Бейіндік оқудың дамуындағы әлемдік тенденция


Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың басқарушы ережелері төмендегідей ұстанымдарды басшылыққа алады



бет11/26
Дата07.02.2022
өлшемі1,44 Mb.
#96531
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
Байланысты:
Бейіндік мектеп бағыттар бойынша білім беру оқу бағдарламаларын меңгеру негізінде оқушының жалпы білім беру дайындығын аяқтауды қамтамасыз етілуі.
БОӨЖ ППМ 911 Сапарбай Аружан
Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың басқарушы ережелері төмендегідей ұстанымдарды басшылыққа алады:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты жалпы орта білім берудің жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, технологиялық бейіндік оқыту бағыттарын анықтайды.
Ұйымдастырылатын бейіндік оқыту моделі оқу орнының білім беру процесін ұйымдастырудағы мүмкіндіктеріне сәйкестендіріліп, оқытуды саралап жіктеумен қамтамасыз етуде сыртқы серіктестіктерді қатыстыру мен аймақтың күш-қуатын ескереді.
Бейіндік оқыту бағдарламасын жүзеге асыратын, әртүрлі типтік оқу ұйымдары келесі жалпы білім беретін оқу орындарымен анықталған: жалпы білім беретін мектептер, гимназиялар (1-12 сыныптар), лицейлер (5-12 сыныптар), бейіндік мектептер ( 11-12сыныптар).
Жалпы орта білім беру мазмұны жалпы білім беретін оқу орындарының 11-12сыныптары мен техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың 1-2 курстарында ,орта білімнен соң, оқылады.
Жалпы орта білім беру мазмұны жалпы білім беретін оқу орындарының 11-12сыныптары мен техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың 1-2 курстарында ,орта білімнен соң, оқылады.
Бейіндік оқытуды іске асыру оқытудың тиімді технологияларын енгізумен анықталған. Оқу бағдарламалары тек қана оқылатын материалды ғана қамтымайды жоғары сынып оқушыларының қызмет түрлерін көрсетеді: зерттеу, пікірталас, құрастыру, жобалау және т.б
Жоғары сыныптағылардың бейіндік оқытуын ұйымдастыру мен дамыту негізі педагогтың технологиялық мәдениетінің дамуын, педагогтың кәсіби ойлауын өзгертуді, білім беру процесінің барлық субьектілерінің ақпараттық мәдениетінің қалыптасуы мен дамуын қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет