Ел тарихын білесің бе?
Мақсаты: ойын барысында оқушылар Қазақстан тарихы пәнінен түрлі тапсырмалар мен сұрақтарға жауап бере отырып, қазақ хандығының құрылу тарихымен танысады, қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке деген ұмтылысы, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалар, мәдениет төңірегіндегі сауалдарға жауап бере алады, оқушының ойлау қабілетін дамытып, тарих пәніне деген қызығушылығын арттырады;
Түрі: «Ел тарихын білесің бе?» атты зияткерлік ойыны
Ойын барысында оқушылар сыныптар бойынша топтастырып, 6 - оқушыдан үш топқа бөлінеді. Әр топтан бір - бір капитан сайланады. Әрбір орындалған тапсырма 5 - 10 балдық жүйемен бағаланады.;
І кезең «Миға арналған жаттығу» Командаларға 7 - сұрақ қойылады, көп ұпай алған команда ойынды бірінші бастауға мүмкіндік алады. Бұл кезеңде оқушының ойын жинақтау мақсатында төменгі сыныптарда өткен материалдар қамтылады:
1. Қожа Ахмет Йасауидің «Даналық кітабы» қай тілде жазылған? /араб/
2. Грек тарихшысы Геродот сақтарды қалай атаған?/массагеттер/
3. Қаңлы тайпаларының астанасы болған қала? /Битянь/
4. Сақ қоғамы неше топтан тұрады? /3 топтан, абыздар жауынгерлер, малшылар мен егіншілер/
5. «Теле» сөзінің мағынасы нені білдіреді? /Түрік/
6. «Ұлы Жібек жолы» қайдан басталады?/Қытайдағы Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан/
7. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған данышпан, ұлы ойшыл, ғалым кім еді?
ІІ кезең «Ел тарихының білгірлері» бұл кезеңде әр топқа ел тәуелсіздігіне байланысты үш сұрақ қойылады:
І топ:
1. Қазақстан қашан өз тәуелсіздігін жариялады? /1991 жыл, 16 - желтоқсан/
2. Қазақстан республикасының рәміздері қабылданған жыл? /1992 жыл/
3. Астананың тұсаукесері қай жылы өтті? /1998 жыл, 10маусым /
ІІ топ:
1.«Тәуелсіздік монументінің» ұшар басындағы бейнелер? / алтын адам және жолбарыс/
2. Бүкілхалықтық Президент сайлауы қай жылы өтті? /1991 жылы, 1 желтоқсан/
3. Қазақ елінің тұңғыш астанасы болған қала? /Орынбор/
ІІІ топ:
1. Тұңғыш қазақ даласынан ғарышқа аттанған кім, қай жылы?/Т. Әубәкіров, 1991 жыл 2 - қазан//
2. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін түсірілген, қазақ тарихынан мағлұмат беретін фильм? /Көшпенділер/
3. Қазақстан Республикасының Ата Заңы неше бөлім, неше баптан тұрады?/9 бөлім, 98 бап /
Достарыңызбен бөлісу: |