Байланысты: Бейіндік мектеп бағыттар бойынша білім беру оқу бағдарламаларын меңгеру негізінде оқушының жалпы білім беру дайындығын аяқтауды қамтамасыз етілуі.
Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың басқарушы ережелері төмендегідей ұстанымдарды басшылыққа алады: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты жалпы орта білім берудің жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, технологиялық бейіндік оқыту бағыттарын анықтайды.
Ұйымдастырылатын бейіндік оқыту моделі оқу орнының білім беру процесін ұйымдастырудағы мүмкіндіктеріне сәйкестендіріліп, оқытуды саралап жіктеумен қамтамасыз етуде сыртқы серіктестіктерді қатыстыру мен аймақтың күш-қуатын ескереді.
Бейіндік оқыту бағдарламасын жүзеге асыратын, әртүрлі типтік оқу ұйымдары келесі жалпы білім беретін оқу орындарымен анықталған: жалпы білім беретін мектептер, гимназиялар (1-12 сыныптар), лицейлер (5-12 сыныптар), бейіндік мектептер ( 11-12сыныптар).
Жалпы орта білім беру мазмұны жалпы білім беретін оқу орындарының 11-12сыныптары мен техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың 1-2 курстарында ,орта білімнен соң, оқылады.
Жалпы орта білім беру мазмұны жалпы білім беретін оқу орындарының 11-12сыныптары мен техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың 1-2 курстарында ,орта білімнен соң, оқылады.
Бейіндік оқытуды іске асыру оқытудың тиімдітехнологияларын енгізумен анықталған. Оқу бағдарламалары тек қана оқылатын материалды ғана қамтымайды жоғары сынып оқушыларының қызмет түрлерін көрсетеді: зерттеу, пікірталас, құрастыру, жобалау және т.б
Жоғары сыныптағылардың бейіндік оқытуын ұйымдастыру мен дамыту негізі педагогтың технологиялық мәдениетінің дамуын, педагогтың кәсіби ойлауын өзгертуді, білім беру процесінің барлық субьектілерінің ақпараттық мәдениетінің қалыптасуы мен дамуын қарастырады.