Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет125/189
Дата23.12.2022
өлшемі5,37 Mb.
#164010
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   189
Байланысты:
Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары

Мысал 3. Массасы 40 г 12%-дық ерітінді даярлау үшін қанша мл 68%-дық (ρ=1,41 г/мл) азот қышқылы және су керек?
Шығарылуы. 1) 40 г 12%-дық ерітінді даярлауға қажетті НNO3 массасын табамыз:
х1 = 40 ∙ 0,12 = 4,8 г
2) Ішінде 4,8 г HNO3 бар 68%-дық ерітіндінің массасын табамыз:
х2 = 4,8 ∙ 0,68 = 7,06 г 68%-дық HNO3 ерітіндісі
3) Осы ерітіндіні сұйылтатын судың массасын табамыз:
m(H2O) = 40 г – 7,06 г = 32,97 г
Ерітінділер мен суды таразыда өлшемейміз, сондықтан олардың массаларын тығыздық арқылы көлемге айналдырамыз.
V = 5мл 68% HNO3,
V(Н2О) = 32,94мл.
Г. Концентрациялары әртүрлі ерітінділерді араластыру арқылы жаңа ерітінді алу.
Мысал 4. Массасы 300 г 12%-дық NaCl ерітіндісін даярлау үшін массалық үлестері 10% және 20%-дық бастапқы ерітінділердің қандай массаларын араластырамыз?
Шығарылуы. Араластыру ережесін пайдаланады: араластыратын ерітінділердің массалары араластырылатын ерітінділердің массалық үлестерінің айырмасы мен қоспаның массалық үлесі кері пропорционалды:

Бұл ережені пайдалануды жеңілдету үшін крест ережесін немесе Пирсон квадратын қолданады:

    • бастапқы ерітінділердің массалық үлестерін бірінің астына бірін жазады, ал олардың оң жағындағы ортасына – алынуы керек ерітіндінің массалық үлесін жазады:



    • үлкен массалық үлестен берілгенді шегереді де нәтижесін төменгі оң жаққа жазады: берілген массалық үлестен кішісін шегереді де нәтижесін жоғарғы оң жаққа жазады:


0,02 саны 0,08 сандары тиісінше ω2(NaCl)=0,2(20%) және ω1(NaCl)=0,1(10%) болатын ерітінділердің қандай массалық үлесте алу керектігін көрсетеді:
ω2(NaCl)
ω2(NaCl)=0,1 болатын ерітіндінің массасы:
ω1(NaCl)
Д. Ерітіндінің молярлық концентрациясы См – 1 л ерітіндідегі еріген заттың моль санын көрсетеді. Өлшем бірлігі моль/л.

мұндағы n – еріген заттың мөлшері (моль);
V – ерітіндінің көлемі (литр);
m – еріген заттың массасы (кг, г);
M – еріген заттың молярлық массасы (г/моль).
1 М – бір молярлық ерітінді (1 литр ерітіндіде еріген заттың 1 молі болады);
0,5 М – жарты молярлық ерітінді;
0,1 М – децимолярлық ерітінді;
0,01 М – сантимолярлық ерітінді;
0,001 М – миллимолярлық ерітінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет