Бейбіт уақытта жүргізілетін шараларға
жатады:
●
Жұқпалы аурулардың табиғи ошағын және таралу жолдарын зерттеу.
●
Тұрғындарды эпидемияға қарсы қорғау тәсілдерін дамыту.
●
Тұрғындарға жоспарлы иммунизация жүргізу.
●
Жеке қорғану мед. құралдарын және дезинфекция, дезинсекция, дератизация
құралдарын артығымен алу.
●
Тұрғындарға жеке және қоғамдық гигиена ережелерін үйрету.
●
Медициналық эпидемияға қарсы ұйымдарды құру, жабдықтау, оқыту.
Мұндай шаралар жүргізілу қажет:
●
1. Тұрғындар мекендейтін қалаларда, халықшаруашылық объектілерінде санитарлық-гигиеналық
және эпидемияға қарсы бақылауды күшейту.
●
2. Қоршаған орта боъектілеріне үнемі бактериологиялық және лабораториялық бақылау
ұйымдастыру.
●
3. Апат медицинасы мен АҚМҚ-ң күштері мен құралдарының, сонымен бірге тұрғындарды
эпидемияға қарсы қорғау күштерінің дайын болуы.
●
4. Тұрғындарға алдын-алу иммунизациясын жүргізу.
●
5. Эвакуациялау және орналастыру кезінде тұрғындарды эпидемияға қарсы қорғауды
ұйымдастыру.
●
6. Эвакуацияланған тұрғындар мен АҚ күштері топтарының уақытша орналасқан жеріндегі
эпидемиологиялық жағдайлары туралы ақпаратты жинауды ұйымдастыру.
●
7. Тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын күшейту.
Апаттан соң алғашқы сағаттарда гигиенист дәрігер, токсиколог,
радиолог, эпидемиолог, паразитолог, сонымен бірге коммуналдық-
тұрмыстық қызмет өкілдері көмегімен кең көлемде медициналық
барлау жүргізіледі. Аймақты эпидемиологиялық тексеру жұқпалы
аурулардың пайда болу себебі мен жағдайын анықтау мақсатында,
жүргізіледі.
Осындай барлау нәтижесі бойынша ТЖ ауданында санитарлық-
эпидемиологиялық жағдай сәтті, сәтсіз, тұрақсыз және төтенше түрінде
анықталады.
Сәтті жағдай – бұл тұрғындар арасында жұқпалы аурулар жоқ немесе
бір-біріне қатысты емес бірен-саран сырқаттанушылық орын алады.
Тұрақсыз жағдай – бұл тұрғындар арасында бұрын тіркелмеген
жекелеген жұқпалы аурулардың пайда болуы, таралмайтын, яғни
эпидемия белгісі жоқ топтық сырқаттылықтың пайда болуы.
Сәтсіз жағдай – ары қарай таралу қауіпі бар топтық жұқпалы
аурулардың пайда болуы немесе АҚИ (оба, тырысқақ т.б.) жекелеген
оқиғаларды байқалады.
Төтенше жағдай – бұл эпидемияның пайда болуы немесе АҚИ топтық
сырқаттылығы.
|