Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Кез келген заттың тығыздығы ρ



бет18/189
Дата22.12.2023
өлшемі5,26 Mb.
#198425
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   189
Байланысты:
химия дәрістер

Кез келген заттың тығыздығы ρ – ол осы зат массасының m оның көлеміне V қатынасы:

Егер кез келген газдың 1 молін алса, оның массасы молярлық массаға М, ал көлемі молярлық көлемге Vm тең болады.
Демек, газдың тығыздығы тең:
Әртүрлі газдардың бірдей көлемдегі массаларының қатынасы олардың молярлық массаларының қатынасына тең:

- қатынасы екінші газ бойынша алынған бірінші газдың салыстырмалы тығыздығы D деп аталады:

Әдетте, әртүрлі газдардың тығыздығын сутекке (ең жеңіл газ) және ауаға қатынасы бойынша жиі анықтайды.
Кез келген газдың сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы тең:
M(газ) = 2 ·
Кез келген газдың ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы тең:
M(газ) = 29 ·
Газдың салыстырмалы тығыздығы - өлшемсіз шама.

Идеалды газ күйі Клайперон-Менделеев теңдеуімен толық өрнектеледі:


немесе
мұндағы Ргаз қысымы;
V – газ көлемі;
Т – абсолюттік температура;
R - әмбебапты газ тұрақтысы;
n – газдың мольдік саны;
m – газ массасы;
М – газдың молярлық массасы.


Эквивалент. Эквивалент заңы


Элементтің эквиваленті деп сутегі атомдарының 1 молімен әрекеттесетін немесе сондай мольді қосылыстан ығыстырып шығаратын заттың мөлшерін айтады.
Мысалы иодсутекте HI сутегінің 1 молімен қосылып тұрғандықтан иодтың эквиваленті 1 мольге, күкіртсутекте H2S сутегінің екі молімен қосылып тұрғандықтан күкірттің эквиваленті 1:2 мольге, aммиакта NH3 cутегінің үш молімен қосылып тұрғандықтан азоттың эквиваленті 1:3 мольге, силанда SiH4 сутегінің төрт молімен қосылып тұрғандықтан кремнийдің эквиваленті 1:4 мольге тең болады.
Элементтің 1 эквивалентінің массасын оның эквиваленттік массасы дейді, ал ол г/мольмен көрсетіледі. Жоғарыда келтірілген қосылыстардағы иодтың, күкірттің, азоттың, кремнийдің сәйкес эквиваленттік массалары мынадай: 127г/моль, 32:2=16г/моль, 14:3=4,67г/моль, 28:4=6,5г/моль.
Қосылыстағы элемент молінің қандай бөлігі сутегі атомдарының 1 моліне эквивалентті екенін көрсететін санды эквиваленттік фактор дейді және оны fэкв әрпімен белгілейді. Эквиваленттік фактор өлшемсіз сан, оны 1-ді қосылыстағы сол элементтің валенттілігіне (В) бөлу арқылы табады.
fэкв = 1: В
Мысалы, жоғарыдағы келтірілген қосылыстардағы иодтың, күкірттің, азоттың, кремнийдің сәйкес эквиваленттік факторлары мынадай: 1:1; 1:2; 1:3; 1:4.
Бұдан элементтің зквиваленттік массасы Э немесе элемент эквивалентінің 1 молінің массасы элементтің эквиваленттік факторын оның молярлық массасына (М) көбейткенге тең:
Э= fэкв ·М
Элементтің эквиваленттік массасын оның эквивалентінің молярлық массасы деп атайды.
Газдар үшін “бір моль эквиваленттің көлемі” түсінігі енгізілген. Бұл шама қалыпты жағдайда тең:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет