Бейімбет Майлин өмірі мен шығармашылығы



бет2/4
Дата02.02.2022
өлшемі159,58 Kb.
#130473
түріЛитература
1   2   3   4
«Шұғаның белгісі» — Бейімбеттің көлемді де көркем тұңғыш туындысы, қазаң прозасының татымды үлгілерінің бірі. Повесте ескі қазақ қоғамындағы ең өткір мәселе — әйел теңсіздігі сөз болған. Шығармада бірін-бірі сүйген екі жастың — Шұға мен Әбдірахманның арманына жете алмаған трагедиялық халі айтылады. Шұғаның әкесі Есімбек бай қызын кедей жігіті Әбдірахманға бергісі келмей, жастардың кездесуіне тыйым салады. Бұдан кейін түрлі жаланы сылтау етіп, Әбдірахманды жер аудартады. Осындай қатыгез зорлыққа душар болған Шұға қайғыдан, күйіктен қайтыс болады. Повестің мақсаты — жастардың бас бостандығына ерік бермей, қасіретке ұшыратқан ескі дәстүрлерді сынау… Жастардың бас азаттығын көксеу, бүған кедергі келтіретін әдеттерді батыл таңбалау — XX ғасыр басындағы демократиялық қазақ әдебиетіндегі басты сарындардың бірі еді. «Шұғаның белгісі» повесінде оқиғалық өрілімдер, кейіпкерлердің мінездемелері, диалогтер, сезім, көңіл күйлері Қасым деген адамның әңгімесі болып беріледі. Мұндай әңгімелеу мәнері халық прозасының қалыпты баяндау тәсіліне жақын. Бірақ қаһармандар мінезі мен әлеуметтік жағдайды талдау шығарманың реалистік жазба әдебиет дәстүрінде жасалғанын көрсетеді. Шұғаның да, Әбдірахманның өздеріне тән және дара сипаттары танылады. Шұға — айтқан сертіне берік, сезімі мөлдір, пәк махаббатты қастер тұтатын жан. Ол өмір күресіне түсіп шыныңпаған, зорлыңңа ңарсы көрсетер дәрмені жоқ, озбырлыққа деген наразылығын ішінде сақтайтын биязы мінезді қыз.

Оның мүндай халі Қасыммен арасындағы төмендегі диалогтерден айқын көрінеді:

«- Жайың қалай, тәуірмісің?

— Тәуір емеспін, — деді. Көзіме көзі түсіп кетіп, қамыққандай болды… — Тәуір емеспін. Тәуір болуды тілемеймін де. Сәлем, сәлем айт, — деді. Жылап қоя берді. Жастығының астына тығылған орамалымен көзін сүртті.- Тірі келсе, көресің ғой, бірақ мен…

—  …Бәріміз де көреміз. Ажарыңыз тәуір ғой, жазыларсыз, — дедім.

—  Жазылып керегі не? Бәрібір мен баңытты бола алмаймын. Әкем аяса, менің дертім жанына батқан соң аяп отыр. Ертең сауықсам, қайта күйсеуден тайынбайды…»

Шұғаның бұл сөздерінен сүйгені Әбдірахманнан айырылуды өмірге деген үміт отының сөнгені деп санайтындығы сезіледі. Жазушы қыздың ішінде қайнаған өртті қарапайым, табиғи тілмен-ақ білдірген. Повесть қаһармандарының бірі — Әбдірахман бейнесі де ескі ңазаңы ауыл арасынан шыңңан көзі ашық, көңілі сәулелі жастардың келбетін танытады. «Шұғаның белгісі» — жастардың теңдік, еркіндікті аңсап, әлеуметтік әділетсіздіктерге қарсы үн көтере бастағанын шынайы бейнелеген шығарма.

Бейімбет Майлиннің 20-30-жылдарда жазған көптеген әңгімелерінде, хикаят, очерктерінде қазақ байларының егіндік, шабындық жерлерін бөліске салу, мал-мүлкін кәмпескелеу кезінің шытырман шындығы елестейді. Ол қазақ колхоздарының алғашқы кездегі өмір жолдары, еңбекші адамның санасындағы объективтік жағдайлар туғызған өзгерістер жайында аса мәнді шығармалар жазды. Оның ауыл тіршілігінің алуан ңырын елестететін әңгімелері, очерктері, повестері өмір материалын жанжаңты ңамтуымен, шыншылдығымен, адам мінезін даралап көрсетуімен ерекшеленеді. Ол Қазаңстан тарихындағы бетбүрыс заманның — жаппай ұжымдастыру заманының ең ірі жыршысы. Талай ақиқат оқиғалар, характерлер, адамдардың қарым-қатынас, ыңылас сырлары Бейімбет Майлин шығармаларында бүкпесіз, шынайы қалпында елестейді. Оның туындыларынан өмірден ойып алынған іс-әрекеттер, адам мінездері сөйлейді. Суреткердің өмір диалектикасына толы туындылары Қазақстанда социалистік құрылыстың қандай қиындықтарды бастан кешіргенінен мол да анық дерек береді. Оның суреткерлік қуаты «Қара шелек», «Үлбосын», «Даудың басы — Дайрабайдың көк сиыры», «Арыстанбайдың Мүңышы», «Колхоз қорасында» (1930), «Қызыл әскердің үйі» (1931), «Әміржанның әңгімесі» (1932), «Он бес үй» (1933), «Берен» (1935), «Қырманда» (1936) сияқты әңгімелері мен повестерінде, «Азамат Азаматыч» романында айрықша аңғарылады.

Бейімбет Майлин өз шығармашылығында халық өмірінің түрлі торабын қамтыған. Оның шығармалары жазушылық өнер үшін халықпен күшті байланыста болудың, ел өмірін бес саусағындай біліп отырудың қаншалық маңызды шарт екенін айқын танытады. Суреткерлік ең үлкен парыз — заман шындығының жаршысы бола білуі, халық тіршілігін анық, толық бейнелеуі Бейімбет Майлиннің өшпес еңбегі.

Ауыл адамдарының жаңа тұрмысқа көшуінің қиын процесін ол терең білгірлікпен біртіндеп, сатылап әңгімелейді. «Қара шелек» деген әңгімеде колхозға ұйымдасудың бір көрінісі табиғи елестетілген. Мұнда қарапайым ауыл әйелдерінің бірі Айшаның «Коллектив боламыз» деген жиналыста ойламаған жерден белсенділік көрсетіп, ауыл адамдарының атынан сөйлеуі, «майкөт» (байкот) бблған екі байдың жиналыстан шығарылуын талап етуі, аңырында өзі артель бастығы болып сайлануы баяндалады. Жиналыс кезінде өжеттік көрсеткен Айша кенет өзін артель бастығы етіп сайлағанда қатты толқиды. Қолдағы малын ортаға салуға іштей қимағанымен, ол жұрттың ауқымынан, заманның ағымынан сырт кете алмайды… Сөйте тұра, малын колхозға беруге ризалығы жеткен Айша қара шелегін бүлдіріп қойғаны үшін көрші әйелге қол жұмсайды. Автор Айшаның санасындағы жекеменшікшіл психологияның қайшылығын көрсетпек болған. Оқиғалар мен мінездерді өмірдің өз ағынынан ойып ала білген суреткер, әлгіндей бір көрініс төңірегінде-ақ үжымдастыру жүзеге оңай аспағанын, бұл жолда талай-талай шырғалаң мен сарсаң, күдік пен толңу болғанын байқата алған.

Ал тағы бір шығармасы — «Ұлбосында» автор ауылдағы кейбір жалған белсенділердің зиянкестігін, колхоз ісіне кесапат тигізгенін шебер көрсетеді. Жалпы, Бейімбет Майлин шығармаларында колхоз қозғалысын орасан олқылыққа ұшыратқан арамза атқамінерлердің ұнамсыз қылықтары әшкереленіп отырады. «Ұлбосында» да солай. Ұжым жаңа ұйымдасып, әлі де көңілдері дүдәмал жүрген адамдарды шолақ белсенділер дүрліктіре түседі. Мәселен, Оспан дегеннің үйіне ойламаған жерден мынадай салың түседі. Салыңты хабарлаушы бала Оспанның әйеліне келіп: «Шеіпе, тыңдаңыз, сіздің үйге берілген жоспар: бір пұт ет, он қадақ шыртылдақ, он ңадаң ескі темір, он қадаң ескі жүн, төрт мүйіз, бес тұяқ, бір ит терісі, бір мысың терісі…» — дейді. Салықтың жиылып тапсырылуына жетіаң күн мерзім береді. Әділдік айтады дейтін өкілдің өзі ештеңені жарытып түсініп көрмеген адам. Осыдан келіп ондайлардың ауыл өміріне қаншалық залал келтіргенін сезуге болады.

Ауылдың әккі қулары ойлап тапқан пәлекет жалғыз салыңпен шектелмейді. Бұлардың тілсіз жаудай озбырлығын көрген ел ішінде неше алуан өсектер гулейді. Мұндайда үрей туғызатын лақаптар тарайды. Қалампыр дейтін өсекші кемпір жұртты онан сайын шошытады: «Колхозға кіргеннің малы да, жаны да өзінікі болмайды екен ғой. Үндеместің үйі біліп, қоңыр сиырын қалаға сатуға апарғалы жатыр екен, колхоздың бастығы барып: «Мал сенікі емес», — деп жетегінен шешіп алып қалыпты. О да ойыншық-ау, адамды айтсайшы, бәрінен де масқарасы -әйелді ортаға салады, білем. Неке болмайды дейді. Әйел мен еркекті нөмірлейді дейді». Міне, осындай жағдайда ауылдың момын шаруа адамдары неше түрлі машақатқа түскен. Автор Оспан деген қарапайым адамның отбасында осы тұста болған мінездерді бейнелейді. Үй иесі Оспан да, әйелі Шәрипа мен қызы Ұлбосын да түрлі толқуларды бастан өткереді. Бұрын қызын кешке қарай үйінен шығармайтын Шәрипа «әйел мен қыз ортаға түседі» дегенді естігенде, қызын тезірек күйеуге беруді ойлайды. Аңыры, Шәрипа қызы Әбулаңап деген мұғалімге қосылғанда ғана жаны жай табады.

Жазушы жеке адамдар өмірінің күнделікті қарым-қатынас шындығынан қоғамдық тіршіліктің сырын аңғарта біледі, «кішкентай» фактілерден үлкен тарихтың сипатын сездіреді. «Қара шелекте» де, «Ұлбосында» да суреткер болған істің хабарлаушысы ғана сияңтанып көрінгенімен, авторлық ұстанымы айқын. Ол — өмір туғызып жатқан жаңалыңтың жақтаушысы, кертартпа күштердің дұшпаны.

Бейімбет Майлиннің кейбір әңгімелерінде колхоздасудың әдепкі кезіндегі түрлі қайшылыңтар, асыра сілтеулер кейде қараңғылықтан, тіпті әдейі жіберілген сораңылыңтар көрініс береді. Жазушы өмір шындығын асырмай да, жасырмай да мөлшерлі, үйлесімді сәйкестікте бейнелейді. «Әміржанның әңгімесі», «Даудың басы — Дайрабайдың көк сиыры», «Арыстанбайдың Мұқышы» сияқты шығармаларда түрлі бұрмалаушылықтардың зардабы көрсетілген.

Қазақстанда жер бөлу, байлардың малын кәмпескелеу, алғаш ұжым болып ұйымдасу кезінің ақиқатын, ауыл өміріндегі қайшылықтар сырын «Он бес үй» повесінен оқимыз. Замандар бойғы қанға сіңген жекеменшікшіл психологияны өзгертіп, коллектив жолына түсудің қиын болғаны, рушылдық ңатынастардың таптық жікті ашуға кедергі келтіргені «Он бес үйде» дәлелді әңгімеленген.

Көпқырлы суреткер Бейімбет Майлиннің драмалық шығармаларының тақырыптары оның поэзиялық, прозалық туындыларымен сабақтас. Драмашының «Ауыл мектебі», «Некеқияр», «Шаншар молда» секілді пьесаларында сауатсыздықты жою, әйел теңдігін жүзеге асыру жолындағы кедергілер сыналады. «Талтаңбайдың тәртібінде» ауылды жерлердегі жаңа істерді ұйымдастыруға жіберілген өкілдің дүлей надандығы, асырасілтеушілігі мысқыл етілген. «Жалбыр», «Біздің жігіттер», «Амангелді» драмаларында төңкеріс дәуірінің оқиғалары тақырып етілсе, «Майданда» колхоз құрылысы басталған кезеңнің шындығы, бұл жолдағы қайшылықтар, қателіктер, ізденістер үдерісі көрсетіледі.

Қай жанрдағы шығармасында да Бейімбет Майлин өмір ағыстарын, адам мінезін бірбеткей алмай, түрлі қырларын, қалтарыстарын қамтып, шындықтың шырайын ашуға ұмтылған. Сондықтан да оның көркем туындылары әрі замана келбетін, әрі қаһармандар тұлғасын нанымды ашатын дәуір куәлігіндей қымбатты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет