Шаттық шеңбері
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал,қанекей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме апайлар!
Жарайсыңдар, балалар!
С.Қалиұлының «Үлгі» өлеңінен үзінді оқимын.
-Кім жек көрер мысықты
«Ылғый бетін жуады»
Деп, тәтеміз мысықты
Бізге үлгі қылды.
-Балалар, өлеңде не туралы жазылған.
-Ия,-балалар мысық ылғй бетін жуады, тазалықты сақтайды. Ал,сендер тазалықты жақсы көресіңдер ме?
-Таңертең жуынасыңдар ма?
-Немен жуынасыңдар?
-Сосын немен сүртінесіңдер?
-Тістеріңді жуасыңдар ма?
-Шаштарыңды тарап, айнаға қарайсыңдар ма?
-Таза болып жүргілерің келеді ме?
-Дұрыс, балалар тазалықты сүюіміз керек.Таза жүрсек ауырмаймыз.
Суретпен жұмыс
-Балалар, бізге таза болып жүруіміз үшін мынадай заттар қажет.
-мынау сабын,сүлгі,тарақ,тіс пастасы, тіс шеткасы осы заттарды қолдануға бізге не керек балалар.
-Ия, балалар су керек.Бізге тіс жуу үшін де, қол жууға да,басымызды жусақта,бет жусақта бізге су керек.
-Сүлгімен біз балалар не істейміз?.
-Қолымызды,бетімізді сүртеміз.
-Тіс щеткасымен тіс тазалаймыз.
-Тарақпен шаш тараймыз. -Айнаға қараймыз.
-Сабынмен қол, бет жуамыз.
Түрлі микроптарды кетіру үшін.
Сергіту сәті
Таңертең тұрамын,
Бетімді жуамын,
Тісімді тазалаймын,
Шашымды тараймын
Тап-таза боламын.
Ғажайып сәт
Үсті,беті кір қожалақ пен тазалық келеді.
-Саламатсыңдар ма балалар.
Тәрбиеші:
Жалқаубек сен қайдан келе жатырсың.
Жалқаубек:
-Мен тазалықтан қашып келемін. Менің қарным ашып тұр. Менің ас ішкім келеді.
Тәрбиеші:
-Жалқаубек ас ішуден бұрын сен беті қолыңды тазалап сосын ішуің керек.
Тазалық:
Жалқаубек маған қара мен әдемі таза болып жүремін. «Тазалық таза баланың досы»
Жалқаубек:
Жарайды мен жуынайын,сосын тамақ ішем бе?
-Балалар, жалқаубектің беті,қолы таза болу үшін қандай тазалық заттарын пайдаланамыз?
-Кане, балалар онда көмектесейік.
- Балалар, жалқаубек таза болды ма?
Жалқаубек:
-Балалар мен енді ылғый таза жүруге тырысамын енді жалқау болмаймын.
Сау болыңдар!
-Балалар, келіңдер ойын ойнап көңілденіп алайық.
Д.О. «Қайсысы тазалық заты емес?»
Суреттен артық затты табады.
|