2. Баға белгілеуді мемлекеттік реттеу әдістері. Бағаларды мемлекеттік реттеудің тікелей және жанама әдістері қолданылады. Қалыптасқан бағалар деңгейіне мемлекеттің тікелей араласуы – бұл бағалар қозғалысы, құрылымы, деңгейін қалыптастыруға, баға белгілеудің белгілі бір ережелерін бекітуге мемлекеттің қатысуы. Баға белгілеу процесіне мемлекеттің тікелей араласу формалары:
Баға белгілеуге жанама араласу әдістері нарықтағы тауар ұсынысын кеңейтуге, тұрғындар табысын басқаруға, өндірілетін және тұтынылатын өнімдерге салықты реттеуге жағдай жасайтын тәсілдер мен әдістер жиынтығының қолданылуымен қамтамасыз етіледі.
Баға белгілеуді жанама реттеу әдістеріне келесілер жатады:
Тұтыну тауарларын өндіруді, тұрғындарға көрсетілетін қызметтерді кеңейтуді, мемлекеттік бюджет есебінен тұрғын үй құрылысын көбейтуді дамыту бойынша арнайы үкіметтік бағдарламаларды жасау