Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Химиялық реакциялардың жіктелуі



бет54/189
Дата31.05.2022
өлшемі3,65 Mb.
#145594
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   189
Байланысты:
химия дәрістер (1)

Химиялық реакциялардың жіктелуі


Химиялық реакциялар әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі:
1. Реакцияга қатысатын заттардың құрамы мен саны және өнімдері бойынша:

Химиялық реакциялар


2. Реакция барысында энергияның бөлінуі немесе сіңірілуі бойынша:
- экзотермиялық (жылу бөлінеді);
2С + О2 →2СО + 220 кДж
- эндотермиялық (жылу жұтылады);
С + Н2О(газ) → СО + Н2 - 132 кДж
3. Реакцияға қатынасатын бөлшектер (молекула, ион, радикал) типі бойынша:

  • молекулалық: 2К3РО4 + ЗСаSО4 → Са3(РО4)2↓ + ЗК24

  • иондық: ЗСа2+ + 2РО43– → Са3(РО4)2

- тізбекті немесе радикалды: Сl2 + hv →2C1.
Cl . + H2 →HCl + H .
Н. + С12 → HC1 + СІ. және т.с.с.
4. Заттарга энергетикалық тұрғыдан әсер ету типі бойынша:

  • термохимиялық: 2Н2(г) + О2(г) = 2Н2О(с) + 571,6 кДж

  • электрохимиялық (электролиз):

2NaCl + 2H2О H2↑ + С12↑+ 2NaОH
- фотохимиялық (фотосинтез):
nCО2+mH2О Сn(H2О)m +nО2
көмірсу
5. Реакцияласатын кеңістіктің сипаты бойынша:

  • гомогенді (біртекті ортада жүреді);

  • гетерогенді (фаза аралық жанасу бетінде жүреді);

6. Әрекеттесуші заттар молекуласындағы элементтер тотығу дәрежесінің өзгерісі бойынша:

  • тотығу-тотықсыздану (электрондар тасымалданатын реакциялар);

  • тотығу-тотықсыздану емес (электрондар тасымалданбайтын реакциялар)

7. Катализатордың (өршіткінің) болуына байланысты:

  • каталитикалық (катализатордың қатысуымен жүретін);

  • каталитикалық емес (катализаторсыз жүретін);

8. Қайтымдылық белгісі бойынша:

  • қайтымсыз (тек бір бағытга жүретін);

  • қайтымды (бір сәтте әрі тура, әрі кері бағытта жүретін).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет