Бейсебаева салтанат бейсекуловна «мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы»



бет20/32
Дата08.02.2022
өлшемі301,16 Kb.
#119190
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32
Байланысты:
Бейсебаева салтанат бейсекуловна «мемлекет ж не Ы теориясы»

10 тақырып.
Құқықшығармашылық және нормативтік құқықтық актілерді жүйелеу. Заң техникасы.
Дәріс 19
1. Құқық шығармашылық және оны негіздейтін факторлар.
2. Құқықшығармашылық үрдісінің сатылары.


Қоғамды басқаруда мемлекет және құқық өмірге әкелген сан алуан нормативтік құқықтық актілер құқық шығармашылықтың жемісі болып саналады. Құқық шығармашылық қоғамдық қатынастарға тікелей әсер ететін негізгі бағыт, бұл мемлекет қызметінің ерекше түрлерінің бірі және құқыққа заңды күш беретін басты құрал.
Құқық шығармашылық – бұл мемлекет тарапынан өкілеттікке ие болған органдардың заң нормалары - нормативтік актілерді қабылдауы, өзгертуі және жоюы. Құқық шығармашылық құқықтың қалыптасу процесін аяқтай отырып, қоғамдық өмірде мемлекеттің еркін заңға айналдырады. Бұл қоғамдық қатынастарды заңды түрде реттеуге қатысты қоғамдық қажеттілікке байланысты пайда болады.
Құқық шығармашылық, біріншіден, мемлекеттің құқық шығармашылық белсенді қызметін көрсетеді; екіншіден, мемлекеттің өкілеттікке ие болған органдарының тікелей құқық орнатушылық қызметін анықтайды. Бұл нормативтік актілерге енгізілген негізгі заң нормалары. Осыған байланысты маңызды қоғамдық басқару құралы қалыптасып, мәнді іс-әрекет ережелері қабылданады. Құқық шығармашылықтың дәрежесі мен мәдениетін қабылданған нормативтік актілердің сапасы көрсетеді. Мұнда норма шығармашылық демократиялық және өркениетті мемлекеттің көрсеткіші. Үшіншіден, мемлекеттік санкцияландырылған органдар тарапынан шыққан нормалар да құқық шығармашылық қызметке жатады. Бұл мемлекеттік емес ұйымдар тарапынан қалыптасады. Мысалы, қоғамдық, кооперативтік т.б. ұйымдар.
Құқық шығармашылықтың үш түрін анықтаймыз:
1.Тікелей мемлекеттік органның нормативтік актілерді қабылдауы, бекітуі, шығаруы.
2.Өмірде көп жылдар бойы қалыптасқан әлеуметтік нормаларды қабылдап, бекіту.
3.Нормаларды референдум арқылы заңға айналдыру.
Құқық шағармашылық субъектілеріне: 1-ден, мемлекетті; 2-ден, халықты жатқызамыз. Халық жалпы халықтық сайлауда және референдумда дауыс беру арқылы заңдарды қабылдауға қатысады.
Құқық шығармашылық қызметі екі негізгі кезеңнен тұрады:
1-сі, құқық шағармашылық қызметін ұйымдастыру мәселесін іске асырады, бұл нормативтік акті жобасын дайындау, талдау т.б.
2-сі, құқықтық бастаманың негізіне сүйене отырып, нормативтік құқықтық актінің жобасы туралы шешімді іске асырады.
Құқық шығармашылық түрлері мынадай негізгі принциптерге сүйенеді:

  1. Демократиялық принципке тән нәрсе құқық шығармашылық процеске халықтың қатысуы және қоғамдық институттар мен нормаларды орындау дәрежесі.

  2. Жариялық принципке қоғам алдындағы құқық шығармашылықтың ашықтылығы жатады. Халық өз пікірлерін айтып, ұсыныстарын береді.

  3. Заңды кәсіпқойлық принцип мемлекеттің заң шығармашылық органдарының кәсіпқойлық саласын көтеру, оның жұмысына заңгерлерді, ғалымдарды, экономистерді т.б. тәжірибелі азаматтарды қатыстыру.

  4. Құқық шығармашылықтағы заңдылық принципі бойынша жаңадан қабылданған нормалар Конституцияның және басқа заңдар талаптарына сәйкес өмірге келуі қажет.

  5. Құқық шығармашылықтың ғылымилық принципі нормативтік актілерді дайындау процесінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және т.б. жағдайларды зерттеп, қоғам қажеттілігінің шынайы дамуына әсер ету. Бұл қағиданың қандай дәрежеде екендігін әлеуметтік құқықтық эксперименттер, социологиялық сұрақтар, анкеталар т.б. арқылы тексеріледі.

  6. Құқық шығармашылықтың құқық қолдау тәжірибесімен байланыстағы принципі. Бұл жоғары заңдық күшке ие, жоғары заң шығару органы – парламенттің қабылдаған нормативтік құқықтық актілері. Ол заң шығармашылық қызметтің көрінісі.

Құқық шығармашылық процесі бірнеше сатыдан тұрады:
1.Заңды ұсыныс. Мемлекеттегі құқық шығармашылық өкілеттікке ие органдарға дайын нормативтік актінің жобасын немесе нормативтік актіні жариялау және қабылдау туралы ұсынуды. Заңды ұсыныс жасайтын субъектілер мемлекеттің конституциясында көрсетіледі.
2.Тиісті ресми өкілеттікке ие болған органдардың нормативтік актілер жобасын даярлауы, баспа бетіне жариялау және заң жобаларын іске асыру жұмыстарын жоспарға енгізу т.б. шешімдері жатады.
3.Заң жобаларын талқылау. Мұнда жобаның маңыздылығы, оның жалпы халықтық немесе ведомствалық екендігі анықталады және маңызды жобалар міндетті түрде халықтың талқылауына беріледі. Оған арнаулы ғалымдар мен мамандар қатыстырылып, құжаттағы қайшылықтар, олқылықтар жойылып, қажетті дәрежеге жеткізіледі.
4.Нормативтік актілер жобасын ресми өкілеттілікке ие болған органда қаралады.
5.Заңды қабылдау.
6.Қабылданған нормативтік актілерді баспа бетіне жариялап, оны тиісті орындарға жеткізу.
Құқық шығармашылық жеке заң нормалары жинақталған дара акті түрінде және нормалар жиынтығын құрайтын акті түрінде көрінеді. Сөйтіп, құқық шығармашылық дегеніміз қоғамдық мүддеге сай және әлеуметтік қажеттілікке байланысты құқық нормалар жүйесін құру, өзгерту және жоюға арналған мемлекеттік қызмет түрі.
Заң құқық сияқты өзінің ішкі құрылымына байланысты өз жүйесін құрайды.
Заңның құқықтан мынадай айырмашылықтарын атап кетеміз:
а) құқық жүйесінің негізгі элементі норма болса, ал заң жүйесінің негізгі элементі нормативті акті болып саналады.
ә) құқық жүйесі мазмұны жағынан жинақталса, ал заң жүйесі форма түрінде көрінеді.
б) құқық жүйесі қоғамдық қатынастарға сай шынайы түрде қалыптасса, заң жүйесі заң шығарушыға байланысты жасалынады.
в) құқық жүйесі бастапқы мәнге ие болса, ал заң жүйесі туынды болып саналады.
г) құқық жүйесінің заң жүйесінен көлемі жағынан да айырмашылығы болады.
Заң жүйесі тек заңдарды жинақтап реттесе, ал құқық жүйесі құқықтық салт – дәстүрлерді, нормативті актілерді, заң прецедентін қамтыйды. Сонымен бірге, нормаларымен қатар тараулардың, бөлімдердің, басылымдардың аттарын, преамбуланы т.б. өзіне енгізеді.
Әрбір мемлекетте толып жатқан түрлі құқықтық нормалар мен құқықтық нормативтік актілер болады. Пайдалануға ыңғайлы болуы үшін оларды үнемі белгілі бір жүйеге келтіріп отыру қажет. Мұндай қызметті "заңдарды жүйелеу" яғни құқықтық нормативтік актілерді нақты іс-тәжірибелерде пайдалану мақсатында оларды "тәртіпке салу" деген ұғымын білдіреді.
Заңдарды жүйелеу – бұл тәжірибеде лайықты пайдалану үшін нормативті актілерді ретке келтіру.
Заңдарды жүйелеудің негізгі үш түрі бар: 1) инкорпорациялау; 2) консолидациялау; 3) кодификациялау.
1.Инкорпорациялау – бұл белгілі тәртіппен нормативті материалдарды біртұтас жинаққа біріктіру және жинау. Ол алфавиттік, хронологиялық, субъектілер бойынша болуы мүмкін.
Инкорпорацияда нормативті материал толық немесе жеке бөлімдері бойынша әртүрлі жинақтарға енгізіледі. Бұл жағдайда актілердің мазмұны сол күйінде қалып, тек сыртқы көрінісі ғана өзгеріледі. Мұнда құқықтық нормалар одан алынып қайта қарауға жатпайды.
Инкорпорация – ресми, одан хронологиялық және тақырыптық және бейресми болып бөлінеді. Олардың әр қайсысының өз ерекшіліктері бар.
Ресми инкорпорацияның қайнар көзі мемлекет органдарынан шығатын ресми заң актілері. Бұл хронологиялық және пәндік болып бөлінеді. Бұлар ресми түрде жарияланған нормативті құқықтық актілердің арнайы тәртіпке келтірілуі. Пәндік ресми инкорпорация – жүйелеудің күрделі түрі. Ол мемлекеттік билік және басқарудың жоғарғы органдарының іс-әрекетіндегі нормативті актілерінің жинағы. Бұл қатал принциппен жинақталған тақырыптық бағыттағы жинақ.
Бейресми инкорпорацияға ведомстваларда, ғылыми мекемелерде басылатын, құқық шығармашылық орган тарапынан арнайы өкілеттілікке ие болмаған, бірақ өз ұсыныстары бойынша жүргізіліп, басылған жинақ жатады. Бұл жинақтар құқықтың қайнар бастауы ретінде саналмайды.
2.Консолидациялау – бұл қабылданған актілерді, олардың мазмұнын өзгертпей бір жүйеге біріктіру. Мұнда әрбір енгізілген акті өз маңызын жоғалтады. Бұл енгізілген нормативті актілердің қызмет түрінің белгілеріне қарай жинақталады. Мысалы, табиғатты қорғау, білім беру, денсаулық т.б.
3.Кодификациялау – бұл нормативті құқықтық актілердің мазмұнының өзгеріліп, біртұтас жүйеге біріктірілуі. Кодекстеу процесі кезінде ескірген нормалар, қайшы келетін материалдар алынылып тасталынып, жаңа нормативті акті жасалынады. Дәстүрлі ірі жинақталған акті кодекс болып табылады. Ол біртекті қоғамдық қатынастарды жан-жақты реттеуге арналады.
Кодификация - жүйелеудің ең күрделі және жетілдірілген түрі. Бұл күші бар заңдарды түбегейлі түрде ішкі-сыртқы мән-мағыналарын өңдеу барысында жаңартылған кодификациялық акті даярлау және қабылдау жөніндегі атқарылатын қызмет болып табылады.
Осындай кодификациялаудың нәтижесінде күші бар құқықтық нормалар бірлестірілген тұтас актіге жинақталады, оны тиісті мемлекеттік органдар қабылдап алады. Кодификациялаудың барысында арнайы нысанды негіздер, кодекстер, жарғылар, қағидалар және т.б. шығарылады. Мысалы, Конституция - басты кодификациялық акт. Бұлардан басқа қазіргі кезде Қазақстан Республикасында Азаматтық, қылмыстық істерді жүргізу, азаматтық істерді жүргізу жөне т.б. кодекстер (жинақтар) істер атқаруда күші бар актілер ретінде танылғандар. Кодификацияланған актілерге елімізде қазіргі кезде қолданыстағы "Жол жүру ережелері", "Темір жол жарғысы" және т.б. жатады.
Кодификациялық актілерде құқықтың белгілі бір салаларындағы әртекті қоғамдық қатынастарды тәртіптейтін түрлі құқықтық нормалар, институттар біріктірілген болып келеді. Бұл актілер өздерінің тұтастығы және орнықтылығымен ерекшеленеді. Ағымдағы барлық заңдар осы кодификациялық актіде тұтастыққа, орнықтылыққа қарай бағдарландырылған, әрі қатарластыра бағындырылған.
Кодификацияның айырмашылықтарын :өрсететін ерекшеліктері:
1. Кодификацияны тек өкілетті мемлеКеттік органдар ғана жүзеге асырады және ол ресми сипатта болады.
2. Кодификациялаудың нәтижесінде бірнеше актілер әр түрлі нормаларға біріктіріледі, сөйтіп түрі, мазмұны бойынша жаңа құқықтық акт жасалады. Оның мәтіні түп нұсқадағыдай ресми. Құқық қолдану органдары соған сілтеме жасауы тиіс.
3. Кодификация оқтын-оқтын жүзеге асырылып отырады, ол нормативтік материалдардың жиналып қордалануына және объективтік қажеттілікке байланысты жасалады.
Кодекстеу салалық және арнаулы болып екіге бөлінеді. Мысалы, салалыққа Қазақстан Республикасы азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасы әкімшілік кодексі, Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексі т.б. жатады.
Арнаулы кодекстерге Қазақстан Республикасы Су кодексі, Қазақстан Республикасы Орман кодексі т.б. жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет