Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Тотығу-тотықсыздану реакциялары



бет136/190
Дата29.04.2023
өлшемі5,26 Mb.
#175704
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   190
Байланысты:
химия дәрістер

11. Тотығу-тотықсыздану реакциялары.
Электрохимиялық процестер


Қайталау сұрақтары

  1. Тотығу дәрежесі деп нені атайды?

  2. Тотығу-тотықсыздану реакцияларына анықтама беріңдер. Олардың кандай типтері бар?

  3. Қандай заттар тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та қасиет көрсете алады? Мұндай екі жақтылыққа мысал келтіріндер.

  4. Ионды-электрондық баланс әдісі қандай ережеге негізделген?

  5. Адам өзінің күнделікті өмірде іске асыратын тотығу-тотықсыздану реакцияларына мысал келтіріңдер.

  6. Тотығу-тотықсыздану реакциялардың жүруіне әсер етер ортаның ықпалын түсіндіріңдер.

  7. Тотығу-тотықсыздану реакциясының бағытын болжауға бола ма? Мысал келтіріндер.



Есептер мен жаттығулар
1. Келесі берілген реакциялардың әрқайсысы тотығу-тотықсыздану реакцияларының қандай түріне жатады?
а) Н2О2 + К2Сr2О7 + НСl СrСl3 + КСl + О2 + Н2О
б) Н2О2 Н2О + О2
в) Н2О2 + KNО2 КNО3 + Н2О
Осы реакциялардың әрқайсысында сутектің асқын тотығы қандай рөл (тотықтырғыш; тотықсыздандырғыш; екеуін де) атқарады? Электрондық баланс әдісімен реакция теңдеуін құраңдар.
2.Реакцияларды жазып аяқтандар, электрондық баланс әдісімен коэффициенттерді тауып орнына қойыңдар, тотықсыздандырғышты және тотықтырғышты көрсетіңдер:
а) Fе2О3 + Н2 ...
б) SО2 + О2 ...
в) S + Н24 ...
3.Натрий сульфитінің массалық үлесі 3% массасы 50 г ерітіндісін сілтілік ортада тотықтыру үшін калий перманганатының массалык үлесі 4% массасы 120 г ерітіндісі жеткілікті ме?
4. Құрамындағы йодтың массалық үлесі 2% болатын, массасы 150 г молекулалық йод ерітіндісімен қалыпты жағдайда өлшенген күкіртті сутектің қандай көлемі, әрекеттеседі?
5.Берілген тотығу-тотықсыздану реакцияларына жартылай реакция әдісімен коэффициент таңдап алыңдар. Қысқарған иондық және молекулалық түрдегі теңдеуін жазындар:
а) KJ + КNО2 + Н24 J2 + К24 + Н2О
б) Nа2С2О4 + КВrО3 + Н2О СО2 + КВr + NаОН
в) КМnО4 + КNО2 + Н2О МnО2 + NаNО3 + КОН
г) АgNО3 + РН32О Аg + Н3РО4 + НNО3
6.Мn2+ ионының марганецті қышқыл ионына тотығу реакциясынын теңдеуін құрастырып, ортасын анықтап және тотықтырғышты таңдап алыңдар.
7.Калий перхлораты бос хлорға дейін тотықсызданады. Осындағы калий перхлоратының тотығу-тотықсыздану эквивалентін есептеңдер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет