Ббк 84 Қаз 7-44 б 78 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет15/31
Дата10.10.2019
өлшемі1,85 Mb.
#49622
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31
Байланысты:
Oralkhan B 1257 key 2 tom
Қазақ Т2 Үлестірме материал, Қазақ Т2 Үлестірме материал, Oralkhan B 1257 key 2 tom, Oralkhan B 1257 key 2 tom
тықыр таянған саябыр шақта, Нюра Фадеевна да «бисмилла» 
деп  жарық  дүниеге  шығып  еді,  «Үйбай-ау,  сен  тірі  екенсің 
ғой, қайдан жүрсің?» − деп әуестенгендерге: «Күйеуімді іздеп 
барып келдім, тірі, түрмеде отыр», − деп жалтара жауап берген. 
Бұдан соң ел қатарлы еңбек етіп, Отан соғысының сойқанын 
көруге жазды.
«аНалыҚ ҚҰрБымНыҢ ЖаҚСылығыН Қара ЖЕр- 
ГЕ  КІрГЕНШЕ  НЕГЕ  ҰмыТаЙыН.  ҚОлымНаН  Бар 
КЕлГЕНІ  −  БІлЕГІмДЕГІ  ЖалғыЗ  КҮмІС  БІлЕЗІГІмДІ 
ШЕШІП  БЕрІП  ЕДІм-аУ»,  −  ДЕП,  НҮрКЕ  КЕмПІр 
КҮрСІНДІ.
Соғыс  басталғанына  екінші  жыл  толғанда,  ойда-жоқта 
Қандауыр  оралды.  Өлгені  тіріліп,  өшкені  жана  қуанған 
Нюраның ерімен екеуі арасындағы қызық тым келте кесілген. 
Он күнге ғана сұранып келген Қандауыр бір аптадай еру болды 
да, айыпкер батальонның сапында, алғы шепке аттанып кете 
барған...  Содан  қайтып  оралған  жоқ...  Сталинград  түбінде 
ерлікпен қаза тауыпты. ал Көкен бір аяқтан айырылып оралды, 
бірақ елуінші жылдан асып жасай алмады. аналық алпысыншы 
жылдан аттап өте алмады
«ЖаТҚаН  ЖЕрлЕрІҢ  ЖарыҚ,  ТОПЬІраҚТарыҢ 
ТОрҚа  БОлСыН,  ЖарыҚТыҚТар»,  −  ДЕП  НҮрКЕ  
КЕмПІр КҮБІрлЕП БЕТІН СИПаДы.

140

Қатын  суының  жағасындағы  жалғыз  үйдің  түтіні  осы 
өңірдің  өмір  жалауындай  будақтап,  тіршіліктің  белгісін 
танытады.  Соңғы  бір  аптада  шайдай  ашық  тұрған  аспанның 
әр жеріне шарбыланып, көп кешікпей келетін күздің шабарман 
бұлттары  жүзе  бастады.  Көп  тостырмай  келер  күздің 
хабаршысы тек қаймақшыған бұлт қана емес, күн батып, қас 
қарая түсер салқын түннің дене қалтыратар суықтығы да,көп 
ұзамай келер күздің нышаны орман-тоғай, тау шалғынынан да 
біліне бастаған. Әсіресе, ара-тұра үркіп өсетін қайыңның балақ 
тұсы сарғайып, балдырлар қурайлана қурауда еді. ала бұлтты 
аспаннан қиқулап тырна ұшып, жылы жаққа қайтудың қамын 
жасауда. ал бал аралары болса, олар да үлкен әбігер үстінде: оты 
қашқан маңайды торуылдамай самғап ұшып, алыстан шырын 
жинап әлек. ана ара шағылыс ойынын доғарған, еркек аралар 
да  еріншек  тартып  тамаққа  ортақ  тоғышар  күйде  тырп  етіп 
ұядан  шықпай,  үйкүшік  мінезін  танытты.  Тек  еңбек  аралары 
ғана  жаздың  ең  соңғы  сәтін  пайдаланып  қалғысы  келгендей 
дамыл таппайды.
Бүгін  Ерік  пен  айна  омартадағы  барлық  ұяларды  қақтай 
сауып,  бал  шайқады.  Бастарында  ақ  қалпақ,  беттеріне  торлы 
пәрәнжә тұтқан, қолдарында түтіні будақтаған оттық. Таған да 
көмектескен  болып  жақындап  еді,  сезімтал  аралар  бөтенсіді 
ме, әлде бағана қояр да қоймай сұрап ішкен сыраның иісінен 
жиіркенді  ме,  дуылдап  кеп  талаған  араның  екеу-үшеуіне 
шақтырып,  шекесін  ісірген  күйі  басы-көзін  сабалап  тұра 
қашқан. Бұдан соң оған бал шайқайтын үлкен шелектің құлағын 
бұратып қойған.
Соңғы  кезде  сыраны  азайтып,  Нүрке  кемпірдің  ақылы 
бойынша қайнаған шөп ішіп, таңертең суық сумен шайынып, 
кешке моншаға түсіп, кәдімгі кісі кейпіне ыңғайланып қалып 
еді.  Сырадан  датыйып,  аузын  кептірген.  Бірақ  досының  бұл 
салауатты  қалпы  Ерікке  ұнаған  жоқ.  анда-санда  шешесінен 
ұрлап  бірер  саптыаяқ  салқын  сыраны  тарттырып  жібереді. 
Оның бұл қаскүнемдігін байқап қалған Нүрке кемпір келініне 
ағаш күбідегі бал сыраны төгіп таста деп тапсырса да, айна 
«Еріктен қорқам» деп баспаған, ал кемпірдің өзінде хал жоқ. 
«Ендеше, көрсетпеңдер көзіме» деп кейіген соң, үйден әкетіп, 
сеңкеге жасырған. Дегенмен, қазіргі Таған бұрынғы Таған емес, 

141
әлдеқайдаа  өзгерген,  өңі  кірген,  ептеп  толып,  шыр  жинаған. 
Таудың самал жел, салқын ауасы, мұңсыз-қамсыз оңаша тірлік 
батпаққа  батқандай  болып,  бойын  саусытып  жүретін  ауыр 
да  арам  індеттен  арылтып,  ұйыққа  айналып  сасып  жататын 
санасын сергіткендей еді. Әр нәрсеге ұрынып, өз-өзінен пәле 
іздеп жүрер мінезі жуасып, үнемі бір ой үстінде тұңғиық тарта 
тұйық,  оңаша  отыратын  әдет  пайда  болды.  Өзіне  жүктелген 
жұмысты  тиянақты  атқарады,  берген  тамақтан  тартынбайды. 
мұрнын  тескен  тайлақтай  тұр  десе  –  тұрады,  жүр  десе  – 
жүреді.  Бал  сақтайтын  сарайдың  ішіндегі  өзіне  тиесілі  нар-
төсектің  үстіне  жатып,  өткен  өміріне  шолу  жасап,  жақсысы 
мен  жаманын  есіне  алып,  есеп  шотқа  салса,  қосуынан  гөрі 
алу әлдеқайда көп екен. Ендігі қалған ғұмырын қалай аяқтары 
белгісіз, осы қолбала тірлігіне қорлана да бастаған. Ол мынау 
ұшқан құс,жүгірген аң әрең жетер Қатын бойын тұтас жайлап, 
сүйегіне дейін сіңіп кеткен ішімдіктің уыты, сол жалғыз жанын 
улаған індеті асқынып барып рухын кеулегені. Ит ішкірді енді 
қайтып татып алмауға қаншама рет ант берді. Бәрібір тамағы 
жыбырлап аңсары ауады да тұрады. Ең сұмдығы сол – ішпеген 
күні  таң  атқанша  түсіне  кіріп  өзін-өзі  тырмалап  аласұрады, 
қабырғаға басын соғып, білегін шайнап құтырынады, ұрынарға 
қара таба алмай, сақ-сақ күледі, еңіреп жылайды. Осы қояншық 
қылығы, шүкір Нүрке кемпірдің дәрі шөбін ішкеннен бермен 
бәсеңсіген.  Бұрынғыдай  емес,  шөліркеп  барып  басылатын. 
Таңдайы  кеберсіп  бара  жатса,  бас  жағындағы  су  шыныда 
мөлдіреп  тұрған  қарақаттың  шырынын  ішіп,  шөлін  басады. 
Ертеңінде шипалы шөптің тұнбасынан және бір стақан тартып 
алады. Осылайша өзінің маскүнемдік психологиясын жеңетін 
қуат  жинай  берген  шағында,  еріккен  Ерік  ермек  іздей  ме 
немесе өткен-кеткенді айтып, мұның ең бір осал жерінен ұстап, 
алдап-сулап алдырып қояды. Содан соң... Иә, бір саптыаяқтан 
соң екіншісі, одан соң баяғы «НЕГЕ БІЗ ОСы» деп басталар 
әлайлайына  көшеді.  ал  тоқтатып  көр,  таз  кепешін  қайта 
киеді. Ерік аң қарап кеткенде ғана ес-ақылын қайта жинаған 
сықылданады. Нүрке шешейден сөгіс естиді. Әрине, ол кісінің 
сөзі  «әке-шешеге  тартпаған  ынжық  неме»  деген  жазғырудан, 
намысыңды шабақтар зілді айыптаудан басталады-ай. «Осы мен 
кіммін, маған не көрінді?» деген сауалды жиі сауатын болып 
жүр. Бұл – айығудың алғашқы нышандары секілді еді. Оның 

142
үстіне айнаның сырлы аяққа тұндырған судай мөлдіреген бота 
көзі  барған  сайын  жан  сарайынан  сығалап,  жырым-жырымы 
шыққан  жүрегіне  нұр  құйғандай,  жыртық-жыртық  көңілін 
жамап  жасқағандай  ма-ау,  әйтеуір,  қырықтан  асқан  жасына 
дейін  көбең  тартып,  көнтеріленіп  қалған  сірне  сезімін  баяу 
тербеп  желпігендей  ме-ау...  мұнысы  қылмыс  екенін  біледі, 
бірақ ойламауға, қиялдамауға шамасы тағы да жетпейді. Соңғы 
кезде оған «Еріктің маған жасап жүргені қылмыс емес пе екен?» 
деген ой мазалаған. «Жоқ, қылмыс емес, егер ол омартаға ертіп 
келмесе, күйің қандай болар еді» деген екінші ой атойлайтын. 
рас-ау, үзілді-кесілді ішпей қойса, жығып салып аузына құймас 
еді ғой. Демек, бәрі де өзіне, өзінің азаматтығына байланысты. 
Тағанның азамат деген ұғымды ұмытқаны қа-ш-а-н.
Екінді өтіп, қас қарая омартадағы бар жұмысты ыңғайлап 
тастаған  қожайындар  кешкі  асқа  жиналды.  Күні  бойы  бал 
шайқайтын шелектің құлағын бұрап, флягқа құйылған зілдей 
балды сарайға тасып шаршаған  Таған  беті-қолын  жуған  соң, 
үйге  кіргісі  келмей  есік  алдындағы  молақ  қарағайға  құйрық 
басып отырып қалған. Көктегі шарбы бұлт кешке қарай ыдырап, 
күнбатыстағы  таудың  қыр  желкесіне  қоғамдасып  қалапты. 
Орманнан  жауын  шақырған  күшігеннің  сұңқылы  естіледі. 
Оқта-текте  елік  әупілдейді.  Қас  қарая  алқаракөк  аспанның 
ашық тұсынан жұлдыздар самсап, жерошақтағы әлі де сөнбей 
қызарған шоқпен таласа жымыңдасады. Қатын суының сарыны 
бұрынғыдай құлақ етіңді жемейтін секілді: әлде жуасыған, әлде 
тосын үнге Таған үйреніп кеткен. Жеңіл киімінен өткен кешкі 
салқын жауратып, бойын тоңазытқан еді, сонда да үйге кіргісі 
келмеді.  Осынадай  өз-өзінен  жүдеген,  өзінен-өзі  жиіркене 
шошынған,  өзінен-өзі  іші  ұлып,  сырты  жаураған  дел-сал, 
күйреуік халді алғаш рет осынау төр жайлауда Ерік ертіп келе 
жатқан жолда – орыс омарташының үйінің сыртындағы қашаға 
сүйеніп,  тұрып  сезініп  еді.  Екінші  рет  жер  болып  қорланған 
сәті,  тағы  да  сол  жолы  жылқышының  балалары  «қайыршы» 
деп  айқайлағанда,  бұғып  жатқан  намысы  бұлқынғандай 
болған. Бірақ ол кезде дәл қазіргідей терең күрсініспен парасат 
таразысына салған жоқ-ты, масаң сезімнің әуені меңдеп, тым 
тез ұмытқан да, үйреншікті әдетінің ырқында ысқыра шалқып 
кете  барған;  енді  сана  сарабына  салып  отырса,  орта  жасқа 
жақындаған жасында жанын садақалар мұрат-мақсатсыз лағып, 

143
ерегеспен есерсоқ ғұмыр кешіпті; тіпті өткен өмірін ғұмыр деп 
атаудың өзі де ұят, аспиранттың өмірінен бергі өткізген уақыты 
– ай тақыр бос, іс-түзсіз екен-ау... Сонда кімге ерегесті, кімнің 
қылшығы қисайды, кімдердің шат-шадыман тұрмысына ортақ 
болды,  кімдер  мүсіркеп,  «обал  болды-ау»  деп  маңдайынан 
сипады; оның бүгін ашқан жаңалығы – басқаны басындырмау 
үшін ең әуелі өзіңді жеңу, тек өзіңе сеніп, өзіңе өзің тәрбиеші 
болу; сен адамдарға керек емессің, адамдар саған керек; егер 
сен  өзіңнің  бұл  жалғанда  бар  екеніңді,  қолыңнан  іс  келетін 
іскерлігіңді  дәлелдесең  ғана  басқалар  назар  сала  бастамақ; 
жатқан  тастың  астынан  су  жүгіре  ме,  тәйірі;  демек,  талант 
дегеніміз  –  жігер-қуаты  бойында  жалындап  жүрген  жастық 
шағында, қарағұстан тиген соққы есеңгіретіп тастады, алғашқы 
соққыдан-ақ арманын күл-талқан етіп алды да, бар ашуы – ыза, 
өш-кегін өзінен алғысы келгендей ішімдікке салынды, жинап-
терген  білімін  сыраханаларда  айтып,  талайдың  таңдайын 
қақтырды; оның біліміне білгіштігіне тәнті болған студенттер 
үйірсек тартып, пір тұтып жүрді де, ой қайталауы көбейіп бара 
жатқан соң, сырғақсып кеткен; дос-жаран, құрбы-құрдастардан 
біртіндеп  айырыла  бастады;  ақыр  аяғында  әйелі  де  бұдан 
бас тартып баласын ертіп төркініне кетіп тынды; жалғыздық 
басталды; жұмыссыздық басталды; тайғанақ тағдыр басталды; 
ол  бәрінен  бұрын  студенттердің  алдында  көсіліп  оқыр 
лекциясын сағынатын. Иә, жастар аузын ашып, көзін жұмып 
тыңдаушы еді-ау, осы айнаны да сол жәудір көз студенттердің 
арасынан көрген секілді...
 − Әй, дәреттеніп болсаң, дәмге кел, − деген Еріктің айғайы 
Тағанның адамдыққа бастаған ойларын үркітіп-ақ жіберді. Ілби 
басып қараңғылықта ауызы жарқырай есінеген ол есігі ашық 
үйге беттеді. Тамаққа тәбеті шаппады, дастарқан басында қара 
көрсетіп  құр  бекер  отырғаны  болмаса,  қолын  табақтағы  етке 
жалғыз  рет  те  жақындатпаған.  Құрт  қосқан  ақ  сорпаның  бір 
кесесін ішті де: «болдым, рахмет», – деп, орнынан сыпайы ғана 
тұрып шығып кеткен. Ол шығып кеткен соң, Нүрке кемпір:
− ренжіткен жоқпысың? − деп ұлынан сұрап еді. Ерік: «Онда 
нем бар, өзі ғой бұртиып жүрген, − деп жауап берді. – Есен-саулы- 
ғында ауылға қайтарсам деп едім, жете алмай жолда қала ма 
деп қорқамын».

144
−  Қыстап  шықсын,  −  деді  шешесі.  –  ырысыңды  ішіп 
тауыспайтын шығар. ауылға барып не мәртебе табады дейсің. 
Енді-енді ғана есін жиып келе жатқанда, жат адамдай жатырқап 
қайтеміз, мені ана деп сыйласаң, ұлым, ақырғы қолқам болсын, 
тиме  оған.  Қайта  қолыңнан  келген  жақсылығыңды  аяма. 
Тағанның әке-шешесінен көрген жақсылығымды бір таң айтып 
түгесе алмаймын.
Шешесінің сөзін Ерік үндемей тыңдады, не мақұлдағаны,  
не  терістегені  белгісіз.  «Неге  ертіп  келдім»  деген  өкінішін 
сыртқа  шығарған  жоқ.  Және  неге  екені  белгісіз  ішкі  бір 
қызғанышы қыңсылап маза бермей жүргені де рас. Өзімнен асып 
кетеді-ау деген қауіптен гөрі өзі де білмейтін дүдәмал ой көңі- 
лінде  қөгенделіп  маңырайды  да  тұрады.  Досының  мәңгі  мас 
күйінде мәңгіріп жүре бергені ғана көңілін жай таптыратындай. 
ал Ерік тым ақылды, таңдайы тақылдаған білгіштерді суқаны 
о  бастан  сүймейтін,  тіпті  алматыда  оқып  жүрген  кезінде  де 
суырылып алға шығып шешенсінгендерді, аузы-басы көпірген 
білгішсінгендерді  иттің  етінен  ары  жек  көретін,  реті  келсе 
сөзбен  қағытып  немесе  қара  күшке  салып  оңаша  да  мытып-
мытып  алатын.  мейманасы  тасығандардың  мысын  басу, 
басына  бақ  қонғандарды  басындырмау  үшін  жаралғандай, 
ішегіне қыл айналдырмайтын қызғанышпен тарылып, қайтсе 
де мұқату, тым болмағанда мұрнын қанатсам деп, қаны қайнап 
өштікпен жауығатын. Ерік әлемдегі бірде-бір жеңісті, бірде бір 
атақ-даңқты, жекелеген адамдардың адамзатты таңғалдыратын 
табысы мен ерлігін мойындамайтын. мойындамайтын себебі: 
ондай  озып  шыққан  ғажаптарды  мәңгілік  деп  есептемейтін, 
бәрібір түбінде басқа біреу  қайталайды деп қабылдап,  өзінің 
де қолынан келетін әншейін нәрсе деп менсінбес еді. Нақтылы 
іспен шұғылданбай, аузынан суы ағып музыка тыңдайтындар, 
әләуләләп  ән  айтып,  жер  тепкілеп  билейтіндер,  көз  майын 
тауысып  кітап  оқитындар  мен  шұқшиып  кітап  жазатындар, 
табиғаттың өзінен күнде көріп жүрген көріністі қағазға қайта 
салатындар – осылардың бәрі-бәрі еріншек, елді алдаушылық 
әрі өздері ештеңе өндірмей, яғни жұмысшы-шаруаның күрек-
қайласымен  табылған  азыққа  ортақ  арамтамақтар  ғана... 
Жарайды,  әнін  айтып,  жазуын  жазып,  биін  билей  берсін, 
бірақ  қарны  қажетсінетін  ауқатын  өзі  тапсын,  өзіне  қажетті 
азық-түлікті  өз  қолымен  өндірсін,  демек,  егін  ексін,  мал 

145
бақсын,  станоктың  басында,  көріктің  қасында  тұрсын,  содан 
босаса  ғана,  әлгіндей  рухани  нәстелермен  әлектенсін...  Бір 
күн  ән  айтсын,  он  күн  дем  алмасын;  бір  кітап  жазсын,  бір 
жыл  қарекетсіз  сенделіп  жүрмесін;  осы  ауылда  ертеден  қара 
кешке  дейін  жұмыс  істеп,  кешке  өлең  айтып,  концерт  қойып 
жүргендер бар ғой, сол үшін еркелеп ел үстінен күн көруге бола 
ма?  Жазушы,  суретшілердің  көбісі  жұмыс  істемейді  –  еңбек 
стажы сонда да жүре береді, тіпті жап-жас жігіттер салақтап 
бос жүреді екен дегенді естігенде, тас-талқан болып ашуланып 
еді:  «Құдай-ау,  жалғыз  кітап  оқымай-ақ  жан  сақтап  келемін, 
ата-бабамыз да сөйткен, неменеге әспенсітеміз, неменеге табы- 
нып, тамсанамыз, өмірдің ең қажетті дүниесіндей-ақ дүрліге- 
міз  келіп:  адамзат  қара  танымайтын  сауатсыз  кезінде  де, 
шүкір,  өмір  сүре  білген...  Жо-жоқ,  еңбеккер  тапқан  азыққа 
ортақ  болмауы  керек,  өйткені  еңбек  сатылмайды,  сондықтан 
да қолдары күректен босағанда ғана қолына қалам алсын, ән 
салсын,  билесін;  айталық,  мен  шаруадан  қолым  қалт  етсе, 
аң  аулаймын,  бірақ  тек  қана  аң  аулауды,  жазуды,  ән  салуды 
кәсіпке  айналдыруға  болмайды;  міне,  біздің  қоғамымызда 
осындай  ақшасы  көп  арамтамақтардың  салдарынан  жұмыс 
күші  жетіспейді,  өйткені  көбіміз  ән  салып,  би  билеп  жүрміз 
және оларды жер-көкке сыйғызбай мақтайтынын, хан көтеріп, 
қастерлейтінін  қайтерсің.  Хемингуэй  деген,  не  жетпегені 
белгісіз  –  байлықтан  басы  айналып,  өзін-өзі  өлтірген  шалды 
білмей-ақ,  қанша  адам  жайбарақат,  жайма-шуақ  өмір  сүрді, 
өмір  сүріп  келеді;  немесе  Толстой  деген  шалды  менің  әкем, 
шешем оқығанды қойып, атын да естіген жоқ шығар-ау; бірақ 
одан  бүлініп  қалған  түк  жоқ,  аспан  ойылып  жерге  түспеді; 
ал анау Тағанды алайық, оқымағаны, білмейтіні қалмады. Не 
шықты,  қалтасында  көк  тиыны  жоқ,  менің  –  еңбекқордың 
есігінде жуынды-шайынды аңдып жүр. Сол ма – оқыған адам. 
Тегінде, біздің түбімізге жететіндер де – оқыған қулар. Ендеше, 
физикалық  жұмысты  рухани  еңбектің  құлына  айналдырып, 
қорлауға  болмайды».  Ит  арқасы  қиянға  өзі  ертіп  келсе  де, 
енді  құтыла  алмай  әлек  болған  Тағанның  алғаш  рет  ауылда 
көргеннен  көш  ілгері  кісі  болып  қалғаны  Ерікті,  шынында 
да,  алаңдатып  еді.  Байқастап  қараса,  соңғы  кезде  оған  деген 
шешесінің  де,  әйелінің  де  ілтипаты  өзгеше.  Әсіресе,  бұған 
ұнамағаны  –  өзі  жоқта  сыра  бермей,  қайта-қайта  моншалап, 

146
дәрі шөп ішкізіп, өбектегі бағып-қаққаны. Өлі жүні түспеген 
иттей болып жүретін бұралқы неме қазір қарға аунаған түлкідей 
құлпыра бастаған сыңайда. Егер осы қалпымен енді бір-екі ай 
бақса, баяғы студент кезіндегі жұтынған, жұлқынған Тағанға 
айналып, ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермей қайраттанып кетуі 
мүмкін.  ал  ондай  өзімен  үзеңгі  қағыстыратын  қарағымның 
Ерік  үшін  түкке  де  қажеті  жоқ.  Ендеше  есін  жиғызбаған 
қалпында  кепешін  кигізу  керек.  Осы  оймен  үйден  шыққан 
Ерік шолаңдағы бал сырадан көк құманға толтыра құйып алды 
да,  Тағанның  қара  шаңырағына  қарай  беттеді.  Бұл  кіргенде 
Таған екі қолын басына жастап, төбеге тесіле қарап, ой үстінде 
жатыр  еді.  Сықырлай  ашылған  есікке  марғау  қарады  да,  сол 
шалқасынан жатқан қалпын өзгерткен жоқ. Еппен басып кірген 
Ерік нардың шетіне отырды.
−  Бүгін  ерте  жатпапсың  ғой,  шаршаған  шығарсың,  кел 
мынадан тартып жібер, ұрлап алып шықтым, − деп сыра құйып 
ұсынды. 
− Соған бір түрлі тәбетім тартпай тұрғаны...
− мұның енді адам естімеген жаңалық болды, тек ұзағынан 
сүйіндірсін.
− мен өздігімнен ішкен емеспін, өзгелер іштіретін.
−  Кінәні  өзгеге  арта  салу  –  пәледен  құтылудың  ең  оңай 
жолы. айталық, мен өз кемшілігімді тек қана өзімнен көремін. 
Сен  ойлайтын  шығарсың:  бейне  бір  саған  қастандық  ойлап 
жүр  деп.  Егер  ондай  арам  ойым  болса,  ауылда  аунап  жатқан 
жеріңнен  тауып  алып  осында  ертіп  келер  ме  едім.  Сенсіз  де 
таңымыз  атып,  күніміз  шыққан.  айналдырған  аз  шаруаны 
айна екеуіміз-ақ дөңгелетіп аламыз. Құдайшылығыңды айтшы 
өзің – осында келгеніңнен құр болдың ба? 
 − Ол қамқорлығыңа рахмет. Өкінішім де, ренішім де жоқ. 
Бірақ  сен  мені  еркек,  ер  азамат  деп  есептемейтін  секілдісің, 
асын беріп айтақтап үргізетін аламойнақ сияқты көзге ілгің де 
келмейді.
− мен о бастан сөзге шорқақ, тұйық екенімді білуші едің ғой, 
сондықтан да үйірсектігім жоқ, тағылау мінезіме таңғалмай-ақ 
қой. Кейде айна мен анам да осы саяқтығыма өкпе білдіреді. 
Қайтеміз,  жаратылысымыз  солай,  көр  түземесе,  адамның 
қолынан келмейді. Үндемегеннің бәрінде үйдей бәле бар деу 
де қате. − Саптыаяққа құйған сыраны өзі демалмастан тартып 

147
жіберді.  Тартып  жіберді  де,  қайтадан  мөлдірете  толтырып 
құйды. Әлгінде ғана Еріктің сөзін жайбарақат тыңдап жатқан 
Таған мына оқыс көрініске таңданғаны соншама, басын қақшаң 
еткізіп көтеріп, орнынан тұрып кетті. 
−  Ей,  бәтшағар,  мұның  не  сенің?  Сен  де  ішуші  ме  едің? 
міне, ғажап! Өңім бе, түсім бе? 
Ерік  мырс  етіп  күлді,  күлген  бойда  және  бір  саптыаяқты 
өңешіне ақтара салды.
− Ішпегенде ше, у дейсің бе, қолдан ашытқан тап-таза бал 
сыра. Екеуіміздің айырмашылығымыз да сол − сен бір ішсең 
тоқтай  алмайсың,  ал  мен  асқындырмай  кез  келген  уақытта 
қоя саламын. Бұл дүниеде ішімдік татпайтын сопылар кемде-
кем, кейбірі жар салып күндіз, кейбірі жасырып түнде ішеді. 
мәселе,  досым,  сонда...Күндіз  ішкендер  –  ақымақ,  түнде 
ішкендер – ақылды. Сенің көкейіңде маған қойылар бір сұрақ 
бар, − деді Ерік қыза сөйлеп. − Ол сұрақтың төркіні – осынша 
байлықты, мол ақшаны жинай беріп не істейсіңге саяды. Өтірік 
деші осы ойымды...
− рас, реті келсе сұрамақ едім.
−  Сен  сұрамай-ақ  айтайын:  адам  болып  асқақтап  жүру 
үшін,  әркімге  бір  жалтақтап  жарамсақ  ғұмыр  кешпес  үшін 
қарызданып-қауғаланып итшілемес үшін...
− Сонда қалай...
−  Сонда  қалайды  қоя  тұр.  Өзің  айта  беретін  «Неге  біз 
осыны»  енді  мен  айтсам:  неге  біз  осы  байлығы  бар  адамды 
бандит деп есептейміз. Кім қабілетті – сол ғана байлық жинап 
алды. Баяғыда да сөйткен. ақымақтың аты – ақымақ, етегіне 
салған бір уыс бидайды төгіп-шашып алады немесе ап деп асап 
қояды; ол бидайды үнемдеп, егіп, баптап-күтіп, мол өнім алуды 
білмейді немесе ерінеді.
Салынып  ішпегендіктен  бе,  екі  саптыаяқ  сыра  Еріктің 
ежелгі салмақты мінезіне желік бітіріп, бетіне қан жүгіріп, есіп 
сөйлей бастады. майшамның жарығымен шағылысқан жанары 
жалт-жұлт  жайнап,  сұлу  ажарын  аша  түскендей.  Досының 
ағынан ақтарыла айтқан сыры желеу болды ма, әлде көптен бері 
ашылып сөйлесер жан таппай әбден ішқұса күй кешкендіктен 
бе, Тағанның да мұң қабыздаған көңілі жіпсіп, жүйкесі босап, 
әңгімеге араласқысы келгендей арқасы қоза бастады.

148
−  Кел,  Қарабауыр,  баяғы  базар  шақты  еске  алып  тартып 
жіберейік, мен саған алғаш рет қолқа салып отырмын, − деді 
Ерік саптыаяқтағы сыраны ұсынып.
−апыр-ай, қойсам деп едім, − деп қипақтады Таған.
− Ертеңнен бастап қойсаң да кеш емес.
− Бар пәле бір бастасам, қоя алмайтынымда болып тұр ғой. 
Жарайды,  енді...  сенімен  бұлай  отырмағалы  қашан.  −  Бастап 
жіберді.
− Ит-ай, әдемі ішесің, − деп сүйсінді Ерік. − Саған өзі бір 
түрлі  жарасады,  ал,  мен  у  ішкендей  тыжырынып,  жиіркеніп 
зықым  шығады...  Жалпы,  бал  сыраның  адам  организміне 
пәлендей зияны жоқ, сені құртқан – барматуха. ылғи коньяк 
қана  ішетіндердің  маскүнем  болмайтыны  содан.  Оны  былай 
қойғанда,  тау  халықтары,  әсіресе,  абхаздықтар,  грузиндер 
–  өмір  бойы  қолдан  жасаған  шарап  ішсе  де,  бірде-біреуі  дәл 
қазақ-орыстардай  сандалып  маскүнем  болып  кетпейді  ғой. 
Европада да шарапқа тыйым салынбаған, бірақ дәл біздегідей 
ауызын ит жалап көшеде жатпайды. Неге? Неге десеңіз, олар 
мәдениетті  ішеді.  Бар  пәле  ішуде  емес,  қанша  және  қалай 
ішуде. Осы араққа құмарлық, меніңше, ұлы Отан соғысынан 
басталды. Шабуылда батырлық жасау үшін ішті, Сталин үшін, 
содан  соң  жеңіс  үшін,  достық,  интернационализм  үшін  ішті; 
кейін жоспарды артығымен орындағандар, тың жерді игергенде, 
тағы, тағылар үшін сіміре берді, сіміре берді, «қойыңдар, түбі 
азып-тозып  кетеміз»  деп  тоқтау  айтар  адам  табылмады.  ал 
сенің осы сусынға қалай тап болғаныңды білмеймін, достым...
− Құйшы анауыңнан, − деп желіге бастады Таған, − қай-
қайдағыны  қозғадың  ғой.  менің  таңғалып  отырғаным,  өзің 
татып алмайсың, соның барлығын қайдан білесің?
− Немене естір құлақ, көрер көз жоқ кеще деп пе едің... Сен 
отыра  тұр,  өмір  бақи  дәмін  татпаған  ішімдік  әкелемін  қазір, 
−  деді  де  сарайдан  тез  шыға  жөнелді.  Ол  кеткен  соң,  Таған 
құмандағы  сырадан  өзі  құйып  және  тартып  жіберген.  Бұдан 
соң  жұлын  жүйкесі  босап,  құрыс-тырысы  жазылып,  неше 
күннен  бері  өнебойын  қысып  жүрген  арам  тері  маңдайынан 
бұрқ етіп шығып еді. Көзі шырадай жанып, бұлауға түскендей 
рақаттанды дерсің. Бағанағы мұң, нала, ой мен қырға жетелеп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет