Бейсебаева салтанат бейсекуловна «мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы»


Дәріс 30 Құқықтық реттеудің пәні және әдістері. Құқықтық реттеу



бет32/32
Дата08.02.2022
өлшемі301,16 Kb.
#119190
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
Бейсебаева салтанат бейсекуловна «мемлекет ж не Ы теориясы»

Дәріс 30
Құқықтық реттеудің пәні және әдістері.
Құқықтық реттеу – мемлекеттің құқықтық нормалар көмегімен қоғамдық қарым-қатынасқа ықпал етуі. Құқықтық реттеуде құқық субъектілерінің өз құқықтары мен міндеттерін танып-білуі көзделеді. Тиісті қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеутетігі құқықтық құралдардың бірыңғай жүйесі болып табылады, мұндай құралдардың көмегімен қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпал жасалады. Құқықтық реттеу тетігінде, сондай-ақ құқықтық нормалар, құқықтық қарым-қатынас, құқықтық жауапкершілік, құқықтық сана, құқық қолдану актілері, құқықтар мен міндеттерді іске асыру актілері, т.б. қамтылады.
Құқықтың әрекеті – бұл құқықтың мазмұны –дина-микалық жағы, оның шын мәніндегі іске асыру қабілеттілігін сипаттайтын реттеушілігі (арнайы-заңдылық), информа-циялық-психологиялық (мотивациялық), тәрбиелік (идеоло-гиялық, педагогикалық) және қоғамдық қатынастар-дың қатысушыларына әлеуметтік ықпал етуі.
Құқықтың әрекеті – жеткілікті түрдегі механизм. Мұнда оның мынандай жағы көрінеді: құқықтық әрекеттің әлеуметтік механизмі (шын өмірдегі құқықтың ерекшелігінің көрінуін белгілейтін барлық жағдайлар); құқық әрекетінің психологиялық жағы (адам тәртібінің психологиялық механизмін есепке алу, оның сол не басқа құқықтық реттеу заңдылықтарын қабылдауы ықпал етеді); бағалы-ориентациядағы құқықтың әрекеті механизмі (заңдық бекіту, адам үшін көбірек маңыздылықты қорғау және қоғамдық бағалылықты қамтамасыз етуді іс жүзіне асыру).
Құқықтық ықпал – бұл нәтижелі нормативті ұйымдас-тырылған қоғамдық қатынастарға ықпал, арнайы жүйе ретіндегі құқықтық құралдар (құқық нормалары, құқықтық қатынастардың, құқық нормаларының актілерін іс жүзіне асыру және қолдану), сала басқа құқықтық құбылыстарды (құқықтық сананы құқықтық мәдениетті, құқықтық қағидаларды және құқықтық шығармашылық процестерді).
Құқықтық реттеу – белгілі қоғамдық қатынастардың аясына мақсатты бағытталған құқықтық ықпал. Мазмұнына арнайы заңды мақсатты әрекеттер мемлекеттік билік берілген субъектілердің қоғамдық қатынастарды тәртіпке келтіруге (ұйымдастыруға) құқық нормаларын белгілеу арқылы және қажетті кездерде осы нормаларға сүйеніп маңызды мәселелер бойынша, сондай қатынастар қалпында пайда болғандарға шешім шығаратын (жалпы құқықтық реттеу және жекеше-құқықтық реттеу).
Құқықтық реттеу белгісіне тән ретінде айтуға болатыны, қоғамдық қатынастардың әлеуметтік реттеуге жататындығы, бірақ мұнда бөлінбейтін мемлекетпен байланысты және оның мәжбүрлеу шарасын пайдалану мүмкіндігі.
Құқықтық реттеу механизмі және оның әлеуметтік саладағы қарама-қайшылықтарды шешудегі рөлі. Н.М. Коркунов айтқандай, ғылыми зеттеулер үшін ең маңыздысы, жалпы заңдылық нысанындағы бір жақты қатынастарды әр түрлі мазмұндарынан айыру. Сол мақсат үшін, заңгерлер ой күйінде, заңды қатынастарды құрайды, тек олар түгелімен, қалтарыссыз бір ғана құқық нормаларымен белгіленуі қажет [3,259б].
Құқықтық реттеу механизміндегі құқық нормаларының, құқықтық қатынастардың, құқық қолданушылық актілердің, құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру актілерінің рөлі.
Құқықтық реттеу механизмінің түсінігі және элементтеріне тоқталсақ. Бұл құқықтық реттеу механизмі құқық субъектілерінің мүдделерін қанағаттандыру жолындағы кедергілерді жою мақсаттарында кезекті түрде ұйымдастырылған заңды құралдардың жүйесі.
Құқықтық реттеудің әдістемесі – заңды құралдардың жиынтығы, солардың көмегімен сапалы біржақты қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу жүргізіледі.
Құқықтық реттеудің тетіктері (механизмі) – құқық субъектісінің мүддесін қанағаттандыру жолындағы қарсылықты жеңу мақсатында, көбірек ізбасарлықпен ұйымдастырылған заң құралдарының жүйесі [4,115 б].
Құқықтық реттеу механизмінің мақсаты - субъектілердің мүдделерінін құндылықтарға кедергісіз бағыт алуын қамтамасыз ету (мазмұнды белгісі). Құқықтық реттеу механизмі - бұл табиғаты және функциялары бойынша әр түрлі заңды құралдардың жүйесі (формальды белгісі). Қоғам өмірінде, көптеген уақыттардан бері, құқықтың түсінігіне, құрылымына, негізіне, рөліне көп көзқарастар пайда болды. Заң ғылымы – құқықтың қоғамдық қатынастардың мемлекеттік реттеушілік сипатындағы сапасын белгілейді:
а) нормативтілігі, себебі құқық жалпы сипаттағы тәртіп жолдарынан құралады;
ә) мемлекетпен тығыз байланыстылығы, себебі, құқық нормалары мемлекеттен шығады және қажетті кездерде оны күш қолдану арқылы қорғайды.

Пысықтау сұрақтары





1.Құқықтық реттеу механизміндегі құқықтың норманың құндылығы?

2.Құқықтық реттеу механизміндегі құқықтық норманың негізгі сипаттары, құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және түрлері?

3.Құқықтық реттеу механизмінің құқықтық нормалардың элементтерінің құрылу тәсілдері?

4.Құқықтық реттеу механизміндегі құқық нормаларын қолдану актілері?

  1. Құқықтық реттеу механизміндегі құқықтық қатынастар?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет