Сәулет өнері Көлемді құрлыстар сәулеті Қала құрылысы Ланшафтты құрлыстар Сәулет өнері – үйлер, ғимараттар, көшелер жобалау және оны жасау өнері.
Сәулет негізінен үш түрге бөлінеді. Бірінші көлемді құрылыстар сәулеті. Бұған тұрғызылған үйлер, қоғамдық орындар(мектеп, театр, стадион, дүкен т.б.) Екінші түрі ланшафтты сәулет. Ол негізінен демалыс орындарының құрылыстарымен байланысты. Бұған скверлер, сонымен қатар сәнді орындықтар, субұрқақтары бар саябақтар жатады. Сәулеттің үшінші түрі қала құрылысы. Бұған жаңадан қалалар мен ауылдар салу немесе қала аудандарын өзгерту жұмыстары жатады.
Сәулет өнері– құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды.
Дизайн
Жарнама
Компютерлік
Тырнақ үлгілеу
Сән үлгілеу
Интерьер
Ланшафтты
Үй тұрмысы бұйымдары
Жиһаз
Дизайн – көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы. Дизайн қызметінің ерекшелігі – әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу. Дизайн 1928 ж. АҚШ-та пайда болды.
Терминдік атауы жаңа болғанымен, оның негізі ерте замандарда-ақ қалыптасқан. Мысалы, қазақ халқының қолөнер бұйымдарының (қобыз, домбыра,сандық, ожау, торсық, қару-жарақтар, сәндік әшекейлі бұйымдар, т.б.) қайталанбас түрлері этнодизайндық үлгіде жасалған. Безендіру өнерінде де дизайнның әдіс-тәсілдері мен тәжірибесі кең қолданылады. Дизайн өнері заман талабына орай үнемі өзгеріп, дамып отырады. ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда дизайн өнері 1960 жылдан бастап жүйелі түрде қалыптасып, дами бастады. 1987 ж. Қазақстан Дизайнерлер одағы құрылды. Дизайн өнері қазіргі өскелең тұрмыстық жағдайлар мен талап-сұраныстарға байланысты жаңа сипаттарға ие болуда. Жарнама, плакаттар, кітап безендіру, өндіріс бұйымдарын жасау, жиhаз бұйымдарының жаңа үлгілерін өмірге әкелу, т.б. қазіргі заманғы кәсіптердің дамып-жетілуі дизайн өнерімен тығыз байланысты. Ұлттық этнодизайн да өзіндік қолтаңбасы бар өнер ретінде заман талабына сай даму үстінде.