Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет109/190
Дата29.04.2023
өлшемі5,26 Mb.
#175704
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   190
Байланысты:
химия дәрістер

Қайталау сұрақтары.



  1. Д.И. Менделеев периодтық заңды қалай, қай жылы ашты және оған қандай анықтама берді?

  2. Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесінің құрылымын түсіндіріңіз. Период, топ дегеніміз не? Әрбір период пен топта элементтердің қасиеттері қалай өзгереді?

  3. Д.И. Менделеев әлі ашылмаған элементтердің қасиеттерін болжауда кестені қалай пайдаланды?

  4. Кіші периодтар мен үлкен периодтардағы элементтердің қасиеттері қалай өзгереді? Оны атом құрылысы теориясы қалай түсіндіреді?

  5. Топ дегеніміз не және ол нені көрсетеді? Жүйеде 8 топтың болуын атом құрылысы теориясы қалай түсіндіреді?

  6. Жоғарғы валенттіліктері топтың нөміріне сәйкес келмейтін қандай элементтер?

  7. Негізгі және қосымша топшалар деген не және олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?

  8. Қандай элементтер электрондық аналогтар деп аталады?

  9. Сыртқы қабатында екі электрондары бар кальций мен мырыш неге толық химиялық аналогтар бола алмайды?

  10. Лантаноидтар мен актиноидтар қандай элементтер? Олар периодтық жүйеде неге бөлек орналасқан?



Есептер мен жаттығулар.

Мысал 1.


Шығарылуы. Атомдардың электрондық конфигурациялары:
Cl 1s22s22p63s23p5; Mn 1s22s22p63s23p63d54s2
Хлордың валенттік электрондары - 3s23p5, ал марганецтікі - 3d54s2 болғандықтан бұл элементтер электрондық аналогтарға жатпайды, сондықтан бір топшада орналаса алмайды.
Осы элементтердің валенттік орбиталдарындағы электрон саны бірдей 7-ге тең болғандықтан, олар бір топта, бірақ әр түрлі топшаларда орналасады.
Мысал 2. Калий атомының иондану энергиясы 419 кДж/моль тең. Калийдің бір атомын иондандыруға қажет энергияны есептеңіз.
Шығарылуы. Зат мөлшері 1 моль калийде 6,02·1023 калий атомдары бар. Олай болса бір атомды иондандыруға қажет энергия:

(Көбінесе атомның иондану энергиясы электрон-вольтпен өлшенеді. 1Дж=0,624·1019 эв).
Е=6,96·10-19·0,624·1019=4,34 эв.

Мысал 3. Периодтық жүйенің бірінші тобында орналасқан элементтер үшін иондану энергиясының мәндері берілген: E(Li)=520, E(Cs)=375, E(Cu)=743, E(Au)=888 кДж/моль. Қай топшадағы элементтердің металдық қасиеттері басым, неге?


Шығарылуы. Иондану энергиясының мәні неғұрлым аз болса, электронның ядромен байланысы да соғұрлым нашарлап, атомның металдық қасиеті басым болады. Есептің берілгеніне қарап негізгі топшада орналасқан Li мен Cs металдық қасиеттері басым екендігін көруге болады. Бұдан шығатын қорытынды: бірінші топтың негізгі топшасының элементтері – осы топтың қосымша топша элементтерімен салыстырғанда активті металдар.
1. Төменде қандай элемент атомдарының электрондық формулалары берілген?
1) 1s22s22p63s23p63d34s2;
2) 1s22s22p63s23p63d104s24;
3) [Kr] 4d15s2.
2. Иондардың электрондық формулаларын жазыңыз:
1) Cl-; 2) Rb+; 3) S2-; 4) Mn2+.
3. Хром атомының электрондық формуласын жазып, валенттік орбитальдарының графиктік схемасын көрсетіңіз. Хром қосылыстарында +6 тең оң тотығу дәрежесін көрсететін қалай түсіндіресіз?
4. Берілген элемент атомдарының электрон бұлттарының суреттерін салыңыз: а) Li; ә) Be; б) B; в) C; г) N; д) О; е) Cr; ж) Mn.
5. Периодтық жүйенің бесінші тобында орналасқан элементтердің электрондық аналогтарын атаңыз. Осы элементтердің валенттік орбитальдарының электрондық формулаларын жазыңыз.
6. d-орбитальдары толық (3d10, 4d10, 5d10) 4, 5, 6 периодтарда орналасқан элементтерді атаңыз. Осы элемент атомдарының электрондық формулаларын жазып, периодын, тобын, топшасын көрсетіңіз.
7. Атомдардың электрондық формуласына қарап
1) [Ar] 3d34s2; 2) [Ar] 3d104s24p3.
элементті атаңыз. Осы элементтердің негізгі химиялық қасиеттерін жазып көрсетіңіз.
8. Неге сутек элементі периодтық жүйенің екі тобында орналасқан?
9. Сыртқы қабатында бір ғана электроны бар цезий және алтын атомдарының иондану энергиясы E(Cs)=375, E(Au)=888 кДж/моль. Иондану энергияларындағы бірталай айырмашылықты қалай түсіндіре аласыз?
10. Магний атомынан біртіндеп электрондар жұлынып шыққандағы иондану энергиясы: E1=733, E2=1447 және E3=7718 кДж/моль. Үшінші электрон жұлынып шыққандағы иондану энергиясының шамасы неге өте үлкен?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет