Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет46/189
Дата20.09.2022
өлшемі5,28 Mb.
#150074
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   189
Байланысты:
бейорганикалық теория негіздері химия дәрістер

Процестің функциясына процестің өзгеруі қандай жағдайда және қандай жолмен жүретіндігіне тәуелді функциялар(жылу, механикалық жұмыс) жатады.
Термодинамикалық параметрлердің кез келген біреуінің өзгеруімен байланысты туындайтын өзгерісті термодинамикалық процесс деп атайды. Процестің жүру жағдайына байланысты, оның мүмкін болатын түрлері:

  1. Изохоралық – тұрақты көлемде (V=cоnst) жүретін;

  2. Изобаралық – тұрақты қысымда (Р=cоnst) жүретін;

  3. Изотермиялық – тұрақты температурада (Т=cоnst) жүретін;

  4. Изохора-изотермиялық (V=cоnst және Т=cоnst);

  5. Изобара-изотермиялық (Р=cоnst және Т=cоnst);

  6. Адиабаттық (Q=0), яғни жүйе өзін қоршаған ортадан жылуды алмайды да, бермейді де.

Күй функциясының ең маңыздысы жүйенің толық энергиясы Е, ол үш құраушынының қосындысы ретінде болады: қозғалыстағы жүйенің кинетикалық энергиясы Ккин, жүйеге сыртқы күш өрісінің әсерімен байланысты потенциалды Епотенц және жүйенің ішкі энергиясы U:
Е = Ккин + Епотенц + U
Энергия – ол жүйенің жұмыс жүргізу қабілеттілігінің өлшемі, СИ жүйесінде энергияның (және жұмыстың) өлшеу бірлігі Джоуль (Дж). Жүйені термодинамикалық тұрғыдан баяндағанда, ол салыстырмалық тыныштықта болады деп қарастырады (Ккин=0) және сыртқы өріс әсері өте аз (Епотенц=0) делінеді. Мұндайда жүйенің толық энергиясы оның ішкі энергиясымен анықталынады (Е = U).
Ішкі энергия (U) – ол молекуланың, атомдардың, ядроның, электрондардың қозғалу мен әрекеттесу энергиясынан жинақталатын, жүйенің жалпы энергиясының қоры. Жүйенің ішкі энергиясын, сол жүйені бір күйден екінші күйге ауыстырған кездегі өзгеруі ретінде ∆U анықтауға болады:
U = U2 – U1,
мұндағы U2 мен U1 – жүйенің соңғы және бастапқы күйдегі ішкі энергиялары.
Ішкі энергиясының өзгеруін жылу Q мен жұмыстың А көмегімен өлшеуге болады.
Жылу Q – ол берілген жүйе немесе дене бөлшектерінің ретсіз қозғалуының сандық өлшемі. Қыздырылған денеден энергия жылу түрінде салқындау денеге беріледі. Жұмыс А – бөлшектің бағытталған қозғалысының сандық өлшемі. Жүйе кеңею жұмысын (А>0) жүргізеді. Жүйеге берілген (жеткізілген) жылу ішкі энергия өсімшесіне және сыртқы күшке қарсы жұмысқа (қоршаған орта үстінен жүргізетін жұмысына) жұмсалады:
Q = ∆U + A
Бұл теңдеу термодинамиканың бірінші заңының (бастауының) математикалық өрнектелуі, ол сондай-ақ энергияның сақталу заңын да өрнектейді, бұған орай: жүйе сіңірген жылу ішкі энергияны көбейтуге және жүйе үстінен жүргізілетін механикалық жұмысқа жұмсалады.
Егер жұмыс газдың кеңеюіне немесе сығымдалуына айналса, онда
Q = ∆U + P∆V
1. Изохоралық процесте (∆V=0) жылу саны ауысу (берілу) жолына тәуелсіз және жүйенің тек бастапқы және соңғы күйімен анықталады. Сіңірілген жылудың барлығы жүйенің энергиясын арттыруға жұмсалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет