Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілерін, әскери бөлімдері мен мекемелерін заттай мүлікпен жабдықтау нормалары



бет12/31
Дата15.09.2017
өлшемі5,83 Mb.
#33621
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31

Ескертпелер:

Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге берілген жеке пайдаланудағы заттай мүлік оны кию мерзімі аяқталғаннан кейін олардың меншігіне өтеді.

Әскери қызметші әйелдер бала күтімі бойынша демалысқа кеткен кезде заттай мүліктің заттарын беру уақытша тоқтатылады, демалыстан шыққан кезде қайта қалпына келтіріледі.

Әскерлерді жазғы және қысқы жабдықтау жоспарлары бойынша уақтылы қамтамасыз ету үшін орталық базалар мен қоймаларда, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың орталық базалары мен қоймалары жоқ әскери бөлімдерінің қоймаларында жылдық қажеттіліктен 50 пайыз мөлшерінде заттай мүліктің ауыспалы қорын ұстау қажет.

Әскери бөлімдер мен мекемелерде шақтап және үйлестіріп пішу үшін осы заттарға жылдық (біржолғы) қажеттіліктен 10 пайыз мөлшерінде киім-кешек пен аяқ киім дайын заттарының азаймайтын қорын ұстау қажет.

1. Тек теңіз жаяу әскерлері бөлімдерінің әскери қызметші әйелдеріне беріледі.

2. Теңіз жаяу әскерлері бөлімдерінің әскери қызметші әйелдеріне берілмейді.

3. 1-дәрежелі капитан немесе полковник әскери атағы берілген кезде бұрын берілген погондары бар белгіленген түсті астары жылы пальто мен белгіленген түсті қысқы күртешені кию мерзімі аяқталғанға дейін белгіленген түсті қаракөлден тігілген алмалы-салмалы жаға беріледі.

4. Тактикалық әскери басқару органдарының құрамаларында, бөлімдері мен мекемелерінде әскери қызмет өткеретін теңіз жаяу әскерлері бөлімдерінің келісімшарт бойынша әскери қызметші әйелдеріне погондары бар қара түсті тужурка, қара түсті балағы түсіңкі шалбар 3 жыл мерзімге, ал погондары бар қара түсті маусымдық плащ пен қара түсті алмалы-салмалы теріден (қаракөлден) тігілген жағасы мен погондары бар қара түсті қысқы күртеше 4 жыл мерзімге беріледі.

5. Әскери-теңіз күштерінде және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімдерінде далалық белбеу орнына белгіленген түсті былғары белдік белбеу беріледі.

Әскери-теңіз күштері, теңіз жаяу әскерлері бөлімдері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі теңіз бөлімдері

орта және жоғары әскери оқу орындарының курсанттарын заттай мүлікпен жабдықтаудың

№ 12 нормасы




Р/с




Заттар атауы

Бір адамға заттар саны

Кию мерзімі

Осы затты берген кезде қолданылатын ескертпе №




1. Киім-кешек










1

Екі тысы бар ақ түсті күнқағарсыз фуражка

1 жиынт.

оқу мерзіміне

-

2

Қара түсті күнқағарсыз фуражка

2 дана

оқу мерзіміне

-

3

Фуражкаға флоттық лента

2 дана

оқу мерзіміне

-

4

Көк түсті пилотка

1 дана

2 жыл

-

5

Қара түсті теріден тігілген құлақшын

1 дана

оқу мерзіміне

-

6

Қара түсті теріден тігілген жағасы және погондары бар қара түсті астары жылы пальто

1 дана

оқу мерзіміне

-

7

Погондары бар қара түсті бушлат

1 дана

оқу мерзіміне

-

8

Шағын погондары бар ақ түсті сыртынан киетін нысанды жейде

2 дана

оқу мерзіміне

-

9

Шағын погондары бар көк түсті сыртынан киетін нысанды жейде

2 дана

1 жыл

-

10

Шағын погондары бар көк түсті фланельден тігілген нысанды жейде

2 дана

1 жыл

-

11

Қара түсті балағы түсіңкі шалбар

2 дана

1 жыл

-

12

Көк түсті жұмысқа арналған көйлек (шағын погондары бар жейде мен шалбар)

1 жиынт.

2 жыл

-

13

Қара түсті астары жылы күртеше мен шалбар (жұмысқа арналған)

1 жиынт.

оқу мерзіміне

-

14

Нысанды жаға

2 дана

1 жыл

-




2. Аяқ киім










15

Қара түсті былғары бәтеңке

1 жұп

6 ай

-

16

Қара түсті іші жылы былғары бәтеңке

1 жұп

2 жыл

-

17

Казармалық тапочка

1 жұп

1 жыл

-

18

Спорттық туфли

2 жұп

оқу мерзіміне

-




3. Киім










19

Белгіленген түсті тельняшка

2 дана

1 жыл

-

20

Іштен киетін кальсон

2 дана

1 жыл

-

21

Белгіленген түсті жеңсіз тельняшка

2 дана

1 жыл

-

22

Мақта-мата трусы

2 дана

1 жыл

-

23

Мақта-мата сүлгі

3 дана

1 жыл

1

24

Мақта-мата монша сүлгісі

1 дана

1 жыл

-

25

Мақта-мата ұйық

26 жұп

1 жыл

-

26

Қол орамал

2 дана

1 жыл

-

27

Мақта-мата жаға астары

24 дана

1 жыл

-

28

Спорттық костюм

1 жиынт.

оқу мерзіміне

-

29

Ақ түсті қолғап

1 жұп

оқу мерзіміне

2




4. Жылы заттар










30

Белгіленген түсті жылы тельняшка

2 дана

1 жыл

-

31

Жылы кальсон

2 дана

1 жыл

-

32

Ақ түсті іші жылы қолғап

1 жұп

оқу мерзіміне

2

33

Қара түсті іші жылы қолғап

1 жұп

2 жыл

3

34

Жүн ұйық

4 жұп

1 жыл

-

35

Қара түсті жүн галстук

1 дана

1 жыл

-

36

Қара түсті кашне

2 дана

3 жыл

-




5. Амуниция










37

Жез тоғасы бар ақ түсті белдік белбеу

1 дана

6 жыл

3

38

Жез тоғасы бар қара түсті белдік белбеу

1 дана

оқу мерзіміне

-

39

Шалбар белбеуі

1 дана

оқу мерзіміне

-

40

Далалық сөмке

1 дана

оқу мерзіміне

-

41

Күміс түстес аксельбант

1 дана

5 жыл

2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет