Бедеулік бедеулік дегеніміз не? КӨп жағдайда бедеуліктің алдын алуға болады



Дата11.11.2023
өлшемі117,28 Kb.
#191021
Байланысты:
4.6. Бедеулік

БЕДЕУЛІК


БЕДЕУЛІК ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
КӨП ЖАҒДАЙДА БЕДЕУЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУҒА БОЛАДЫ. Жыныстық жолмен жұғатын инфекцияны және басқа да жыныс жолдары ауруларын тиімді емдеу мен алдын алу арқылы ұрықтану қабілетін сақтап қалуға болады.
  • .

БЕДЕУЛІК ұрпақ жалғастыруға қабілетсіздікті білдіреді
Бедеулік еркекте де әйелде де кездеседі
Контрацепция құралдарын пайдаланбаған жүйелі жыныстық өмірде 12 ай ішінде жүктілік болмаса неке ұрпақсыз боп танылады.
10% ерлі-зайыптылар ұрпақ сүйе алмайды
85% жұп тұрмысқа шыққаннан кейін алғашқы жыл ішінде жүкті болады
Жүйелі жыныстық өмірде 3-6 ай ішінде ұрықтану болады
ЖҮКТІЛІКТІ СОҢЫНА ДЕЙІН ЖЕТКІЗЕ АЛМАУ бедеуліктің бір түрі. Әйел бала көтереді, алайда түсік пен ұрпақтың құрсақ ішіндегі өлімінен өмірге қабілетті сәби алып келу мүмкін болмайды.
БЕДЕУЛІК СЕБЕПТЕРІ

Инфекциялық аурулар (ЖЖЖИ, АИТВ-инфекциясы және тағы басқа репродуктивті мүшелердің ауруы; еркектерде жыныстық жетілген шақта дамитын паротит ауруы)
  • Гонорея мен хламидиоздан емделмеудің соңы фаллопиевті түтіктердің, жатырдың, аналық бездің зақымдануына әкеліп соғуы мүмкін.
  • САЛДАРЫ:

  • әйелдерде - жатыр түтіктерінің тарылып, тыртықты деформацияға ұшырауы нәтижесінде ұрық жасушалары сперматозоидпен кездесу үшін түтіктен өте алмайды.
    ерлерде - шәует шығаратын түтік пен уретра бітеліп, зақымдалады
  • БЕДЕУЛІКТІҢ БАСҚА ДА СЕБЕПТЕРІ: ағзаның туа біткен сперма бөліп шығаруға қабілетсіздігі немесе ұрықтануға жеткілікті сперма мөлшерінің болмауы, сперматозоидтардың дұрыс қалыптаспауы нәтижесінде жұмыртқа жасушасымен кездескенге дейін тіршілігін жоюы.
  • Әйелдерде туа біткен бедеулік жатыр түтігінің тарылуынан немесе овуляция болмауынан болады. Сондай-ақ жас айырмашылығынан, босану не жасанды түсік кезінде дұрыс залалсыздандырылмаған құралдарды пайдалану нәтижесі бедеулікке әкеледі.

Анатомиялық дефекттер, эндокринді немесе иммуннды жүйе аурулары, генетикалық мәселелер

Қартаю /жастың келу

Әйелдің жыныс жолының жоғарғы бөлігіне инфекция түсуіне себеп болған оталар

БЕДЕУЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ КЕҢЕС БЕРУ
БЕДЕУЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ РӨЛІ
Клиентке ЖЖЖИ профилактикасы туралы қажетті мағлұмат беру
ЖЖЖИ белгілері мен симптомдары және КЖМҚ клиникалық формасы бар пациентті емдеу немесе тиісті мекемеге бағыттау
Медициналық шаралар кезінде жатыр қуысына құрал енгізгенде, мәселен, ЖІС орнатқан кезде клиентті зақымдап алмау үшін тиісті ережелерді ұстану

ҰРЫҚТАНУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН КЛИЕНТТЕРГЕ КЕҢЕС БЕРУ ТӘЖІРИБЕСІНЕН :

Бедеулік ерлерге де әйелдерге де тән

Ерлі-зайыптылар бедеуліктен күдіктенбес бұрын кем дегенде 12 ай ішінде жүкті болуға әрекеттенуі тиіс.

Овуляцияға дейін немесе овуляция кезінде ұрықтану белсенді жүреді. Жұптарға осы кезеңде жыныстық жақындықты жиілету ұсынылады. Әйелдің фертильдігіне негізделген әдістер ерлі-зайыптыларға етеккір циклінің ұрықтану кезеңін анықтауға көмектеседі.

Егер жоғарыда көрсетілген әдістер бір жылдың ішінде нәтиже бермесе ерлі-зайыптыларды тексерілуге бағыттаңыз. Сондай-ақ ерлі зайыптылар бала асырап алу мүмкіндігін қарастыруына болады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет