6
|
Ақпан
|
Топтағы психологиялық климатты зерттеу.
|
«Екі үй», «Теңізге саяхат» әдістемелері арқылы «Қарлығаш», «Құлыншақ» топтарының психологиялық климатын анықтау.
|
«Сипайы сөздер», «Айна», « Кім жоқ?»
атты психокоррекциялық ойындар ойнату. Балаларды бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрету.
|
Ата-аналарға арналған психологиялық кеңес:
«Егер бала бойын қорқыныш билесе...»
Тәрбиешілерге топтың психологиялық климаты және диагностика нәтижелері бойынша кеңес беру.
|
7
|
Наурыз
|
Оқу жылының екінші жартысында баланы психологиялық тұрғыдан даму дәрежесінің жеке бағдарлама мен жас шамасына сәйкес келуін қайта тексеру.
|
Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке психологиялық дамуын сипаттауға және анықтауға бағытталған диагностикасы.
Екінші қайтара диагностика.
|
Тәрбиешілер арасында іскерлік ойын ұйымдастыру.
«Менің кәсіптік дамуымның бағдары».
|
Топтарда жүргізілген психодиагностикалық жұмыс нәтижелерімен
әкімшілік мұшелерін және топ тәрбиешілерін таныстыру, анықтамалар ұсыну.
Психолог бұрышында «Бала тәрбиесінде жіберілетін он қателік» атты психологиялық кеңес беру.
|
8
|
Сәуір
|
«Құлыншақ» тобында мектепке кететін балалардың мектепке дайындығының психологиялық даму деңгейін анықтау.
|
«Құлыншақ» тобы балаларының мектепке оқуға психологиялық дайындығы. Балалардан тест алу.
|
«Құлыншақ» тобы балаларымен мектепке бейімделмеудің алдын алуға арналған психокоррекциялық ойын-жаттығулар ойнату. «Біз мектепке барамыз», «Оқу құралдарын ата»,
Мазмұнды- рөльді ойын: «Мен оқушымын».
|
Ата-аналарға балалардың мектепке жеке тұлға ретінде психологиялық дайындығының нәтижелері, диагностика қорытындылары туралы кеңес беру. Тақырыбы: «Балаңыз мектепке дайын ба?»
|
9
|
Мамыр
|
2020-2021 оқу жылында істелінген жұмыстарға есеп беру.
|
Ата-аналардан «Оқу жылында ата-аналардың балабақша жұмысына қанағаттанғандық деңгейі» атты сауалнама алу.
Педагогикалық ұжымды ата-аналардан алынған сауалнама нәтижелерімен таныстыру және талдау жасау.
|
«Құлыншақ» тобы балаларын мектепке шығарып салу.
Оқу жылы ішінде жіберілген қателіктерді жою, жаңа оқу жылына алға қоятын міндеттер туралы педагогтармен пікір алмасу.
|
МДҰ-ның оқу жылында істелінген жұмыстарын тәрбиеші педагогтармен және әкімшілік мүшелерімен бірге талдау жасау, қорытындылау. Балабақша жұмысының сапасын арттыру жолдарын қарастыру.
|