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктер жарық көрді, әртүрлі 
анықтағыш құралдар ұсыныла бастады, тіл, сөз мәдениетіне 
арналған ғылыми-практикалық конференциялар өткізілді.
Ал 90-жылдардан бастап тіл мәдениеті проблемасына 
жұртшылық назары жаңа қарқынмен аударылғанын айта ала-
мыз. Мұның объективті себебі – қазақ тілінің мемлекеттік 
тіл статусын алып, әлеуметтік қызмет өрісін кеңейту үшін 
күрестің басталғаны болды. Соңғы жарты ғасыр ішінде қазақ 
тілінің сөздік қазынасында орыс тілінің өз сөздері мен орыс 
тілі арқылы еніп жатқан өзге тілдік сөздердің, оның ішінде 
интернационалдық терминдердің шамадан тыс көп орын алып 
кеткені де жұртшылықты қатты алаңдата бастады. Бұл ретте 
шет тілдік сөздердің өздері ғана емес, қазақ лексикасының 
толығу көздері мен бағытының ұлттық тіліміздің даму тен-
денциясына кері әсер ете бастағаны жұртшылық назарын 
аударды. Осы факторлар «тіл мәдениеті» проблемасының күрт 
көтерілуіне әкелді. 
Жоғарыда айтылғандай, тіл мәдениетінің басты практикалық 
та, ғылыми да объектісі норма мәселесі болғандықтан, сол 
нормалардың мейлінше тұрақтылығын – консерватизмді 
жақтаушылар мен оған қарсылар болатыны белгілі. Осы орай-
да пуризм құбылысының бар-жоқтығы көзге түседі. Пуризм 
дегеніміз – әдеби тілді, әсіресе оның сөздік қазынасын шет 
тілдік кірме сөздерден, тіпті жаңа жасанды тұлғалардан, ауы-
зекі сөйлеу элементтері болып саналатын жергілікті сөз-диа-
лектілерден, қарапайым сөздерден тазарту дегенді қостайтын 
ағым, күрес түрі. Қазақ әдеби тілінің алдыңғы кезеңдерінде, 
тіпті XX ғасырдың 20-30- жылдарының өзінде пуризм ағымы 
болған жоқ дегенді айтады зерттеушілер. Шындығында да, тіпті 
ертеден қазақ тіліне әр алуан каналдармен: діни оқу, мұсылман 
дінін ұстану, ортаазиялық түркі әдеби тілінің үлгісімен енген 
араб-парсы сөздерін, кейбір морфологиялық тұлғаларын (мы-
салы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет