Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет76/189
Дата20.09.2022
өлшемі5,28 Mb.
#150074
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   189
Байланысты:
бейорганикалық теория негіздері химия дәрістер

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР


Зертханалық жұмыс №1
Зертханалық жұмыстарды орындау техникасы


Химиялық зертханада жұмыс істеу ережелері

Химиялық зертханада жұмыс істеуге кірісер алдында әрбір студент төмендегі ережелерді міндетті түрде есте сақтауы тиіс:


1. Жұмыс орнын тәртіппен таза ұстау. Егер стол үстіне зат төгілсе, не стол ластанса оны дереу сүртіп алу қажет. Ол үшін зертханада шүберек немесе сүлгі болуы керек.
2. Жұмыс орнында сабаққа қажеті жоқ портфель, бас киім тағы басқа заттар болмасын.
3. Аммиак пен қышқылдарды және денсаулыққа зиянды ұшқыш ерітінділерді жұмыс орнында қыздыруға рұқсат етілмейді. Ондай жұмыстар арнаулы тартпалы шкафта орындалады.
4. Қажетсіз қағаздар, сынған ыдыстар шелекке тасталынады.
5. Реактивтерді пайдаланғанда мынадай тазалық пен ұқыптылық сақталсын:
а) ерітінді құйылған шөлмектерді, құрғақ реактивтер салынған банкаларды жабық ұстаңыз, тек пайдалану алдында ғана ашыңыз;
ә) шөлмектерді жапқанда тығындарды ауыстырып алмау керек, ауысып кеткен реактивтер ластанып, пайдалануға жарамай қалады;
б) салынып (құйылып) алынған реактивтердің (ерітінділердің) артық мөлшерін ыдысқа қайта салмаңыз (құймаңыз), бұлай еткенде ол ластанып, жарамсыз болып қалуы мүмкін;
в) жалпы пайдалануға қойылған реактивтерді өз столыңызға қоймаңыз. Жалпы және жеке пайдалануға тиісті реактивтерді реттеп өз орындарына қойыңыз;
г) күміс тұзы ерітінділерінің артығын тартпалы шкафтағы арнаулы ыдысқа құйыңыз;
д) ерітінділері бар шөлмектерден реактивтерді құйғанда, оның этикеткасын (ластамау, бүлдірмеу үшін) әр уақытта үстіне қаратып алақанның астына келтіре ұстаңыз;
е) шөлмектен ерітінді құйып алу үшін, оны ашқанда тығынын қолда ұстаңыз, не тығынның ыдысқа енетін жағын жоғары қаратып стол үстіне қойыңыз;
ж) егер жұмысты орындағанда алынатын заттың мөлшері дәл көрсетілмесе, реактивтерді 1 – 2 миллилитрден артық алмаңыз. Реактивтерді үнемдеп жұмсауды есте сақтаңыз;
з) реактивтердің дәмін татуға болмайды, өйткені көптеген реактивтер организмге улы әсер етеді.
6. Зертханада кездейсоқ оқиғаларды болдырмау үшін сақтық шараларын естен шығармау керек.
7. Қыздырылған ыстық заттарды бірден стол үстіне қоймаңыз, өйткені столдың беті бүлінеді. Оларды (аспаптарды, құралдарды) асбест тордың үстіне қою керек.
8. Зертханада тыныштық сақталсын. Жұмыс кезінде студенттер қажет болған жағдайдың өзінде жайлап сөйлесуі керек.
9. Әрбір студент жұмыстарды жеке-жеке орындайды. Оқытушының айтуымен ғана жұмысты екеу ара, үшеу ара орындауға болады.
10. Тәжірибе шықпай қалғанда абыржымай тәжірибенің орындалуына көз жіберіп, жіберілген кемшілікті еске түсіріңіз. Оқытушыдан ақыл-кеңес алғаннан кейін тәжірибені қайта орындаңыз.
11. Жұмысты толық орындап болған соң, стол үстін тәртіпке келтіріңіз, содан кейін ғана зертханадан шығуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет