Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет42/189
Дата22.12.2023
өлшемі5,26 Mb.
#198425
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   189
Байланысты:
химия дәрістер

Иондық байланыс

1916 жылы В.Коссель енгізген иондық байланыс жайлы түсінік бойынша элементтердің реакцияласу қабілеттілігі, олардың атомдарының асыл газдардың электрондық конфигурациясын алуға ұмтылуына әкеледі. Мұндай конфигурацияның түзілуі электрондардың бір атомдардан басқа атомдарға толық ауысу салдарынан болады. Мұндайда түзілген әртүрлі таңбамен зарядталған иондар электростатикалық тартылу күштерімен ұсталады.


Иондардың электростатикалық тартылу күштері арқылы жүзеге асатын химиялық байланыс иондық байланыс деп аталады.
Na0 – e → Na+
Cl0 + e → Cl
Na + + Cl - → NaCl
Осындай жолмен түзілетін қосылыстарды иондық деп атайды. Иондық байланыс тек өзінің электртерістілігі бойынша едәуір өзгеше болатын атомдардың арасында ғана түзіледі. Бұл қосылыстардың балқу және қайнау температуралары жоғары, суда ерігенде немесе балқығанда күшті электролиттің қасиеттерін көрсетеді.


Металдық байланыс

Атомдардың электрондық қауыздарының құрылысы бойынша металдарға барлық s-элементтер (сутек және гелийден басқасы), барлық d- және ƒ-элементтер және бірқатар р-элементтер (алюминий, қалайы және т.б.) жатады. Қатты немесе сұйық күйдегі металдар жылу және электр өткізгіш, иілгіш және соғылғыш, балқу және қайнау температуралары жоғары болады.. Металдардың бұл қасиеттерін олардағы ерекше химиялық байланыстың болуымен түсіндіруге болады және ол байланысты металдық байланыс деп атайды. Оның түзілуіне, өзінің ядросымен едәуір әлсіз байланысқан, валенттік электрондар қатысады. Металдағы атомнан электрондар тұрақты түрде бөлінеді де металдың күллі массасы бойынша қозғалады. Электрондарын берген металл атомдары оң зарядталған иондарға түрленеді, ал олар өз кезегінде тұрақты қозғалыстағы электрондарды өзіне тартуға ұмтылады.


Мұнымен қатар , бір мезетте басқа металл атомы өзінің электрондарын береді, яғни металдың ішінде “электрондық газ” (бос электрондар) тұрақты айналып жүреді, олар металдың барлық атомдарын өзара берік байланыстырады да металл торының беріктігін қамтамасыз етеді.
Электростатикалық тартылу нәтижесінде металл иондары мен жалпыланған электрондар арасында түзілетін химиялық байланысты металдық байланыс деп атайды.
Металдық байланыстың энергиясы коваленттік байланыс энергиясының мәнінен 3-4 есе кіші.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет