Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Атомдардың электрондық құрылымы



бет99/182
Дата21.10.2022
өлшемі5,09 Mb.
#154384
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   182
Байланысты:
бейорганикалық химия дәрістер

Атомдардың электрондық құрылымы


Қайталау сұрақтары.



  1. Атомдық орбиталь дегеніміз не?

  2. s-, p- және d- электрондық бұлттары деген ұғымның мағынасын қалай түсінесіз? Бұл электрон бұлттарының кеңістіктегі пішіндері қандай?

  3. Көп электронды атомдардағы атомдық орбитальдардың энергиясы қалай өзгереді?

  4. Атомдағы электронның энергетикалық деңгейі және деңгейшесі дегеніміз не?

  5. Көп электронды атомдағы электронның энергиясы бас квант санының мәні тұрақты жағдайда, орбиталь квант санына тәуелді бола ма?

  6. Электрондық-графикалық формуладан элементтің валенттілігін қалай анықтайды? Р, S, Cl, Ar атомдарының қалыпты және қозған күйлеріндегі валенттіліктерін анықта.



Есептер мен жаттығулар.

Мысал 1. р-деңгейшеде қанша орбиталь бар?


Шығарылуы.
р-деңгейшелер үшін орбиталь квант санының мәні l=1. Магний квант санының ml мәндерінің саны үшке тең (+1; 0; -1), олай болса р-деңгейшеде үш р-орбиталь (рх, ру, рz) орналасқан.
Мысал 2. Бас квант санының мәні 3-ке тең жағдайда атом орбитальдарының қандай комбинациялары, қандай мөлшерде болуы мүмкін? Үшінші электрон қабатында (деңгей) максимальды мүмкін болатын электрондар саны қанша?
Шығарылуы. Бас квант саны n=3, әр түрлі орбитальдар саны:
l=0, 1, 2 … (n-1); l=0,1,2 және s-, p- және d-орбитальдар.
Орбиталь квант саны l-дің әрбір мәніне сәйкес орбитальдардың саны магнит квант санымен ml=-l … 0 … +l беріледі.
l=0 (s-орбиталь) ml=0;
l=1 (p-орбиталь) ml=-1,0,+1;
l=2 (d-орбиталь) ml=-2,-1,0,+1,+2.
Олай болса n=3 болған жағдайда үшінші қабатта s-орбиталь, үш р-орбиталь (энергиялары бірдей), бес d-орбиталь (энергиялары бірдей) болуы мүмкін (1s, 3p, 5d электрон бұлттары).
Әрбір орбитальда қарама-қарсы спиндерімен бағытталған екі электроннан артық электрон бола алмайтындықтан (Паули принципі), үшінші қабаттағы электрондардың максимальды саны тең:
1·2е+3·2е+5·2е=18e немесе N=2n2
N=2·32=18.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет