Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Студенттің өз бетінше орындайтын жұмыстары



бет137/190
Дата29.04.2023
өлшемі5,26 Mb.
#175704
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   190
Байланысты:
химия дәрістер

Студенттің өз бетінше орындайтын жұмыстары


1. Химияның негізгі заңдары мен ұғымдары


Бақылау сұрақтары мен есептер

1. Заттың сандық және сапалық құрамы дегеніміз не?


2. 2,94 г кальций хлоридін қыздырғанда 1,45 г су бөлінген. Кристаллогидраттың формуласы қандай?
3. 0,9664 г кристаллогидраттағы кристалданған суды буландырғаннан кейін сусыз тұз Cu(NO3)2 0,7504 г болды. Мыс нитраты кристаллогидратының формуласы қандай?
4. Бурадағы Na2B4O7 · 10H2O элементтердің проценттік мөлшерін табыңыз.
5. Химиялық эквивалент деген не? Эквивалент заңының анықтамасы қандай? Эквивалент және эквиваленттер заңының қандай практикалық маңызы бар?
6. Оксидтердің, қышқылдардың, негіздердің және тұздардың эквиваленттерін қалай анықтайды? Мысал келтіріңіз.
7. Мына қосылыстардың құрамындағы элементтердің валенттілігі мен эквивалентін табыңыз:
а) К2О, ә) СаО, б) Ғе2О3, в) PbO, г) SO3, д) P2O5, е) HNO3, ж) H2SO4, з) Na2O3, и)Al2(SO4)3, к) Ca3(PO4)2.
8. Қалыпты жағдайда 0,1953 г металл 56 мл сутекті ығыстырған болса, металдың эквиваленті неге тең?
9. Қалыпты жағдайда 1 г металды тотықтыруға 462 мл оттек жұмсалған болса, металдың эквиваленті қандай болғаны?
10. 1 г металл 1,251 г оксид түзген болса, металдың эквиваленті қандай болғаны?
11. 0,09 г металл қышқылдан 170С-де және 0,987 атмосфералық қысымда 48 мл сутек ығыстырылған. Сутек су үстінде жиналған. Металдың эквивалентін табыңыз.
12. Хлорлы темірде 34,42% темір және 65,58% хлор бар. Хлордың эквиваленті 35,46. хлорлы темірдегі темірдің эквивалентін табыңыз.
13. Күміс оксиді құрамында 93,09% күміс, 6,91% оттек, ал йодты күмісте 45,95% күміс және 54,05% йод бар. Йодтың эквиваленті нешеге тең?
14. Атом, атомдық салмақ, молекула, молекулалық салмақ, зат мөлшері деген не?
15. Авогадро заңы қалай айтылады?
16. Қалыпты жағдайда әр түрлі газдардың 1молі қандай көлем алады?
17. Авогадро саны деген не? Ол неге тең?
18. Ацетиленнің С2Н2, оттектің, сутектің қалыпты жағдайдағы бір литрінің салмағын есептеңіз.
19. 172С-де және 0,95 атмосферада 200 мл газдың көлемін қалыпты жағдайға келтіріңіз.
20. Қалыпты жағдайдағы 1 л метанның және 1 л СО2 салмағын анықтаңыз.
21. 1 кг метан және 1 кг көміртек оксиді қалыпты жағдайда қандай көлем алады?
22. Қандай болмасын газдың 1 миллилитрінде қалыпты жағдайда неше молекула болады?
23. 7,5 грамы қалыпты жағдайда 5,6 л көлем алатын азот оксидінің молярлық массасын есептеңіз.
24. Газ тәрізді зат 770С температурада және 2,5 атм қысымда 12 л көлем алады және 17,7 г салмақ тартады. Бұл қандай зат?
25. 290С-де су үстінде жиналған газ 250 мл көлем алады. Су буы қысымының температураға тәуелділігінің таблицасын пайдаланып, осындай көлемдегі құрғақ газдың осы температурада қандай көлем алатындығын есептеңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет