Молекулалық орбитальдар әдісі
Қайталау сұрақтары.
Молекулалық орбитальдар (МО) әдісінің негізгі қағидалары қандай?
Атомдық орбитальдар сызықтық комбинациясының молекулалыққа айналуының энергетикалық шарттары қандай?
Байланыстырушы және босаңдатушы молекулалық орбитальдар дегеніміз не? Атомдық орбитальдар энергиясымен салыстырғанда МО электрондарының энергиясы қандай?
Электрон тығыздығының σ- және π- молекулалық бұлттарға бөліну реті қандай?
Гомоядролық екі атомды молекулаларды МО-дың электрондармен толтырылуының энергетикалық реті қандай?
МО әдісі бойынша молекуланың байланыс еселігін қалай анықтайды?
Диамагнетизм және парамагнетизм дегеніміз не? Қандай молекулалар диамагниттік, қандай молекулалар парамагниттік қасиет көрсетеді?
МО әдісі тұрғысынан оттек молекуласының парамагниттік қасиетін түсіндіріңіз. Валенттік байланыс әдісі оттектің осы қасиетін түсіндіре алады ма?
Молекулалық орбитальдар түзілуінің энергетикалық диаграммалары нені көрсетеді? Мысал келтіріңіз.
Молекулалық орбитальдар (МО) және валенттік байланыс (ВБ) әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырыңыз.
Есептер мен жаттығулар
Мысал 1. Азот (N2) молекуласының электрондық формуласын жазып, молекуланың байланыс еселігін анықтаңыз.
Шығарылуы. Молекуладағы байланыс еселігін екі азот атомының сыртқы атомдық орбитальдарынан түзілген молекулалық орбиталдар арқылы анықтаймыз. (Ішкі МО байланыс энергиясына қатысы жоқ). Түзілген молекулалық орбитальдарда электрондар орбитальдардың энергетикалық ретіне қарай, Паули принципі мен Хунд ережесін сақтап орналасады:
σ2s<σ*2s<π2pz=π2py<σ2px<π∙2pz=π2pz<σ∙2px
(Ғх және Оz үшін орын ауысу бар: -σ2px<π2pz=π2py)
N 1s22s22p3
N2 (σ2s)2 (σ∙2s)2 (π2pz)2 (π2py)2 (σ2px)2
N 1s22s22p3
Олай болса N2 молекуласы үшін
Мысал 2. Ғ2 молекуласы мен Ғ2+ ионының магниттік қасиеттері мен байланыс еселіктерін салыстырыңыз. Электрондық формулаларын жазыңыз.
Шығарылуы. Сызбанұсқада фтор атомдарының АО көрсетілмеген.
Молекулалық орбитальдар
|
Ғ2
|
Ғ2+
|
σбос2рх
|
-
|
-
|
πбос2ру πбос2рz
|
↓↑ ↓↑
|
↓↑ ↓
|
σбос2рх
|
↓↑
|
↓↑
|
πбайл2ру πбайл2рz
|
↓↑ ↓↑
|
↓↑ ↓↑
|
σбос2s
|
↓↑
|
↓↑
|
σбайл2s
|
↓↑
|
↓↑
|
Ғ2 формуласы диамагнитті – жұптаспаған (дара) электрон жоқ, Ғ2+ парамагнитті – жұптаспаған электрон бар.
1. Инертті газдардың біратомдылығын қалай түсіндіруге болады? Неонды қатты қоздырғанда Ne2+ бөлшегінің түзілу мүмкіндігіне қалай қарайсыз?
2. Нейтрал молекулалары молекулалық ионға ауысқанда N2→N2+ және О2→О2+ байланыс еселігі мен байланыс энергиясы қалай өзгереді?
3. Мына молекулалар а) В2, С2, N2; ә) N2, O2, F2 қатарларымен б) В2+, С2+, N2+; в) N2+, O2+, F2+ молекулалық иондар қатарларында байланыс еселігі мен байланыс энергиясы қалай өзгереді?
4. Мына бөлшектер қатарында магниттік қасиет қалай өзгереді: О2+ –О2–О2- –О22-?
5. Мына бөлшектер қатарында байланыс еселігі мен магниттік қасиет қалай өзгереді: N2+ – N2 – N2-?
6. СО молекуласынан бір электрон бөлініп шықса байланыс әлсірейді, ал NO молекуласынан электрон бөлінсе байланыс күшейеді. Бұл неліктен?
7. NO+, NO және NO- бөлшектерінің МО энергетикалық диаграммаларын жасап, байланыстың энергиясымен еселігін салыстырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |