Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Ерітінділердің химиялық теориясы



бет60/189
Дата20.09.2022
өлшемі5,28 Mb.
#150074
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   189
Байланысты:
бейорганикалық теория негіздері химия дәрістер

Ерітінділердің химиялық теориясы

Д.И.Менделеев ерітінділерді зертеуге 40 жылдай ғылыми жұмысын арнаған. Оның ерітінділердің химиялық теориясы 1887 жылы жасалды және экспериментпен бекітілді. Бұл теорияның негізгі шарттары мынадай:


1. Еру – физика-химиялық күрделі процесс, оған энергияны жұмсауды талап ететін (ΔН1 > 0), еритін зат құрылымының бұзылуы және энергияның бөлінуімен (ΔН2 < 0) жүретін, еріген заттың молекуласы мен еріткіш молекуласының әрекеттесуі енеді.
2. Еру процесі экзотермиялық (мысалы, суда NаОН немесе Н24 ерігенде), эндотермиялық (мысалы, суда NН43 ерігенде) болуы мүмкін. Зат еріген кезде бөлінетін жылуды еру жылуы деп атайды.
3. Еріткіш пен еріген заттың химиялық әрекеттесуі нәтижесінде сольваттар немесе гидраттар (егер су еріткіш болса) түзіледі. Құрамында су молекуласы болатын кристалды заттарды кристаллогидраттар деп атайды, ал кристаллогидрат құрамына енетін суды кристалдық су дейді. Табиғи минералдардың көпшілігі кристаллогидратқа жатады: Nа24 . 10Н2О – глаубер тұзы; КАІ(SО4)2 . 12Н2О – алюминий ашудасы.
Д.И.Менделеевтің ерітіндінің химиялық теориясы негізінде физика-химиялық талдау, кешенді қосылыстар химиясы, сусыз ерітінділердің электрохимиясы сияқты жаңа ғылыми бағыттар пайда болды. Бұл теорияны жетілдіре толықтыруға Д.П.Коновалов, И.А.Каблуков, Н.С.Курнаков, В.А.Кистяковский сияқты ғалымдар айтарлықтай үлес қосты.


Заттардың судағы ерігіштігі

Барлық заттарды судағы ерігіштігі бойынша үш топқа бөледі:



  1. жақсы ерімтал (қант, С2Н5ОН, Н24, NН3, НСІ және т.б.)

  2. нашар (аз) ерімтал (N2, О2, СаSО4 және т.б.);

  3. мүлдем ерімейді (көптеген металдар, асыл газдар, СаСО3, ВаSО4, АgСІ және т.б.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет