діңкелеткен ой жоқ, − жаны жасарып, жайлаудың шалғынына
аунаған құлындай құлдырақтап масайрады. Тағы да құйып
149
ішпекке ұмтыла беріп еді, қолында шыны құтыға құйған арағы
бар Ерік кірді.
− Өзім ішпесем де, міне, мынандай арақ жасаймын,
қайыңның шырынына тұндырылады. Барлық технологиясын
ашып айтпаймын, секрет. Осындай он шақты шөлмекті
Прохорға әзірлеп қоямын. Ол маған қажет десем, адамның
жанын тауып әкеліп береді. Енді екі-үш күннен соң келіп қалар.
Движоктың жанар майы таусылып, қараңғыда қалдық...
− Бензинді де сол әкеле ме?
− Бензин болғанда – аэробензин, төресі... оның бір тап-
сырмасын орындай алмай жүрмін.
− Ол қандай?
− аюдың, қонжығының терісі. Әнеугүні мен ойға кеткенде,
екі баласын ерткен кірекей омартаны торуылдапты. ал мен
қазір іздеп таба алмай жүрмін.
− Сен жоқта ғана келсе, сезеді екен ғой. Хайуан-ай,
адамдардың арам пиғылын қалай біледі...
− Сөзіңнің төркінін түсіндім, ренжімеймін, мен қазір
ештеңеге мән бермеймін, ештеңені аямаймын, өйткені маған
жақсы. мне сейчас очень хорошо, друг мой. Кел, кәне, мынаның
дегустациясын алайық.
Қалтасына сала келген кішілеу стақанға бірдей қылып
құйды. – Сен үшін, сенің кісі болғаның үшін, болашағың үшін
ішейік! – деп тартып жіберді. Таған да қамшы салдырған жоқ.
Сұп-суық, жұп-жұмсақ арақ өңештерін майлағандай жылжып
барып, асқазандарына мұз болып қата қалған-ды.
− мынауың арақ емес... зәмзәмнің суы шығар... неткен
керемет, ғажап... – деп насаттана басын шайқаған Таған сәл
ұмытыңқырай бастаған ескі әдетін оқыстан тауып алғанына
қуанғандай, ернін жалап, саусақтарының буынын сыртылдатты:
− Тіпті қайда кеткенін білмей қалдым, тағы бір тамызшы, дәмін
сезейін жарықтықтың. Ерік құйып берген арақты ол бұл жолы
өңешіне қотара салмай, ұрттап ішіп таусап, бал сорғандай
сораптап ішті, – мынауың бар ғой, армян, француз, ағылшын
коньяк, ром-сром, вискілердің енесін ұрып жібереді...
− Ішкен адамның да енесін ұрады, күші 60 градустан кем
емес, − деп мақтанды Ерік... − менің қолымнан келмейтін
нәрсе жоқ, бәрін өзім жасаймын. Әр адам өзін аралда қалғандай
асырауы керек дейтінім де осыдан, иә, еңбектене білу керек...
Біз маймылдың алдында қарыздармыз...
150
− Дегенмен, кейбір пікірлеріңе келіспеймін, − деп
саусақ шошайтты Таған. − Әсіресе, өнер адамдары туралы
айтқандарыңда балаңдық, шалағайлық бар. Олар тер төкпейді
деп кім айтты саған? Жазу, сызу, ойлау еңбек емес пе екен.
− Бірақ олар тамақты сатып алады ғой, − деп қасарысты
Ерік.
− Немене, сатып алғаң ас тамақтан өтпейді ме екен, жоқ,
болмаса ақшаны ұрлап ала ма?
− Түсінікті ғой, бәрібір қара жұмыс істеп, қолы боста ғана
қиялдануы керек... Әлдекімнің жазып берген сөзін жаттап,
әлдекім үйреткен қимылды жасап, атақ-құрметке ие болатын
артистерден арамтамақ ешкім жоқ. адамды қойып, үйреткен
аю да билейді, маймыл да майысып-қайыса алады... Тіпті мені
бір ай дайындаса, дап-дайын артист болып шығамын, сол үшін
пайғамбардай пай-пайлаудың қажеті қанша. айталық, мен
оныншы класты бітіргеннен бастап, біреуден бір тиін алып
көргенім жоқ. Әкемнің түр-түсін де білмеймін, шешем 28
сом пенсия алды. Өзің де білесің, мектеп бітірерде Берияның
суретін атқызып тастаған соң, Хрущев екі жыл жұмыс істетті
және дұрыс жасады. Сол екі жылда оң-солымызды таныдық,
қабырғамыз қатып, бұғанамыз бекіді. Талабы барлар білімін
жалғастырды, талабы, жоқтар ауылда қалды. Сол екі жыл
жастарды сынайтын табиғи сұрыптау еді. Қазір ше? Жапа-
тармағай оқуға аттанады, түскендерді 21 жаста институт
тауысады, сол можантопай бұзау күйінде өндіріске немесе
ауыл шаруашылығына келеді. Тісқаққан жұмысшылар мен
малшылар кекілі желбіреген, өмірден мүлдем хабарсыз
сәпіләктерді қыстырмайды да... Біз оқығанда, стипендия да аз
болатын, бірақ арақ пен тамақ арзан еді, сен сондықтан да ішіп
кеттің, − деп Тағанның иығынан салып қалды.
− Саған бүгін не көрінді, неге ішесің? − деді Таған ежірейіп.
− Басқа-басқа, дәл саған ішуге болмайды!
− Неге? менің өңешім жоқ па?
− Өйткені сен... қауіптісің. Әй, бірақ сау кезде одан да қауіп-
тісің...
− Өзің білесің, алматыда жүргенде істемеген жұмысым
қалмады. Көмір түсірдім, жүкші болдым, түнгі күзетте болдым,
ертеңінде сабақ, одан күрес жаттығуы, одан соң − еңбек. мен
өзімді ғана қамтамасыз етіп қойғам жоқ, ауылдағы анама
151
ай сайын ақша жолдап тұрдым. ал сен қара тырнағыңды да
қыбырлатпай, сарылып кітапханада отырдың. Қане шыққан
ұшпағың, егер де мына сен құсап көз майымды тауысып
дайындалсам, сенің миыңды маған берсе, баяғыда академик
атағын алар едім. Ондай ми шірітетін, бекер ой тоздыратын, сол
үшін диханның нанын жейтін ақсаусақтық жаныма жат... Әлі
есімде ауылда разнорабочий болып жүрген кезімде, айтпақшы,
сен ол кезде де қара жұмысқа жоламай, аға пионерважатый
болып істегенсің, жүз сом аса қажет болды. Сұрамаған адамым
қалмады, құдай-ау, біреуі бір сом бермеді ғой. Әне сол кезде
ант бергем: «Егер жер басып жүрер болсам, мұқым ауылды
сатып алатын ақша табармын», −деп. Сол арманыма жеттім,
енді маған ештеңе қорқынышты емес. Ей, бірдеңе десеңші,
қалғып кеттің бе? − деп Тағанды түртіп қалды.
− Осы кермалдасып отырған екеуміздің қоғамға қайсымыз
керек? − деп сұрады да, іле өзі жауап берді, − Қажет емес
шығармыз... Әттең сенімімен менен бір адам жасаса... Жер
бетінде керексіз адамдар қаншама көп. НЕГЕ БІЗ ОСы
адамзатты тазартпаймыз, а, неге? Жер – ол да алып үй, баспа-
намыз, қағып-сілкіп, желдетіп, шаң-тозаңнан арылтып, дімкес-
тікпен, арам пиғыл, теріс көзқарас, дүниеқоңыздық ниет-
пиғылдардан айықтырса ғой.
− Ондай уборка жасаса, ең әуелі сен кетесің, одан да атом
қаруынан құтылып алшы.
− Өзің де аман қалмассың...
− атом бомбасынан құтылу үшін ең әуелі сол қаруды жасай-
тындарды, яғни көп білетін данышпандықтың ініне су құю
керек. Қызық, − деп күлді Ерік, − өмірде не қилы қияли адам-
дар бар. Есіңде ме, Қарабура, екеуіміз ауылдан келе жатқанда
бір жылқышының үйіне ат шалдырып, сусындап едік қой.
Сонда тазы ит ерткен бір шал келді де, менімен тәжікелесті.
Сол алжыған шал соғыстан жараланып, әтек болып оралыпты.
Сондықтан да қайтып үйленбеген... Енді пайғамбар жасынан
асқанда, елден іргесін бөлектеп, алтайдың құзар басына
көшіп кетті. Жалғыз кеткен жоқ, жетімдер үйінен бір ұл, бір
қыз баланы өз атына жаздырып, ала кеткен. Осыдан жеті-сегіз
шақырым жерде тастың үңгірінен үй жасап тұрып жатқанына
үш жыл болды. Өзін қойшы, төрінен көрі жуық, тағы күй кешіп,
өсіп жатқан балаларына обал ғой.
152
− мақсаты не екен ол шалдың?
− Қайдан білейін, делқұлы түпкіштің не ойлағаны барын...
Әйтеуір, мені көрсе, бас терісі келіспейді. Бір рет суырға
құрған қақпандарын әлдекім алып кетіпті, соны менен көреді,
кәрі шошқа.
− Да-а-а, қызық екен, жолығып зерттеу керек екен.
− Ондай пысықтығың болса барып қайт. Қатын суын өрлеп
жүре берсең табасың. маралкөлдің жағасында отыр.
− Ей, алла, сенің бетіңе көп қарасам, бірте-бірте араға
айнала бастайсың, − деп қайран қала қадалды.
− мен – еңбек арасымын, ал, сен «Пчелинный волксыд».
Омартаның қас жауы.
− ал сен – «Опасный гибрид» арасың... Әлгі өзің америка
құрлығынан алдырған...
−а-а, олар – асыл текті аралар, тіл тигізбе... Вообще, болашақ
солардікі, шынында да, кейде араға айналғым келеді...
Шөлмектегі қолдан ашытқан «ақсүйек» арақты ішіп
тауысып, сыраға көшкенде, екі беті албырап, қызған Ерік
орнынан созалаңдай тұрып: − ал, досым, рұқсат етсең, мен
қайтайын, − деді. Енді ғана бабына кірген Таған құмары
қанбаған қалыпта «отыра тұршы» деп қолына жармасып
еді, «енді бір сағат сенің қасыңда болсам, маскүнем болып
кетермін» деп, екі қолын қанатша қомдап, ара секілді кейіпке
кіріп, ызыңдаған күйі шыға жөнелді.
− Ей, ей, Қарабауыр, қайда ұша жөнелдің, мен сені жақсы
көре бастадым, өйткені сен жаңа ғана ара бола бастадың, −
деп соңынан алақанын жая ұмтылып барып, етпеттей құлады.
Оқыс тұрғандықтан ба, әлде арақ пен сыра буынына түсіп кетті
ме, шөкелеп жатқан еденнен нарға сүйеніп әрең дегенде тұрды.
Тұрды да, оқ тиген жауынгердей сенделіп: «ЕЙ, аДамДар,
НЕГЕ БІЗ ОСы...» деп өзінен басқа ешкім түсініп жарытпайтын
лекциясын бастады-ай...
«НЕГЕ БІЗ ОСы...»
Ерік өз денесін осыншама ауыр әрі керексіз сезініп
көрген емес. алғашында адам болып кетуге шақ қалған
Тағанды ескі сүрлеуіне жетелеп қайтадан салып жіберу үшін
істеген айласының ақыры өзіне тиіп, басы тұңғыш рет әңкі-
тәңкі болып, дүние шыр айналды. Далаға шыға бере, жүрегі
айнып, лоқсыды, ықылық атып ағыл-тегіл лақылдатып құсты.
153
Зеңіп, буындары қалтырағанымен, санасы сайрап тұр. Түн
тастай қараңғы. аспанды бұлт торлаған. Иті тыныштығымды
бұзған кім дегендей шәу етіп үріп барып, иесі екенін сезген
соң иіскеледі де, құсықтан жиіркенгендей жылыстап кеткен.
Тыныштық. Бетін мұздай суық сумен жуып, аузын шайды, бір
бақыр суды сыңғыта ішті де, бұл қалпында үйге кіруге ұялды ма,
сеңкедегі ескі диванның үстіне тонға оранып жата кетті. Тұла
бойы күйіп, ауа жетпей тынысы тарыла аунақшып, көпке дейін
көз іле алмады. Өмірінде осыншама көп ішкені еді, Тағанның
қалай ғана өліп қалмай жүргеніне таңғалды. Ішінен сыбап
боқтады. артына қарамай айнаға қарағыштанып жүргені есіне
түсті. Әрі-бері аунақшып жатып ол ойын да ысырып тастаған.
Көз алдына ақ боз атты Қыз келді... Ендігі сәтте тәтті қиял
меңдеп, бұл дүниедегі жалғыз медеті, жалғыз арман-алданышы
жанын жарылқап, ет пен сүйектен жаратылған, лүпілдеп соғар
жүрегі, ысып-суыр сезімі бар жұмыр басты пенде екенін есіне
салған қызыл орамалды Қыз тағы да миын шабақтап, өзінен-
өзі шабыттанған... Сеңкенің есігі сықырлап ашылып, қызыл
орамалды қыз кіріп келе жатқандай елегізіп басын көтеріп алып
еді, меңірейген тас қараңғы бөлмеден салқын ауадан басқа еш
нәрсе сезе алмады. Қызық: көзін ашса түк көрмейді, өліараның
өлі қараңғылығы; ал жанарын жапса болды, ақбоз атты қызды
көреді. Әне, ол тағы да босағада сүйеніп күлімсірей қарап тұр.
...Тәңірім-ау, бұл не қылған азап... тіпті бет-әлпетіне дейін
ап-анық; кірпігі ұзын үлкен қара көзі, алмадай беті, ұзындау
иегі, бәрі-бәрін ажыратады, әдемі қондырылған мұрнының
оң жағында тарыдай меңі бар. Өң мен түстің, ұйқылы-ояудың
арасында адасып жатқан Ерік: «Келші, жаным, мен сені көп
тостым, сағындым», − деп алақанын жайып шақырады, тұрған
орнынан қозғалмаған қыз: «мен сізден қорқамын» деп басын
шайқайды; «Неге, қалқам, негелеп» жалына шақырады,
«Сіздің жүрегіңіз жоқ, аға, сіздің жүрегіңізді ара шағып алған»
деп, есіктен шығып кете барады; соңынан ұмтылмақ болған
Ерік төсектен құлап түскенде ғана мұның барлығы әншейін
елес екенін біліп, сүйретіле орнына қайта жатты. «мен
жынданатын шығармын жалғыз рет арақ ішкен менің сиқым
мынау, өмір бойы аузы құрғамай келе жатқан Таған байғұстың
көрген азабын арбаға тиеп тауыса алмаспыз» деп басы сынып,
ызың-ызың араның ұясына айналған Ерік тек таңға жуық қана
қорылдап ұйықтап кетті.
154
Таған шәйнектегі сыраны сарқа ішіп тауысып ыдысын
төңкеріп тастаған соң «НЕГЕ БІЗ ОСы...» деген лекциясын
одан ары жалғастырған... Бүгінгі жиналған жұрт оған қатты
ұнады, ылғи бір өрімдей жастар көздері жаудырап, ықылас
қоя тыңдайды. айналасы ат шаптырымдай аудиторияда ине
шаншар жер жоқ, орын тимей қалғандары екі жақ қабырғаға,
есіктің көзіне иін тіресіп түрегеліп тұр... Кейбірі мұның аузынан
шыққан сөзді қағазға түсіріп, енді біреулері магнитофонға
жазып алуда. ал бұл болса маңғаз кейіпте жағасынан асып-
тасып жатқан шалқар білімін бей-берекет жұмсамай, төгіп-
шашпай, жүйелі де ұғынықты жеткізеді.
«...Құрметті отандастарым менің! Сіздердің алдарыңызға
шығып, қазақтың тамыры терең, тағдыры бөлек, тайғақ
тағдырынан белгісіз лекция оқымағаныма біраз уақыт болып
қалыпты. Оның белгілі сандаған себептері бар. Біріншіден,
бұған дейін шыншыл да шынайы тарихымыздан толық мәлімет
беруге рұқсат болмады, сондықтан да тарих-ананың көптеген
беттері әрі нағыз керек беттері желімделіп немесе жыртылып
тасталды немесе көмескі ғана айтылды әрі жазылып келді. ал
тарих атты алтын кітаптың ақиқат аңқыған парағын мүлдем
жойып жіберу ешкімнің, тіпті бар болса, құдайдың да қолынан
келмейді. Бүгін туралы өтірік айтсаң да, өткен туралы өтірік
айтуға болмайды. Өйткені, бүгіннің түзетушісі бар, өткен
жылдардікі жоқ. Ендеше, достар, тарихтың қандай ащы болса да
бірде-бір кезеңін, оқиғасын жасырып қалмай жарыса айтқанда
ғана, жіберген ағаттықтарымызды батылдықпен мойындағанда
ғана сол шақтарда бастан кешкен ауыр да азапты, халықты қан
қақсатқан қателіктерді жібермей, ұрпағымызды ұлы мақсат
жолында тәрбиелей аламыз; тек бүкпесіз шындық қана −
бүгінгі жастарды тура жолдан тайдырмай, мақсат-мұраттарға
бастамақ. айталық, менің мұқым жастығым өткен жылдар
– сырттай қарағаңда, мап-майда, жып-жылмағай болғанымен,
іштей іріген даңғазасы мол, яғни, ұраны мен ұрда-жығы
қатарласа дамыған «мақтаншақ» кезең еді. Біздер мектепте:
«ақылдасып-кеңесіп отырысты қос қыран, бірінші қыран –
ленин, екінші қыран – Сталин» немесе енді жиырма жылдан
соң коммунизмге жетеміз, бесжылдық жоспарды екі-үш жылда
орындап, табиғатты, жер-ананы табындырып, тың жердің
жонарқасын тілгілеп тастаймыз сияқты қызыл сөздің қызуына
155
балқып, мұңсыз-қамсыз өстік. Берияның суретін мешен қылып
аттық, Сталиннің ескерткішін қираттық, антипартиялық
топтардың көкесін көзіне көрсетіп, техниканың құдіретіне сеніп
жылқы малын қасапханаға айдадық. Ешкімді, әсіресе жастарды
ойлантуға, дүниеге ой көзімен қарауға мүмкіндік бермеді, әрі
өздері үшін ойлайтындар, тағдырын пішіп-кесетіндер ЖОғары
ЖаҚТаН жарлық мамыра тірліктің қамымен жағасы жайлауда
жүрді де, «апыр-ау, осы біз қайда барамыз?» деген сұрақтың
жауабын іздемей мәре-сәре сайрандады. БІЗДЕр тарих-ананы
қатты ренжіттік. Өз ұлтымыздың тарихын кісенде ұстадық,
киесі ұрады деп білмедік. Шала-жансар жасалған оқулыққа
сендік, шала сауаттыларға сендік, шабына от түссе де айтайық:
өкімет басында отырғандардың бар-барлығына сендік, ал
олардың ақ дегені − алғыс, қара дегені − қарғыс болды. міне,
сондықтан да халық адасты, қайсысының қай сөзіне сенерін
білмей сенделді, ОларДыҢ біріне-бірі жала жауа қуып,
бірін-бірі жоққа шығаратын теңіз толқыны секілді айбынынан
сескенді, не айтса да құлдық деді, кім айдаса да жүрдік деді,
қытықтаса – күлді, шымшыса – жылады, онда да көз жасын
жасырып тұншыға жылады, маңдайынан сипаса қуанды, жат
десе жатты, тұр десе тұрды – осылайша, цирктегі үйретінді
аңдардай адамдар да таяқтың күші, тәттінің дәміне үйренді,
үйретті... адам жадынан, есінен айырылды.
Құрметті жолдастар, мен бұл лекциямды бұдан жиырма
жыл бұрын дәл осы қарқынмен оқуым керек еді, амал не, арақ
ішкізіп жіберді. Ең әуелі сен әулиесің, туа талантсың деп ішім
кепкенше мақтады, артынан артымнан бір-ақ тепті. маған қазір
соңғы мүмкіндік беріліп отыр. Сондықтан да ағымнан жарылып
ашығын айтайын: менің алғашқы кандидаттық диссертациям
Қазақстандағы 1930-40 жылдар аралығындағы әлеуметтік
экономикалық жағдай болатын. алғашқы дейтін себебім: мен
лТП-да, яғни еңбекпен емдеу профилакториясында «алқаш»
ауыруынан айыққандай болып келген соң, екінші диссертация
жазғанмын. амал не, оны да қорғатпады. «Ұлтшылдықпен
уланғансың» деп сүйрелемеген мекемесі қалмады. Тіпті КГБ-
ның да алдын көрдім ...Сонымен 1930-40 жыл ...өздеріңіздер
де білесіздер, бұл бір біз үшін ең бір қиын кезең даулы кезең,
дауалы кезең, бұл өмірімді осынау ауыр жылдардың шыңғырған
шындығын ашуға сарп еттім. Деректерді архивтен ала алма-
156
дым, ол жаққа апарар жол жабық болды да, москва, ленинград
архивіне өз қаражатыммен барып, күндіз күлкі, түнде ұйқыдан
қалып, аш-жалаңаш көз майын тауысуға тура келді. аяғанда
мұқым еңбегім зая кетіп, қудаландым. Қорғатқанды қойып,
қолжазбаңды өрте деп, артыма шырақ алып түсті. Жұмыстан
қуылдым. міне, осыдан былай сүргін басталды. Ол кездегі мен
көрген азапқа бойында жаны бар тірі пенде төзуі мүмкін емес
еді. Әрине, сіздер «күреспедің бе, шындыққа көздерін жеткіздің
бе» деген сауал қоясыңдар. Жоқ, жолдастар, ол шақта адамдар
шындық үшін емес, шындық адам айла-шарғысына қызмет
етті, ұстағанның қолында, тістегеннің ауызында қолжаулық
болып сорлап, жер бауырлап, тұралап қалды. айналайын
ақиқат та менің кебімді киіп, киелі жолдан тайды, жемқорлар
мен жағымпаздардың, сұрқиялар мен сұмдардың жалған мен
жалғанды жалпағынан басқан алаяқтардың, атаққұмарлар мен
асығы алшысынан түскендердің ойына келгендердің ойына
келгендерін істейтін ойыншығына айналды. Шындық та ішіп
кетті. маскүнем болды. Шындық жылады. Қор болды. Түрмеге
қамалды. айғайдың заманы туды да қудалады, тек қана ұран:
«жасасын – орындаймын – мерзімінен бұрын орындаймыз!»
секілді сөздер өміріміздің барлық мазмұнына, мақтанына
ұласып, ұлы істердің ұйытқысы болып есептелді. ал осынау
даңғаза шерудің көпірме көшіне ілесе алмай немесе айналада
не болып жатқанын ұға алмай айдалада қалған менімен
ешкімнің шаруасы болмады. Осыншалық мол білімді жұмсар,
қоғамның қажетіне жаратар дәрмен жоқ бейбақ хәлде, жұртта
қалған күшіктей ұлыдым-ай... менің қыңсылаған, қансыраған
үнімді тыңдар, естір құлақ жоқ, бір-ақ жылдың жүзінде сауатты
қайыршы болып шыға келдім. мен істемеген жұмыс, ішпеген
арақ қалмады... Әйелім мен баладан айырылдым. айына екі-
үш рет айықтырғышқа түстім қалтамдағы ең соңғы тиынымды
санап алып тыр-жалаңаш шешіндіріп, сұп-суық бөлмеге итше
бұралтып лақтырып тастайтын. Егер қалтамда көк тиын жоқ
шақтарда, тіпті адам екен деп елемей, жинап-теріп алмай
көшеге тастап кетер еді; кейде айықтырғышқа апарып алып
бокстың дорбасындай бір-біріне ұрғылап, жаттығу жасайтын.
Бірақ мен осыншама ит қорлықты ешкімнен көріп, жаласын
өзгеге жапқан емеспін, тек өзімнен, өзімнің тексіздігімнен,
рухсыздығымнан, жігерсіздігімнен көрдім. мен, қымбатты
157
жолдастар, жалғыз-ақ нәрсені өзгеден көрдім: Ол: «НЕГЕ БІЗ
ОСы – ОСыНДаЙмыЗ».
Сөйлей-сөйлей әбден сілекейі шұбырып сілесі қатқан
Таған аппақ болып таң атқанда, сүйретіле басып тысқа
шықты. Таудың салқынын елең құрлы көрген жоқ, көйлекшең
қалпында тәлтіректей басып қора жаққа беттеді. Бұл шақта
Ерік те тұрып, суық орамалмен денесін ысқылап таңғы жаттығу
жасап, атын ерттеп, аңға шығу қамында жүрген. Тағанды көрді
– көрмегенсіді. «Өзіне де сол керек» дегендей көз қиығымен
айызы қана қарады да: «Енді қайтып айыққанша, қар түсер», −
деді. Көкбестіге қарғып мініп, мылтығын тақымына қыстыра
шоқытып орманға сіңіп кетті. Күн шыға айна оянды. Күйеуінің
үйге қонбағанын, әрине, сезген. Кештетіп келгенде, мазаларын
алмау үшін сеңкеге жата кетер әдетін ежелден білуші еді.
Киініп далаға шыққанда, шөп басын тұтқан аппақ қырауды
көрді. «Күз де келіп қалған-ау», − деп күбірлеп, жан-жағына
қарап басқышта біраз тұрды. Кешелер аспанда ойқастаған
бұлт жоқ, аспан жұтып қойғандай жым-жылас, есесіне қатқыл
суық түскен. Шелектегі судың беті қаймақшып қатыпты.
Сауын сиырлар ұзап жайылып кеткен бе, көз жетер маңайдан
көрінбеді. Әншейінде күн шыға гу-гу тіршілігін бастайтын
аралар қалашығы да тып-тыныш, оқыс ұрған алғашқы суықтан
қорғанып ұясында жатыр-ау. Беті-қолын тітіркене шайды да,
үстіне күпәйке киіп сиырды іздеуге шықты. Сарайдың тұсынан
өте бере Тағанның өлі-тірісін білгісі келгендей айқыш-ұйқыш
темір-тор терезесінен сығалап еді, ала көлеңке бөлмедегі нар
кісі жоқ, қаңырап жатыр екен. «Ерікпен бірге аң қарауға кеткен
шығар» деп ойлады да, қорадан айналып, орманға бет ала
бергенінде... шарбақтың ағаш діңгегіне жіп байлап, мойнына
тұзақтап салып, жанталаса шегінген Тағанды көрді. Жүрегі
алқымына кептеліп, шошығанынан: «апа!» − деп, бетін баса
шыңғырып отыра кетті. мұншама қатты айғайлағаны алғаш
рет шығар. Белі кеткеңдей тұра алсашы... ал Таған тырбанып
шегініп әлек, ол көткеншектеген сайын жіп шіренеді. «Өлді-
ау» деп ойлады. Әрең дегенде орнынан көтеріліп, көмекке
ұмтылды. Бұ кезде Тағанның шеке тамыры адырайып, көзі
алайып, көгеріп-сазарып, демі тарыла қырылдап, буына бастап
еді. Жіп діңгектің басына емес, түбіне байланғандықтан ғана,
қанша шегінгенімен, бірден қылқынбай, жаны біртіндеп
158
шыға бастағаны шығар... Жіпті күрмеп емес, қалай болса
солай шорапит байлағандықтан, сасқалақтап шеше алсашы.
Жұлқылады, тістеледі, қиып жіберер пышақ жоқ және буынған
жіпті бірден кеспей не шешіп, не кісіні көтеріп алу керек, оқыс
өліп кетеді деген сөзді естігені бар. Қан-сөлсіз бозарған жігіттің
екі қолтығына қол салып, алға қарай сүйреп жылжытты.
ағыл-тегіл аққан көз жасы омырауын бояп, өзі қылқынғандай
жанталасқан айна жіп босаған соң ғана діңгектен шешіп,
Тағанның басынан ағытып, дөйдалаға ашулана лақтырып
жіберген. Таған қимылсыз, демсіз. Жата қалып, құлағын
жүрегіне басып тың тыңдап еді, анда-санда ғана бүлк-бүлк етіп
әлсіз соққаңдай ма... тамырын ұстады – болар-болмас діріл бар.
аппақ қыраудың үстіне шалқасынан түсіп, көйлекшең сұлаған
жігіттің үстіне күпәйкесін шешіп жапты да, үйге қарай зыр
жүгірді.
Нүрке кемпір басын көтеріп, тәспиығын санап күбірлеп
Достарыңызбен бөлісу: |