Бекенов У. Күй табиғаты. «Өнер» баспасы Алматы, 1981.29-41б. Музыка зерттеушісі, белгілі күйші, Уәли Бекенов «Күй
Оның алғашқы бас дирижері Дүйсен Үкібай. Оркестр құрамында Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Р.Болтаева, Республикалық конкурстардың жеңімпаздары Б.Смағұлов, Б.Тәшімов, М.Ибраева, Қ.Ғабделов, Е.Оспанханов, С.Рахымғалиева, С.Ізтілеуов, Қ.Бақыраев т.б. 1992 жылдан бастап оркестрді басқаруға КСРО халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Шамғон Сағаддинұлы Қажығалиев шақырылды. Осы кезеңде оркестрдің орындаушылық деңгейі мен репертуар шеңбері әлемдік өнер талғамы ұлгісіне лайық биіктікке көтерілді.
Тәттімбеттің тәтті туындылары
Тәттімбет ұлттық музыка өнері аспанында жарық жұлдыздай жарқырап өткен сегіз қырлы, бір сырлы талантымен, өнерпаздығымен танылған суреткер –күйші-композитор. Ол күй құдіретін, домбыра сырын ерекше сезіне біліп, жанымен сүйсінген, күй жанрының табиғи болмысын шынайы ұққан өнер адамы екендігін байқатады. Өйткені Тәттімбеттің күйлері ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, халықтың классикалық музыка қорына жатады. Қазанғапұлы Тәттімбет-қазақ халқының аспапты музыкасында қоңыр күйлердің дәстүрлерін
қалыптастырып, тұтас бір мектептің орнығуына мұрындық болған ұлы күйші. Тәттімбет күйлерін насихаттаған өз інісі Жақсымбет, балалары Мұсатай, Исатай, домбырашылар Нүркен Шынтеміров, Ғаббас Айтбаев; т.б. Қазірде Тәттімбет күйлерін асыл мирастай сақтап, ел арасында уағыздаушы ұрпақтарының бірі домбырашы Тұрысбек Түсіпбеков.
Тәттімбет күйлерін осы заманға жеткізген, насихаттаушы кәсіби-домбырашылар Ә.Хасенов, М.Хамзин, У.Бекенов. Тәттімбет күйлері музыка өнеріміздің алтын қорына қосылып, халқымыздың рухани мұрасын байыта түсті. Тәттімбет күйлері композитор Е.Брусиловскийдің, М.Төлебаевтың «Біржан-Сара», А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсында және «Жамбыл» кинофильмінде кеңінен пайдаланылған.Күйшінің туған жерінде халық аспаптар оркестрі жұмыс жасайды, Қазақ ұлттық консерваториясында 1971 жылы шертпе күйлер класы ашылған.Шертпе күйлер класын алғаш ұйымдастырған, әрі ұстаздық еткен домбырашы У. Бекенов. Аз ғана ғұмырында Тәттімбет 40 шақты күй шығарған. Арқа төсінде ер жеткен ол туған өлкесіне арнап «Сарыжайлау» күйін шығарады.
«Сарыжайлауда» күллі елдің тыныс-тіршілігін,
Ұрпақтың рухани тәрбиесінде тарихи тұлғаларымыздың түр-
кейпін кескіндеп, олардың шабытты бейнесін ұрпақ санасына ұялатып отырудың мәні зор. Осындай мақсатпен тарихи-этнографиялық және фольклордық материалдардың негізінде біраз күйші композиторлардың бейнесі алғаш рет жасалып отыр.
А льбом-кітапша музыка зерттеушілерге, студент пен оқушыларға арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |