Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет43/189
Дата20.09.2022
өлшемі5,28 Mb.
#150074
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   189
Байланысты:
бейорганикалық теория негіздері химия дәрістер

Сутектік байланыс

Сутектік байланыс табиғатта кең таралған және оның көптеген химиялық және биологиялық процестер үшін маңызы зор. Сутектік байланысты тек молекуласындағы сутек атомы күшті электртерістілікті атомдармен (F, О, Cl, N, S, және т.б.) байланысқан зат қана түзе алады.


Сутектік байланыс тек молекулааралық қана (әртүрлі молекулалар арасында) болмай, ол бір молекуланың ішінде де (бір молекула ішіндегі әртүрлі топтар арасында) бола алады. Сутек атомы – ішкі электрондық қауызы жоқ және өте кіші өлшемде болғандықтан, көрші теріс полюстенген атомның электрондық қауызы ішіне еніп кетуге қабілетті. Мысалы, құмырсқа қышқылындағы Н-О байланысты түзуші электрондар, электртерістілеу оттек атомына ығысқан. Сутек атомының ядросында (протонда) электрондық бұлт мүлдем қалмайды, мұндайда осы сутек атомы ядросы мен теріс зарядталған қышқылдың көрші молекуласындағы оттек атомының арасында электростатикалық тартылу туындайды. Бұл сутектік байланыстың пайда болуына әкеледі. Бұл байланыстың түзілуіне сутек атомындағы “жартылай бос” 1s-орбиталімен және электртерістілікті атомның бөлінбеген электрон жұбы орбиталінің донорлы – акцепторлық әрекеттесуі белгілі бір дәрежеде үлес қосады. Сутектік байланыстың түзілуін көрнекілеп, оны үш нүкте арқылы белгілей отырып көрсетуге болады.
Сутектің байланыстың энергиясы (8-40 кДЖ/моль) мен ұзындығы коваленттік байланыстың энергиясы мен ұзындықтарымен және вандерваальстік күштің арасындағы аралық мәнде болады. Әйтсе де бұл энергия молекулалар арасындағы ассоциация (бірігу) үшін жеткілікті екен.
Молекулааралық сутектік байланыстардың түзілуі заттар қасиеттерінің өзгеруіне әкеледі (айтарлықтай: тұтқырлықтың, диэлектрлік тұрақтының, балқу және қайнау температураларының өзгеруі, балқу және бу түзу жылуының жоғарылауы). Мысалы: судың, фторсутектің және аммиактың қайнау және балқу температуралары аномальды жоғары.
Көптеген қосылыстарда ковалентті полярлы Н-О және Н-N байланыстар болады, сондықтан да сутектік байланыстар тек суда ғана болып қоймастан, сан алуан кристалдық заттарда, полимерлерде, белоктарда, тірі организмдерде байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет