Ббк 84 Қаз 7-44 б 78 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет22/31
Дата10.10.2019
өлшемі1,85 Mb.
#49622
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31
Байланысты:
Oralkhan B 1257 key 2 tom

келе жатқан қасірет. Ұзаққа созылған ауруым дейсің бе, жоқ, 
қалқам, оқыс болса быламыққа да тіс сынады, ішкенің алдыңда, 
ішпегенің артыңда, құс төсекте жатып та сырқаттана бересің – 
байқасам, жер қазып, мал бағып, егін орып жүргендерден гөрі 
ақсаусақтар көп аурушаң...Біздер, еңбек армиясында болғандар 
жаумен  мылтықсыз  шайқастық,  сондықтан  да,  әрине,  өлім-
жітім аз болды, сондықтан да қадірсіз болдық. Дене жарасынан 
жүрек  жарасы  әлдеқайда  ауыр  дегенді  ширек  ғасырдан  бері 
Құмырайға түсіндіре алмай-ақ келемін... Қайтейін, тағдырдың 
жазуы шығар. 

236
...ауылдан алғаш рет улап-шулап батыс қайдасың деп жүріп 
кеткенде бізді майданға апармай, қара жұмысқа салады деген ой 
үш ұйықтасам түсіме кірген емес. Барлығымыз да тепсе темір 
үзердей  азаматпыз.  алдымызда  шақырылған  жігіттер  секілді 
екі-үш ай дайындықтан өткізіп, содан соң қолымызға мылтық 
ұстап уралап жауға шабамыз деген үмітіміз Өскеменге келгенде 
үзілді. Кім болған күнде де пендеміз ғой, алғашында қуандық 
та. «Құдай сақтады-ау, бала-шағамыздың көз жасы жібермеді-
ау», – деп тілеу тілеген жігіттер де болды. Несіне мақтанайын, 
ондай  жымсыма  қуаныш  мені  де  меңдеген.  Үлкен  ағамыз 
ақтайлақ  пен  кіші  ініміз  Бағдат  менен  бұрын  шақырылған-
ды. Соғысқа кірдік деген алғашқы хаты келіп те үлгерген. Бір 
шаңырақтан  бір  адамның  аман  қалар  үміті  жылтырағандай-
тын. рас, ол арман орындалды. Бірақ қалай? 
ауылдан менімен қоса Қожақ, Қаймақ, Бура және Құмырай 
– бес жігіт бір күні, бір тізіммен аттанғанбыз. 
Сөйтіп,  Свердлов  облысын  бетке  алып  поезға  міндік.  Ол 
кезде, немене, поезд өте шабан, жүруінен тұруы көп, он күн 
дегенде діттеген жерімізге әрең жеттік-ау. Қара жұмыс, адамды 
адам  атып  жатқан  соғыс  емес  қой,  жігіттер  ал  дегенде-ақ 
қолдарына түкіріп, үлкен жігермен кірісіп-ақ кеткен. ал менен, 
неге екенін білмеймін, бір усоқыдай уайым кетпей-ақ қойғаны. 
майданға бармадым, кеудемді оққа төсеп Отанды қорғамадым 
деген,  жалынды  тілек  дейсің  бе,  жо-жоқ,  жарқыным,  олай 
десем өтірік айтқаным, ал мен өлсем де өтірік айта алмаймын. 
Жалғыз  күн  болса  да  жан  сақтай  тұрғысы  келмейтін  адам 
жердің  астында  да,жердің  үстінде  де  жоқ-ау...  Болған  күннің 
өзінде де ол не жарымес, не ауру... Қазір ойлаймын: егер мен 
соғыста, жауып тұрған оқтың астында жатсам да, қалайда тірі 
қалудың амалын іздер едім. Өйткені, жеңу дегеніміз – өзің өлу 
емес, өзгені өлтіру ғой. 
ал  дегенде  атойлап-ақ  кіріскен  жігіттер  күн  өткен  сайын 
қалжырай  бастады.  Жұмысты  кезек  бойынша  он-он  екі 
сағаттан  істейміз.  менің  еншіме  таңғы  сегізден  шығу  тиді. 
Қазатынымыз «Огнеупорный глина» деп аталатын ақ топырақ. 
Жарықтық  елеген  ұн  секілді  майда,  шайнасаң  тісіңе  тас 
тимейді. Экскаватор қазған тоң карьерге қарай вагон жүретін 
темір жолды жылжытып отырамыз. алғашында қырдан келген 
қазақ  жігіттері  бұл  жұмыстың  қыр-сырын  білмей  көп  әуреге 

237
түсті.  Бәлкім,  бізді  артық  шаршатып  жіберген  де  осы  істің 
ығын білмегеніміз шығар. 
Жүз шамалы жұмысшы бір барақта жатамыз. Барақ... Қазіргі 
жайлаудай  жап-жасыл  рақат  заманда,  әсіресе  жеңіс  күнінде, 
сол шақта көзбен көріп, бастан өткерген ауыртпалықты айтсақ, 
мүмкін қисынсыз да болып көрінер. 
Қуаныш үстінде қайғыны қаузау – әбестік те. Қиындықтан 
қашу  бар  да,  сол  қиындыққа  көндігу,  төтеп  беру  бар.  Бұл 
жерде  жалаң  төс  батырлықтың,  жалған  айғайшылдық  пен 
белсенділіктің  түкке  де  қажеті  жоқ.  Тек  қана  қайыспас 
қайсарлық,  неге  болсын  шыдап  кетер  көнтері  итжандылық 
қана керек болар. Тек қана қайыспас осы көмпістіктің арқасы 
шығар-ау. Әрине, біздерден кереметтей ерлікті ол шақта ешкім 
талап  еткен  жоқ,  ондайлар  болған  күннің  өзінде  арқасы- 
нан қағып аспандатар уақыт, не болмаса омырауына жылтыратып 
қадар белгі де жоқ еді. Соғыс кезінде қара жұмыста болғандар 
еңбегі  әлі  де  шын  мәнінде  бағаланбағанын  жасырып  керегі 
не.  Олар  туралы  үлкен  жиналыстарда  айтылып,  кітаптарда 
жазылған  жоқ.  Еңбек  әскері  қатарында  болғандар  –  белгісіз 
ерліктің  иелері.  Бірақ  олар  ешқашан  да  өздерін  қан  төгіспен 
келген Ұлы Жеңістен тысқарымыз деп есептеген емес. айталық, 
қақаған аяз, қалың қардың астында жатқан топырақты қазып, 
күндіз-түні  жөнелтпесек,  ол  отқа  төзгіш  топырақтан  металл 
қорытатын алып қазандар жасалмаса, демек, жауға атылар қару-
жарақ  уағында  жеткізілмесе,  бақайшағына  дейін  қаруланған 
басқыншымен  жұдырықтасар  ма  едік...  Сондықтан  да  Белка 
руднигінде  жілікті  де  сіңірлі  сандаған  азаматтар  жанталаса 
жұмыс істеді, әр күрек топырақты жаудың қанағатсыз көзіне 
шашты. 
Бірақ...  қызық,  біз  үшін  Гитлермен  соғысқаннан  гөрі 
қандаламен арадағы айқас анағұрлым ауырлау болғандай еді. 
ағаштан  қиып  жасаған  ат  шаптырым  сарайда  қатар-қатар 
ағаш  нар  бар.  Үстімізде  жамылар  көрпеміздің,  төсеніш  пен 
жастығымыздың  ішіне  сабан  тығылған.  Жаздың  күні  болса 
бірсәрі, қыста суық тартады екен. Түні бойы тісіміз-тісімізге 
тимей  сақылдап  ұйықтай  алмаймыз,  тек  жұмысқа  шыққанда 
ғана  қимылдаған  соң  бойымыз  жылынады.  Бірақ  әрі-беріден 
соң  көзімізге  ұйқы  тығылып,  қалғып-шұлғып  жүрер  едік. 
ауылдан келген бес жігіт алғашында жұбымыз жазылмай бірге 
ұйықтадық, бірге тамақтандық. Кісі сырт жерде жүргенде ғана 

238
бір-бірінің қадірін біледі ғой, бұрын ауылдас болсақ, Оралда 
туыс боп табыстық. Келгенімізге жарты жылдан асып кетсе де, 
ел-жұрттан хабар алмадық. Ішімізден іріктеп соғысқа жіберіп 
те жатты. Ондай жұлдызы туғандардың бақытына қызыға да 
қызғана қарап, шығарып саламыз...
4
алғаш  ақанды  әскерге  шақырғанда,  жалғыз  ұлыма 
екіқабатпын,  екі-үш  айлығында  іште  қалды,  –  деп  әңгімесін 
жалғастырды  алма  кемпір.  –  Тамам  әйелдер  жылап-сықтап 
күйеулерін  Күркіремеге  дейін  шығарып  салды.  ауылдан  екі 
шақырымдай жердегі Күркіреме бұлағы азаматтарды майданға 
аттандырар табалдырық секілді, алғаш соғыс басталғаннан бері 
сол жерге қаншама рет көз жасымызды көл етіп барып қайттық 
десеңші. Жалғыз-жарым емес, ерлері алынған немесе алады-ау 
деген  тамам  қатын  құндыздай  шұбап,  тобымыз  жазылмастан 
ере барар едік. Ол кезде, немене, жиырма бес шақырым жердегі 
аудан орталығы Катонға қатынар көлік жоқ, жолаушы шыққан 
адам  дорбасын  арқалап  жаяу  тартатын.  Сақылдаған  сары 
аязда арыстай бес еркек – бес бәйтерегімізді көзімізше өлімге 
шығарып  салып,  құр  сүлдеріміз  ғана  үйге  оралдық.  Басқаны 
білмеймін,  ауылға  денемді  ғана  алып  қайтқаным  болмаса, 
жүрегімді  ақан  алып  кетіп  еді...  Ер-азаматтың  қадірі  мен 
үшін  әсіресе  артық,  көзімнің  қарашығындай  қымбат,  жаным 
мен  бойымдағы  барымды  садақалар  ардағым  еді...  Отызға 
жаңа  толған  кезімде  бір  емес,  үш  рет  тұрмысқа  шығыппын, 
еріккеннен,  жеңіл  жүрісті  болып  желіккеннен  бе  екен... 
Тағдырдың иті оңдырмай қапса қайтейін... Ол сырымды шешең 
болмаса, сен білмейтін шығарсың, қалқам. Он бес жасқа жаңа 
толған  уыздай  жас  шағымда,  он  екіде  бір  гүлім  ашылмаған 
бота тірсек, бұла шағымда үлкен ағамыз Сәрсенді үйлендіретін 
қалыңмал таба алмай, байдың бір ынжық ұлына ұзатып жіберді. 
Жылай-жылай  кете  бардым.  менің  қалыңыма  алған  малды 
айдап беріп ағайыма келіншек әперді. Үш жылдай тұрған соң 
екі құрсақ көтердім. Көп ұзамай күйеуім қайтыс болды. Өзі де 
дімкәс, жарымжан адам еді. Екі баламды алып төркініме қайтып 
оралдым. Үлкенін бала көтермеген әпкеме – Дүрияға бердім, 
ал кішісі апамның бауырында өсті. Колхоздастыру басталғанда 
осы ақанның туған ағасы ахмет сөз салған. Өзі де тепсе темір 
үзетіндей, иықты әрі келбетті жігіт еді марқұм. Өзіме ме, жоқ, 

239
болмаса көзіме қызықты ма, екі баламен қалған жесір демей, 
кәдімгідей кәдесін жасап қада түсті (Жас кезімде жеңгелерім 
«жақсыкөз» деп атаушы еді). Тағы да ұзатылдым. Бір жылдай 
отастық. Шәй деспей тату-тәтті ғұмыр кештік. Құдайдың ісіне 
қарсы келген кім бар, аяқ астынан ол да сырқаттанды. Төсек 
тартып, саржамбас болып көп жатты. Бұлардың арғы аталары 
батыр болған ғой, тек қана тік сөйлеп, тік жүруге жаратылған. 
Иненің  жасуындай  қорлыққа  шыдамайтын,  басынан  сөз 
асырмайтан  өткір  де  өркөкіректеу.  Әсіресе,  ашуланғандары 
жаман, қаһарланса не қан қылуға, не қан болуға барар... (Ол 
мінез ақанда да, жалғыз ұлда да бар). Төр алдында ұзынынан 
түсіп сал болып тұра алмай жатқан ахмет бір күні мені қасына 
шақырып  алды  да,  еркелетіп  шашымнан  сипады.  «Жүдеп 
кетіпсің ғой», – деп жүзіме үңілді. Ондай әйелжанды мінезі жоқ, 
қатал да суық жігіт еді, бұл оқыс қылығына таң қалдым. Сонда 
ғана байқадым, оты сөнуге айналған жанарында жас бар екен. 
алты алашты аузына қаратқан арыстай азаматтың қатындарша 
босауы  менің  де  сай-сүйегімді  сырқыратты.  Бас  салып 
құшақтап,  басымды  бауырына  тығып  ботадай  боздап  жылап 
жібердім.  Ол  алақанымен  көз  жасымды  сүртті  де:  «Ертең-ақ 
тұрып кетемін, – деді күліп. – Неге екенін білмеймін, таңдайым 
таңдайыма жабысып шөлдеп барам, сусын әкелші». – Ойымда 
ештеңе  жоқ,  су  араластырған  сұйық  айранды  алып  қайтып 
оралсам...  қайтып  оралсам...  жез  мойын,  мүйіз  сап  пышақ 
қадалған ахметтің кеудесінен қып-қызыл қан, қып-қызыл қан 
аспанға шапшып жатыр... Талып қалсам керек, ахметті жуып-
шайып оң жаққа салғанда ғана есімді жидым. міне, осылайша 
екінші күйеуімді де қара жердің қойнына беріп, екінші рет қара 
жамылып, қан жұтып жесір қалдым. Содан бері мал бауыздаса 
жанына жоламай, ішек-қарнын аршуға бірақ келемін. Содан бері 
қызарған сұйық зат көрсем, көзім қарауытып, басым айналады. 
Содан  бері  ешқашан  да  қан  көрген  жоқ  деп  ойлайсың-ау, 
айналайын, көрдім, көп көрдім. Құдай алмаған соң жер басып, 
ырзығыңды  жеп  жүреді  екенсің...  ахмет  қайтыс  болған  соң 
ата-енемнің рұқсатынсыз төркініме кетіп қала алмадым. Тіпті, 
не  бетіммен  қайтып  барамын,  тіпті,  барған  күннің  өзінде  де 
қанды көйлек деп үйге кіргізе ме. Сыртқа шыға қалсам ауыл 
адамдары әзірейіл көргендей, шошына қарап, теріс айналатын 
болды. Су алуға өзенге барғанда Бұқтырмаға ағып өлейін деп, 

240
сан рет оқталдым да, шыбын жанымды қия алмадым. мүмкін, 
бала-шағамның бақыты жібермеген шығар. 
ақан ағасы өлгенде жиырмаға жаңа толған жас жігіт еді. 
Көп  сөйлемейтін,  ағасындай  емес,  тұйықтау  әрі  талдырмаш, 
жуас болатын. Колхоздың жұмысына ерте кетеді, кеш келеді. 
Жүзімізге дұрыстап қараған да емеспіз. Бір күні ата-енем мені 
шақырып алды да: «Келінжан, ахметтің өлімі үшін жолы ауыр, 
аяғы құтсыз деп сені кінәлап қайтеміз. Жазмыш солай шығар, 
өлген азамат тіріліп келмейді. Бүкіл бала-шағамызбен сені шын 
жақсы көреміз. Қимаймыз. Бұл үйдің босағасына сендей келін 
түссе, одан артық қуаныштың керегі жоқ. ахмет қайтқанмен, 
шүкіршілік, құр алақан емеспіз, інілері бар, әмеңгері табылады. 
Қарсы  болмасаң  ақан  екеуіңе  неке  суын  ішкізуді  қош  көріп 
отырмыз. Онымен ақылдастық, жөн-жосықты білетін бала ғой, 
«жеңгемді қаңғырта алмаймын» деді жарығым. 
мен  не  дерімді  білмедім,  тіпті,  өзіме  өзім  сенбедім  де, 
бар  қолымнан  келгені  –  жыладым...  Тәңірім-ау,  үшінші  рет... 
Санын қойшы, күні ертең ақан оқыс болып кетсе, қара жер қақ 
айырылып, түсіп кеткенім оңай емес пе. «Ол – жас қой» дедім 
дірілдеген сенімсіз үнмен. «Бес жас қана кішілігі бар, бес жас 
- бел құрдас деген». 
мен тек қана ата-енемнің көңілін қимай тұрмысқа шықтым 
осы  шалға...  Кейін  жарасып  кеттік.  Дүниеге  үш  қыз  келді. 
Төртінші  балаға  жүкті  кезімде  соғыс  деген  сұмдық  шықты 
ғой... 
Ер  азаматтың  бағасын  мендей  білер  ешкім  жоқ  дегенім 
содан  да.  Бардың  қадірін  сезіну  үшін  жоғалту  керек  екен, 
тоқтықтың  қадірін  білу  үшін  ашығу  керек  екен.  Біз  бәрін  де 
көрдік. 
Бұрын  Бұқтырманың  жағасындағы  екі  бөлмелі  төбесі 
шатырланбаған  тоқал  ағаш  үйде  тұрушы  едік.  Оның  өзі 
Ережеп байдың мағауия деген баласының қыстағы. Кәмпіске 
кезінде  ахмет  арзан  бағаға  сатып  алса  керек.  Үйелменіміз 
үлкен:  ата-енем,  қайныларым:Ботай,  Қатай,  Жеңісхан,  қайын 
сіңлілерім: Сандуғаш, Қарлығаш, Әсия; өз қыздарым: Шолпан, 
айман,  ләззат  бар  және  біреуі  ішімде.  Әжетке  жарағандары 
–  төртеуі  ғана,  қалғандары  әлі  жас,  құстың  балапаны  секілді 
кешке  шаршап-шалдығып  жұмыстан  келсең  аузын  ашып, 
тамақ  дәметіп  отырады.  Бар  ауыртпалық  маған  түсті,  колхоз 
басқармасы  қайда  жұмсаса  –  сонда,  екі  етекті  түріп  салып 

241
шапқылаймын да жүремін. Ол кезде, бәлкім, заманның талабы 
солай  болды  ма,  жоқ  жергілікті  басшылар  жесір  әйел,  жетім 
балаларды тым басынып, әпербақандық жасап жіберді ме – ол 
жағын  ашып  айта  алмаймын.  Әйтеуір,  аяушылық,  жағдайға 
қарау дегенді білмейтін. Таң бозынан есік алдында ат ойнатып 
айғайлап  оятады,  қас  қарайып  жұлдыз  туғанша  жұмысқа 
салады.  Кейде  ай  жарығымен  де  жер  жыртып,  арық  қазып, 
жазда шөп маялап жүрдік. Сондықтан да жеңген шығармыз... 
мүмкін, солардың арқасы шығар жеті басты жауды айдап ініне 
тыққанымыз... 
Жарықтық көктем де туды-ау. маған, жылдағыдай емес, қар 
ерте еріп, жер тез қарайғандай болып сезілген. Тоң жібіп,топырақ 
бусанғаннан-ақ,  жер  жыртып,  дән  себуге  шықтық.  Он-он  екі 
жасар балалар – ат айдаушы. Соқаға екі ат, құлынды бие, кейде 
өгіз, қысыр қалған сиырларды жегетінбіз. алғашында мен соқа 
ұстадым, содан соң тісті тырмаға ауыстырды. Тырманы жалғыз 
ат  тартады,  мен  жетелеп  жаяу  жүріп  отырамын.  Бұл  соқа 
ұстағаннан  гөрі  жеңілірек  тиді.  Байғұс  ғайша  жаны  ашыды 
ма,  басқармаға  барып,  менің  жүкті  екенімді  айтып,  өзінің 
аспазшылық  орнын  маған  берді.  Тасқайнат  ылғи  саңқылдап 
сөйлеп,  жарқылдап  күліп  жүретін  көңілді  әйел  еді,  соғыстан 
соң жіңішке аурудан қайтыс болды. 
аузымыздағыны  жырып  майданға  жібереміз  де,  өзіміз 
шиқылдап аш жүретін едік. Оразамызда ашпай жер жыртып, 
өзегіміз талған соң аңыздағы былтырдан қалған масақты теріп, 
қуырып жейміз. ал колхоз сотық орындағандарға бір аяқ көжені 
артық беруші еді. Жалғыз қарағайдаң бүгінде ақтаңлақ болып, 
сортаңы  шығып  жатқан  даласын  қаражондап,  таспадай  тіліп 
тастаған  әйелдер  қарға  адым  жердегі  үйіне  бара  алмай,  қос 
басында түнейтін. Үйлерінен ала келген қомшасын төсей салып, 
әлі сызы дегдімеген топырақтың үстіне құс төсекке аунағандай 
жата-жата  кетер  едік.  Қар  көк  аспан,  сол  қаракөк  аспандағы 
сансыз  жұлдыздарға  телміріп,  әрқайсымыз  өз  жарымызды 
емірене  еске  алушы  едік;  содан  соң  ғайша  шалқар  үнімен, 
мұқым  даланы,  іргеде  ғана  үн-түнсіз  қалғып  тұрған  тауды 
жаңғырықтыра ән бастайтын; ол әнді қатар-қатар жерде жатқан 
әйелдер іліп әкетіп, қосыла шырқағанда зіл болып басқан ауыр 
шаршаудан, еңсені езген зұлмат қайғыдан арылып, бақыттың 
бір сәттік тәттісін таусар едік; көңіліміздің көк дөненін ерттеп 
мініп, өзіміз де білмейтін жұмаққа аттанар едік; мұрынға жаңа 

242
жыртылған жердің дымқылы келіп, сағыныштың – ер-азаматқа 
деген  аңсаудың  астарында  бойымыз  балқып,  себепсіз  масаяр 
едік... Осы кезде қара жерді дүрсілдетіп ауыл жақтан ақ боз ат 
ағып  келе  жатар  еді.  ақ  боз  аттың  үстіндегі  колхоз  бастығы 
Нартай екені бәрімізге мәлім. Түн жамылып келіп, үйіне қашып 
кеткен  әйелдер  жоқ  па  дегендей,  түгендеп  қайтар  әдеті  бар. 
ауыздығын  қарш-қарш  шайнаған  атын  ойнақшытып,  айғай 
салды:  –  Жолдас  қатындар,  қазір  мен  аттарыңды  атаймын, 
«менмін» деп дауыстап орындарыңнан атып тұрыңдар. 
Сұлап-сұлап  жатқан  әйелдердің  ешқайсысы  үндеген  жоқ. 
ғайша жарықтық батыл еді ғой, оның сөзін естімеген кісімсіп, 
тағы да бір әнді әуелете шырқап қоя бергені. 
ау, Гүлайым, Гүлайым,
Ойламашы уайым,
майдандағы ағайдың
Денсаулығын сұраймын.
Біз  қосыла  жөнелдік.  Нартай  бастық  не  істерін  білмеді. 
Бар қолынан келгені ақ боз атымен тапап кетердей омыраулата 
тебінді. Есті жануар есерсоқ иесінің бұл қылығына көне қоя ма, 
ән айтқан тірі кісілерден тайсақтап қайта-қайта ала қашады. 
– Ән айтасың, ә! – деп кекетті ғайшаны. 
– Ән айтамыз.
– Шаршамаған екенсің, ә?
– Шаршаған жоқпыз. 
–  мен  сені  шаршатармын,  қара  қаншық.  (Ұят  болса  да 
айтайын.  Ол  кісі  былапыт  сөзді  көп  араластырмай  сөйлей 
алмаушы  еді  ғой).  Ертең  кеңсеге  кел,  –  деп,  атын  сауырлап 
ауылға қарай құйын-перен шапқылай жөнелді. 
–  Қолыңнан  келгенін  аяма.  Көп  болса  борананы  жаяу 
сүйретерсің, пішту, – деп, артынан топырақ шашып долданады 
ғайша. Біз мәз боп күлеміз. Күлкіміздің ертең көмір боларын 
да білеміз, бірақ көзімізден жас аққанша күлеміз. Бұл тіпті де 
күлкіден  туған  жас  емес-ті,  басқа...  Қайғыдан  бастау  алып, 
күлкіге айналған жас еді... Түннің бір уағында тоңазыдым ба, 
болмаса  құлағымды  жаңа  жандана  бастаған  құрт-құмырсқа 
жыбырлатты ма – оянып кеттім. Талығып барып ұйқыға бой 
алдырған  әйелдер  біреуі  қорылдап,  біреуі  пысылдап  бүрісіп-
бүрісіп  жатыр.  Ішін  тартып,  өксіп  барып  екінші  жамбасына 
аунап түскен ғайша, ашылыңқырап қалып еді, іргесін қымтап 
қайта  жауып  қойдым.  Қолым  денесіне  тиіп  кетті  ме,  «алла, 

243
алла, бұ кім», – деп басын қақшаң еткізіп жұлып алды. «мен 
алмамын ғой», «Түу зәрем ұшып... Нартай екен деп...» Басын 
бүркеп  қайтадан  жатып  қалды.  Содан  соң  ұйқым  келсейші, 
көзіме  ине  тіреп  қойғандай  кірпігім-кірпігіме  айқаспады. 
Ойыма  қай-қайдағы  түседі...  Сон-а-ау  қаракөк  аспанда  көз 
қысысып, жердегі біздерге елжірей қарап тұрған жұлдыздарды 
теріп  алардай  телміремін.  Кейбіреулері  зу  етіп  ағып  түседі. 
Әр аққан жұлдыз – өлген адам деуші еді, ескі көз қариялар... 
«Құдай  сақтасын,  –  деп  күрсіндім,  –  бетін  ары  қылсын». 
ақан әскерге аттанар түнді есіме аламын. Онда да таң бозына 
дейін кірпік ілмеп едік қой... Темір пешке маздатып от жағып 
қойып, күбір-күбір сыбырласқанбыз. арамызда ел айта беретін 
сүйіспеншілік,  ғашықтық  деген  ыстық  ынтызарлық  болмай, 
тағдырдың  жазуымен,  ата-ананың  ұйғаруымен  оқыстан 
қосыла салсақ та, күн өткен сайын өзіміз де сезіп, байқамай 
қалған жұқалаң сезім, жұмбақтай жіп мәңгі айырылмастай ғып 
матап, байлай бастаған. Ол мені есік көрген ересек әйел деп 
қорламады,  тіпті  үш  қызды  дүниеге  әкелген  әке  болған  соң, 
қалай басынамын десе де көнер едім, өйткені менің бұл үйден 
басқа  барар  жер,  басар  тауым  жоқ  еді...  Қашан  шашымнан 
сүйреп, шығарып тастағанша қолындағы құлы, есігіндегі күңі 
боп өтуге бекінгенмін. Бірақ ақаннан ондай тәйтік мінез, суық 
жүріс  сезілген  емес.  Кейде  қатындар,  қалжың-шыны  аралас: 
«алма, сенің сиқырың бар ғой деймін. Күйеу-қайның дуалап 
тастағандай сенен шырғалап шықпайды. Уыздай жас келіншегі 
бар еркектер бүйірімізден түрткілеп тыныш жүрмейді. ал ол 
болса бетімізге тура қарап, көз қысқан емес», – деуші еді. 
Құдайдың  қарғысына  қашанғы  ұшырай  берем,  мейірімі 
маған да түскен шығар. 
ақанда  жалғыз-ақ  арман  бар  еді.  алайда  ол  арманын  да 
күйеуімсініп  күйгелектеніп  немесе  аһ  ұрып  күйзеліп  айтпай, 
соғысқа  шақырылған  түні  ғана  шашымнан  сипап  жатып, 
еркелетіп назбен білдірді ғой.
–  алма,  –  деді  ақырын  ғана  сыбырлап.  –  мен  болсам 
қанды жорыққа аттанамын. Оралармын, оралмаспын – екеуі де 
суішкілікке байланысты екіталай дүние. 
–  Ораласың,  ақаным,  сөз  жоқ,  ораласың,  –  деп  жылап, 
мойнынан  қапсыра  құшақтай  алдым.  –  Сені  де  жоғалтуым 
мүмкін емес. менде не қалады сонда?

244
–  ақырын,  балаларды  оятасың,  –  деді  алақанымен  жасқа 
толы  жанарымды  сүртіп.  –  Жүдеп  кетіпсің  ғой...  «Құдай-ау, 
– деймін ішімнен, – Құдай-ау, ақмет ағасынан айнысайшы, ол 
да шашымнан сипап, осы сөзді айтып еді ғой, ол да... өлерінде 
осы сөзді...» Өксігімді баса алмай зар еңіредім. 
– Қой, жылама, жаман ырым бастап... ендігі үміт, ертеңгі 
ғұмырым  сенің  құрсағыңда.  Өмірге  құлын  келсін,  ат  ұстар 
ұлым  келсін...  Өзгесінің  барлығы  өзекті  жанға  түк  емес. 
Күндей күркіреген соғыстың шегі болмас дермісің. Келермін, 
келмеспін  кіндігімді  жалғап,  түтінімді  өшірмесең  –  бұдан 
артық бақыттың керегі жоқ.
...ақанымның маған қалдырған аманаты жым-жырт, ішімде 
жатыр.  ақырын  ғана  сипап  қоямын.  Дөңбекшіп  жамбасым 
талған  соң,  тұрып  кеттім.  ай  әлі  туа  қоймаған  өліара  кез 
еді,  неде  болса  түн  жамылып,  үйге  барып  қайтуды  ойладым. 
Жалғызқарағайдың сайлауына түсіп, тоғай арасындағы жалғыз 
аяқ соқпақпен ауылға төтелей тарттым. 
Ол кезде есіктің сыртынан, не ішінен бекіту жоқ еді ғой. 
Үйдің  ішіндегі  адамдардан  басқа  іліп  алар  заты  болмаса 
ілгек  салып  қайтеді.  Қараңғыда  сипаланып,  оттық  іздеп 
жүріп, шелекке аяғым тиіп кетті. «алмамысың», – деді енем. 
«менмін». «Шүйінші, ақаннан хат келді». «айналайын, апам-
ау, рас па». «рас, алмажан, рас».
аттанғалы келген алғашқы хаты... майшамның өлеусіреген 
жарығында  үшбұрыштанған  хатты  қолым  дірілдеп,  асығыс 
аштым  да,  дауыстап  оқи  бастадым.  атам,  қайындарым  мен 
қыздарым қыбырлап оянып, үрпиіп-үрпиіп тыңдап отыр. 
ақанның  хаты:  «аса  құрметті  үй-ішім,  бала-шағам!  ал- 
тайдың  асуындай  Бұқтырманың  тасуындай,  күннің  қызуын- 
дай, жүректің жылуындай сағынышты сәлемімді жолдаймын. 
мен  аман-саумын.  майданға  жібермеді,  Орал  деген  таудағы 
кенде  жұмыс  істеп  жүрміз.  Жағдайымыз  жақсы...  Тамақ  тоқ, 
баспанамыз  жылы  дегендей...  Жұмысы  да  жеңіл,  жанымыз 
қиналып жүрген жоқ, кезектесіп істейміз. Бар уайым – сендер 
ғанасыздар.  алма,  он  шақты  адамды  асырап-сақтау  саған 
қиын тиіп жүрген шығар. Шыда, жаным, жауып тұрған оқтың 
ортасында жүрген жоқпын ғой, дәм тартса мен де оралармын. 
Бізге  осыншалық  мейірімі  неге  түскенін  білмеймін.  Тәңірдің 
берген  сыйы  шығар...  Тіпті  жігіттер  жардай  болып  семіріп 
алды... аз-мұз айлығымыз бар. алғашқысын сендерге жолдап 

245
отырмын.  Елде  қандай  жаңалық  бар?  майданға  аттан- 
ған  ағайын-туғаннан  хабар  бар  ма?  ақтайлақ  пен  Бағдаттан 
хабар  келді  ме?Сұраған  жанға  дұғай-дұғай  сәлем  айт.  Бала- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет