Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Электролиттік диссоциация. Тұздар гидролизі



бет141/189
Дата22.12.2023
өлшемі5,26 Mb.
#198425
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   189
Байланысты:
химия дәрістер

8. Электролиттік диссоциация. Тұздар гидролизі


Бақылау сұрақтары мен жаттығулар

1. И.А. Каблуковтың теориясы бойынша электролиттік диссоциация кезінде су қандай роль атқарады?


2. Электролиттік диссоциация теориясы бойынша қышқыл, негіз және тұз дегеніміз не? Қышқыл, негіз және тұз ерітінділері қалай диссоциацияланады?
3. Күшті және әлсіз қышқылдар мен гидроксидтерге мысалдар келтіріңіз. Диссоциациялану дәрежелерін салыстырыңыз.
4. Қандай жағдайларда электролиттер арасындағы реакциялар аяғына дейін жүреді? Иондық теңдеулерін жазып, мысалдар келтіріңіз.
5. а) натрий карбонаты мен барий нитраты және ә) темір сульфаты (ІІ) мен барий хлориді ерітінділері араластырылған. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазып, осы реакциялардың мәнін түсіндіріңіз.
6. Мына реакциялардың теңдеулерін иондық түрде жазыңыз: а) темір хлориді (ІІІ) мен күміс сульфаты; ә) ортофосфор қышқылы мен кальций гидроксиді; б) калий сульфиді мен күкірт қышқылы; в) аммоний гидрокарбонаты мен тұз қышқылы; г) күйдіргіш калий мен күкірт қышқылы.
7. Ерітіндіде AgNO3, Ba(NO3)2, Zn(CH3COO)2 тұздарының қоспасы бар. Оның үстіне тұз қышқылының ерітіндісі құйылды. Мүмкін болатын реакциялардың иондық теңдеулерін жазыңыз.
9. Тұздардың гидролизі дегеніміз не?
10. Гидролиз дәрежесіне қандай факторлар әсер етеді?
12. Төмендегі тұздардың мүмкін болатын гидролиздену реакция теңдеулерін молекула және ион түрінде жазыңыз: темір хлориді (ІІІ), калий цианиді, калийдің үшінші фосфаты, натрий сульфиді, алюминий сульфаты, аммоний хлориді, аллюминий сульфиді, натрий сульфаты, калий нитраты.
13. Мына тұздардың сулы ерітінділері қандай реакция ортасын көрсетеді: калий хлориді, калий сульфаты, натрий цианиді, натрий сульфиді, аммоний сульфаты, хром хлориді, калий нираты, калий сульфиді.
14. Температура артқанда және төмендегенде, концентрациясы артқанда және төмендегенде гидролиздену тепе-теңдігі қай бағытқа өзгереді? Мысалдар келтіріңіз.
15. Қалыпты (орта) тұздардың сулы ерітінділері қышқылдық, сілтілік не нейтрал орта көрсететіні неліктен? Мысалдар келтіріңіз.
16. Топырақты ізбестеу қандай мақсатта жүргізіледі?
17. Темір тұзына (ІІІ) натрий карбонатымен әсер еткенде темір карбонаты емес, темір гидроксиді (ІІІ) түзіледі. Мұны қалай түсінесіз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет