2.2 Пән/модульдің саясаты: оқу үрдісін кезекті және мақсатқа бағытталған түрде жүзеге асыруға негізделген. Оқытушылардың студенттерге қойылатын талаптары медициналық колледжде оқудың жалпы қағидаларына сәйкес негізделіп жасалған:
Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде, үнемі қатысу.
Дәріске міндетті түрде қатысу. Рейтинг есептеген кезде жіберілген әрбір дәріс (1 сағаттық) 1 балл шегеріледі.
Орындау түрі әркелкі болатын СӨЖ-ң 4 түрін міндетті орындау.
Студент СӨЖ-н тақырыптық жоспарға сәйкес сол тарау бойынша аралық бақылауға дейін 1 апта бұрын тапсыру керек.
Аралық бақылауды тақырыптық жоспарға сәйкес тапсыруы тиіс. Аралық бақылау теория бойынша сұрақтарға жауап беруден және тәжірибелік дағдыларды (зертханалық жұмыстарды орындау және безендіру) тапсырудан тұрады.