Бекітемін : Мектеп директоры: И. Омарбеков Кемелұлы атындағы жалпы орта мектебінде желтоқсан айының


« Атажұрт» – тарихи танымдық интелектуалдық сайыс



бет6/8
Дата03.12.2023
өлшемі43,45 Kb.
#194797
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Тарих апталығы

« Атажұрт» – тарихи танымдық интелектуалдық сайыс.
Сабақтың мақсаты: «Қазақстан тарихы» пәні бойынша өткен тақырыптарын қайталай отырып, тарих пәнінен алған білімдерін сарапқа салу
Сайыс формасы: «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысы негізінде.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, нақыл сөздер
Жоспары:
1. «Бәйге» бөлімі
2. «Көкпар» бөлімі
3. «Ғажайып алаң» бөлімі
4. «Ғажайып жетілік» бөлімі
5. «Жорға» бөлімі
Барысы:
І жүргізуші: Жас достар! Кең байтақ туған жерімізде VI ғасырдан ХХ-шы ғасырға дейін уақыттағы тарихи оқиғалар, шежіре туралы жыл бойында таныстық. Міне, бүгін осы білімімізді зерделей келе, Қазақстан тарихынан «Ең білгір» оқушыны анықтауымыз керек.
ІІ жүргізуші: Олай болса, бәріңізге жалпы 5 сұрақ беріледі. Білетіндеріңіз қолдарыңыздағы жалаушаны жылдам көтерулеріңіз қажет. Сұраққа дәл, жылдам жауап берген оқушы ғана додаға қатысады.
І жүргізуші: Құрметті сайыскерлер, ойларыңызды жинақтап, «Білімді мыңды жығар» дегендей білгендеріңді салмақтап, дұрыс жауап береді деген ойменен сайысымызды бастаймыз.
ІІ жүргізуші: Сайысымыздың бірінші бөлімі – «Бәйге». «Бәйгеде» сіздердің әрқайсысыңызға 5 сұрақтан қойылады Дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі. Әділқазылар алқасы есептейді.Әр дұрыс жауап 1ұпаймен есептеленеді.
І жүргізуші: 1 – ші сайыскерге сұрақтар:
1. «Қазақ» атауының біржола этникалық сипатқа ие бола бастауы қай ғасыр ? (ХҮ ғ ІІ жартысы)
2. Дешті Қыпшақ үшін «Сауда аймағы» болған қала? (Сығанақ)
3. Түркі тілдес тайпалардың ортақ атауы ? (Теле)
4. Түрік қағанаты екіге бөлінген жыл ? (603ж)
5. «Жеті Жарғы» заңы бойынша кімдер қылмыстық жауапқа тартылмаған?
(13 жасқа толмағандар)
ІІ жүргізуші: 2 – сайыскерге қойылатын сұрақтар:
1. 1456 жылы Қазақ хандығының негізін салушы хан? (Керей)
2. Орхон – Енисей, Талас – Шу өзендерінің бойынан табылған түрік жазбалары? («Күлтегін», «Тоныкөк»)
3. Жамбыл қаласының батысында 18 км жерде орналасқан кесене?
(Айша — бибі)
4.«Түрік тілдерінің сөздігі» еңбегінің авторы? (М.Қашқари)
5. ХVІ ғ басында Қасым ханның тұсында халықтың саны қаншаға жеткен
(1 млн)
І жүргізуші: 3 – ші сайыскерге қойылатын сұрақтар:
1. Біздің жерімізде ерте орта ғасырларда ірге тіккен алғашқы феодалдық мемлекет? (Түрік қағанаты)
2. «Түріктің көк ханының теңгесі» деген соғды жазумен жазылған теңгелер табылған қала? (Тараз)
3. Сары және қара түргештердің арасындағы күрес қанша жылға созылды? (20 жылға)
4. Математик, философ, ғалым Отырар қаласында дүниеге келген?
(Әбу Насыр әл — Фараби)
5. «Даналық кітабы» еңбегінің авторы (Қожа Ахмет Иассауи)
ІІ жүргізуші: 4 – ші сайыскерге қойылатын сұрақтар:
1. Қазақ жүздерінің құрылуы туралы жазған ғалым? (Шоқан Уәлиханов)
2. Батыс Жетісуды құтты мекен ете отырып, Керей мен Жәнібек сұлтандар қазақ хандығының ұлттық туын тіккен жер? (Қозыбасы)
3. Көне түрік әліпбиі қанша әріптен тұрады? (35)
4. Бірнеше рудан құралған арысты басқарған кім? (би)
5. ХІҮ – ХҮ ғ сәулет өнерінің басты бір ескерткіші -Ұлытаудағы кесене
(Алаша хан кесенесі)
І жүргізуші: 5 – ші сайыскерге қойылатын сұрақтар:
1. Әбілхайыр ханның үстемдігіне қарсы шыққан қазақ тайпаларының басын қосып, Жетісуға, Моғолстанға қоныс аударған (Керей, Жәнібек)
2 Ислам дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдаған Қарлұқ қағаны?
(Сатұқ хан)
3.«Қорқыт ата» кітабы неше жырдың қосындысынан тұрады? (12)
4. Қазақтар үшін астрономиялық сағат (Жетіқарақшы)
5. «Шежірелер жинағының» авторы? (К. Жалаири)
ІІ-жүргізуші.6-шы сайыскерге қойылатын сұрақтар:
1.Қазақстанның ең биік шыңы (Хан тәңірі)
2. Қазақстанның 1920 ж астанасы (Орынбор) 
3. Кенесары көтерілісі (1837-1847) қай жылдарда болды.
4.Қазақстан Республикасының халық саны (15 млн жуық) 
5.Қазақ халқының бес арысы қашан аяқталды? (1988) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет